Сот шешімімен Ордабасы ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтардыбасқару қағидаларын бекіту туралы

ЖОБА

 Сот шешімімен Ордабасы ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтардыбасқару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес сот шешімімен Ордабасы ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқаруқағидаларыбекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы                                             Т.Ибрагимов 

 

Аудандық мәслихаттың
хатшысы                                                                    Б.Садвахасов  

Back to top button
Close