Ордабасы ауданы әкімі аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды

Ішкі конкурсқа қатысушыларға арналған ортақ біліктілік талаптары:  

 

Е-3 санатына: жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;**

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

 

** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

 

Е-G-3 санатына:  Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай  құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

СанатЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
Е-3102 437138 249
E-G-369 95794 108

 

І.  Ордабасы ауданы әкімінің аппараты

160600 Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Т.Рысқұлов көшесі № 14 үй.

Анықтама үшін  тел: 8 (725-30) 2-12-85, тел/факс 8 (725-30) 2-12-41 эл. почта Personal_ordabasy@mail.ru

 

  1. Ордабасы ауданы әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы (санаты Е-3), 1 бірлік.       

      Функционалдық міндеттері: Өз құзыретi шегiнде жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша және мемлекеттік қызмет көрсету қызметтері  бойынша бөлімнің жұмысын үйлестіру және бақылау, әрі оған басшылық жасайды.Жергілікті атқарушы органдармен  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру және оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Бөлім құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарылату, мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсетулерді әзірлеу, дамыту және жетілдіру бойынша техникалық құжаттарды және/немесе техникалық ерекшеліктерді келісу және бекітуді қамтамасыз етеді. Ұйымдастыру-нормативтік құжаттарды құрастыруға қатысады, мемлекеттік қызмет көрсету жағдайы туралы талдау жазбаларын дайындайды. Жергілікті атқарушы органдардың  ақпараттық қауіпсіздігі, ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігін және бақылауды ұйымдыстыру жұмыстарын үйлестіреді. Болашақта ақпараттық қауіпсіздікке қауіп төндіруді  ескерту, анықтау, шектеу,жою және тыйым салу үшін техникалық, әкімшіліктік және тәртіптік шаралардың жиынтығын әзірлеуге қатысады. Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметтерін үйлестіреді және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамассыз етуге мониторинг  жүргізеді. Ақпараттық қауіпсіздік саясатын құрастырады және Әкімдіктің бақылау техникалық құрал-жабдықтарын дамыту болашағын анықтайды.Әкімдіктің құпия ақпаратына рұқсатсыз қолжетімділікті болдырмайтын немесе қиындататын жаңа техникалық және бағдарламалық, математикалық жабдықтарды құрады және енгізеді. Ақпараттық жүйелер және ресустарды қорғау саласында ақпарат қауіпсіздігін нығайту, нормативтік-құқықтық және әдістемелік қорды жетілдіру, ақпарат қауіпсіздігінің бірыңғай саясатын қамтамасыз ету. Әкімдіктің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне ақпараттық қауіпсіздік сұрақтары бойынша тәжірбиелік және әдістемелік көмек көрсетеді. Серверлік ғимараттың күйін, пайдалану шарттарын және физикалық периметрін тексереді. Серверлердің резервтік көшірмесі істелуін жүргізу және резервтік көшірмелердің ағымдағы күйін тексереді. Профилактикалық шараларын жургізу және ақпараттық қауіпсіздік күйін тексереді. Ақпаратық жүйедегі осал тұстарды анықтау мен оларды жою жұмыстарын үйлестіреді. Ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, жергілікті есептеу желісінің, серверлік және басқа да құрылғылар бойынша қызмет көрсетуші ұйымдардың өзара әрекеттесу мен олардың жұмысын үйлестіреді.Бөлімнің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша хат жобаларын және ақпаратты дайындау.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды.Көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолданады; Мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді; Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қолданады; Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді; Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді; Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына береді; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүргізеді; Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын сақтауын қамтамасыз етеді.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар,  ауылшаруашылық ғылымдар, қызмет көрсету  мамандықтары.

 

  1. Ордабасы ауданы  Төрткөл  ауыл  округі  әкімі  аппаратының  бас маман- статист, (санаты   Е-G-3, №18-1-11),  1 бірлік.

          Функционалдық міндеттері: Ауыл округінде статистика саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жетілдіру жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру. Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес есеп нысандарын мерзімінде және көлемінде жинақтауды, оларды сараптауды және статистикалық ақпараттардың тапсырылуын жүзеге асыру. Статистикалық есеп нысандарын жинақтауда әдістемелік нұсқаулықтардың орындалуын іске асыру. №1 нысандағы шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарын жүргізу. №1 нысандағы шаруашылық және №2 шаруа (фермер) шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарының дұрыс жүргізілуіне және түзілген статистикалық есептіліктердің сәйкестігіне  жауаптылықта болу.  Аппараттағы ақпараттық жүйедегі жұмыстарды жүргізу, жаңа ақпараттық технологиялар бойынша іс-шараларды (бағдарламаларды) іске асыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Электрондық құжат айналымы біріңғай жүйесіндегі жұмысты ұйымдастыру. Сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) талабына сәйкес құжаттар ресімдеу және жұмыстар жүргізу. Техникалық база мен ақпараттық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігінің нақты есебін жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес (статистика, экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару), құқық (құқықтану).

 

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Ордабасы ауданы әкімдігінің бірыңғай конкурс комиссиясына мынадай құжаттар тапсырады:

1) Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күніненбұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізеді, оған оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметiнің құқықтық негіздерін, сондай-ақ оның жұмысын ұйымдастыру тәртібiн белгілейтін заңда айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы. Адам мемлекеттік әкімшілік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге де жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шықпаса, ішкі конкурстың қорытындылары бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға құқылы.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап үш жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекен-жай бойынша сәйкесті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішіндеолардың тиісті «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылған біліктілік талаптарына сәйкестігі мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен  бастап бір жұмыс күн ішіндеәңгімелесу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Ордабасы  ауданы әкімі аппаратында өтеді.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссисымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте акредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысады және тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламенті және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

Ордабасы ауданы әкімдігінің ресми сайты: www.ordabasy.ontustik.gov.kz

 

Ордабасы ауданы  әкімдігінің бірыңғай

конкурстық комиссиясы.

Back to top button
Close