Ордабасы ауданы әкімі аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды

Ішкі конкурсқа қатысушыларға арналған ортақ біліктілік талаптары:  

Е-R-2 санатына:  жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

 

** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

СанатЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
Е-R-2127 421172 394

 

І.  Ордабасы ауданы әкімінің аппараты

160600 Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Т.Рысқұлов көшесі № 14 үй.

Анықтама үшін  тел: 8 (725-30) 2-12-85, тел/факс 8 (725-30) 2-12-41 эл. почта Personal_ordabasy@mail.ru

 

  1. Ордабасы аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары, (санаты Е-R-2, №27-1-1),  1 бірлік.

    Функционалдық міндеттері:  Бөлім басшысына бағынады және қызметі бойынша бұйрықтар мен  тапсырмалар алып, мерзімде орындайды, еңбек тәртібін сақтайды. Бөлім басшысы жұмыста болмаған кезде міндетін атқарады, орнына бұйрықтарға,        құжаттарға қол қояды. Бөлімнің үйлестіру жұмыстарын жүргізеді, бөлімге түскен арыз шағымдарына мерзімде жауап беруін қадағалайды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытынды жылдық, тоқсандық, айлық талдауларын жасайды. Ауданның орта мерзімді жоспарын әзірлейді, аудан бюджетінің жобасын жасауға қатысып, жинақтап, бөлім басшысына ұсынады. Ауданды дамыту жоспарын, экономикалық және әлеуметтік дамыту бағдарламаларын жинақтап, әзірлейді. Жергілікті бюджет саясатын одан әрі жетілдіру, бағдарлау мен реформалауға ұсыныстар береді және қарайды. Жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақталуын қадағалайды. Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша алынған қаражатын пайдаланудың тиімділігін жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар береді. Коммуналдық меншікті, құрылыстар немесе басқа да мүліктерді сенімді басқаруды, сату жөніндегі жұмыстардың заңдылығы жөнінде, мүліктік жалға  беру жөніндегі жұмыстарды  атқарады, коммуналдық меншікті жалға беруді келісім шарттарын рәсімдеу жұмыстарын ұйымдастырып, қадағалайды және  рәсімдеу құжаттарына қол қояды. Аудандағы мемлекеттік сатып алулардың есептілігін және мониторинг жүргізу, методикалық көмек көрсету, өткізілген мемлекеттік сатып алуларды талдау жұмыстарын үйлестіріп, басшылық жасайды. Алдын алу сату объектілерін дайындау, оның ішінде экспертиза және жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктің бағасын шығару, сату, келісім шарттар жасауды ұйымдастырып, қадағалайды. Жергілікті бюджеттің қаржысын тиімді пайдалану мақсатында аудандағы мемлекеттік сатып алу процессін үйлестіру, бақылау және мониторинг жүргізу. Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) жоспарын жинақтауды қамтамасыз етеді. Тапсырыс берушілерге мемлекеттік сатып алу бойынша методикалық және үйымдастырушылық көмек көрсетеді, өткізілген мемлекеттік сатып алуларға талдау жасайды. «Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі», «Мемлекеттік мүлікті жалға алу шарттары тізілімі»  бағдарламалық өнімдермен жұмыс істеу жұмыстарын ұйымдастырып, есептіліктерін мерзімдерінде ұсынуды қамтамасыз етеді. Аудан әкімдігінен, жоғары деңгейдегі мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелерден және шаруашылық субъектілерден келіп түскен бюджеттік реттеу және қаржыландыру бойынша ұсыныстарға, хаттарға қорытынды дайындайды. Коммуналдық меншікті басқару жөніндегі жұмыстарды атқарады. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі есептіліктің мерзімде берілуін қадағалайды, мониторинг жүргізеді. Бөлімге келіп түскен бюджетік реттеу және қаржыландыру бойынша ұсыныстарға, хаттарға қорытынды дайындайды. Жеке азаматтардан келіп түскен шағымдар мен арыздарға заңға сәйкес жауап береді. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа міндеттер.  Lotus Notes бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізу, секторлардың жұмыстарын қадағалайды, бөлім қызметкерлеріне практикалық  және методикалық көмек көрсету, қызмет этикасын, еңбек және орындау тәртібін сақтауын қадағалайды. Экономика және қаржы салалары бойынша жиналыс  отырыстарын, семинар-кеңестерді үйлестіру жұмыстарын жүргізеді, бөлімнің әкімшілік-шаруашылық жұмыстарын үйлестіріп, жүргізеді.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес (экономика,  қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару).

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделінеқатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралықұжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі  ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнде  көрсетілген мекен жайға тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органда, яғни ОҚО, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, №14 үйде өтеді.

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізеді, оған оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметiнің құқықтық негіздерін, сондай-ақ оның жұмысын ұйымдастыру тәртібiн белгілейтін заңда айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жолдамасы бойынша олардың қызметкерлерінің кандидаттармен әңгімелесуіне және конкурс комиссиясының қорытынды отырысына қатысуға жол беріледі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

__________________________

(мемлекеттік орган)

Нысан

 

Өтініш

Мені________________________________________________________________

____________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және

орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

 

________                                                ____________________________________

(қолы)                                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

Back to top button
Close