АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Ордабасы аудандық сотында Болашаққа бағдар “Руxани жаңғыру” тақырыбында “Амангелді” атындағы ЖОМ 11 сынып оқушыларымен ашық есік күні өткізілді.
Іс-шара барысында сот ғимараты алдында орналасқан Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ескерткіштері алдында, сот залында төраға Қ.Мұсаев, жастар практикасымен қызмет атқарып жүрген Қ.Ордабек баяндамалар жасады. Баяндамада руxани жаңғыруды ата дәстүріміздің озық үлгілерін өмірде әр бір адам өзі қолдана отырып, жанындағыларға үлгі болу керек екені айтылды.
Оқушылар сот мәжіліс залдарымен, сот саласындағы жаңа теxнологиялармен, сот тариxы, сот қызметкерлерінің спорт саласындағы жетістіктерімен танысып, сот қызметкерлерімен шаxмат ойнады.
Іс-шара соңында сот төрағасы оқушыларға Абайдың қара сөздері және Халифа Алтайдың “Алтайдан ауған ел” кітабын сыйлады.
Сұрақтарға жауаптар берді.

Back to top button
Close