Ордабасы  ауданы, Шұбарсуауылындағы атауы жоқ көшелергеатаулар  беру туралы

ЖОБА

Ордабасы  ауданы, Шұбарсуауылындағы атауы жоқ көшелергеатаулар  беру туралы

«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пiкiрiн ескере отырып және Оңтүстiк Қазақстан облысы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 27қыркүйектегі қорытындысы негiзiнде, ауылдық округ әкiмiШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылыныңатауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

Шұбарсу ауылы №6 көшесіне- Ізгілік көшесі деп;

Шұбарсу ауылы №7 көшесіне- Астана көшесі деп;

Шұбарсу ауылы №8 көшесіне- Парасат көшесі деп;

Шұбарсу ауылы №9 көшесіне- Қазына көшесі деп;

Шұбарсу ауылы №10 көшесіне- Арай көшесі деп;

Шұбарсу ауылы №11 көшесіне- Қайнар көшесі деп;

Шұбарсу ауылы №13 көшесіне- Наурыз көшесі деп;

Шұбарсу ауылы №14 көшесіне- Ұлытау көшесі деп;

Шұбарсу ауылы №15 көшесіне- Қаратау көшесі деп;

Шұбарсу ауылы №16 көшесіне- Нұрлы көшесі деп;

Шұбарсу ауылы №17 көшесіне- Сарыарқа көшесі деп;

Шұбарсу ауылы №18 көшесіне- Қазығұрт көшесі деп;

Шұбарсу ауылы №19 көшесіне- Алатау көшесі деп;

Шұбарсу ауылы №20 көшесіне- Игілік көшесі деп атаулар берілсін.

  1. «Шұбарсу ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынаҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күніненбастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ордабасы ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Ордабасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды  өзіме  қалдырамын.
  2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


Шұбарсу ауыл округі  әкімі                                         А.Абдрахимов

Back to top button
Close