Ордабасы аудандық экономика және қаржы бөлімінің 2017 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстары туралы

ЕСЕБІ

2017 жылдың 11 айымен барлығы – 3140  хат кіріс болып, дер кезінде жауап берілді, оның ішінде:

жоғары органдардан –1165 ;

аудан мекемелері мен ауыл округі әкімі аппараттарынан – 1975.

Бөлімнен шығыс етілген хаттар осы жылдың 11  айында  1047 хатты құрады.

Одан бөлек 2017 жылы 11 айында 23 арыз-шағым түсіп, барлығына мерзімде Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес түсіндірме жолданды.

2017 жылдың 11 ай
1. Кіріс3140
       Оның ішінде:
–          Жоғарғы органдардан1165
–          Аудан мекемелері мен ауыл округі әкім аппараттары 

1975

      2. Шығыс1047
3. Арыз, шағымдар23

 

Жалпы бөлім 10 бағдарламалық өніммен жұмыс жүргізеді.

  • «ПАРУС-Каз» бюджеттік қаржыландыру;
  • «ПАРУС-Каз» бюджеттік жоспарлау;
  • «ЕССО» бағдарламасы;
  • «1С-Кәсіпорын» бағдарламасы;
  • «1С-Салық» бағдарламасы;
  • «Госреестр» ақпараттық жүйесі;
  • «Қазынашылық клиент» ақпараттық жүйесі;
  • «Е-минфин» ақпараттық жүйесі;
  • «Ашық бюджеттер» ақпараттық жүйесі;
  • «Бюджеттік мониторинг» бағдарламасы.

 

Қолданыстағы заңнамаларға және бөлімнің бекітілген ережесіне сәйкес негізгі міндеттері:

1)ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

2) аудан  бюджетінің атқарылуы туралы есептерін дайындау;

3) заң актілерінде анықталған өкілеттілік шегінде аудандық коммуналдық меншікті басқару саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

4) Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен жүктелген басқа да міндеттер.

Осыған байланысты тұрақты түрде бөлім тарапынан:

  • ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытынды материалдарын дербес бөлімдерден, мекемелерден, статистикалық көрсеткіштердер жинақтап, қорытындысын шығарып, аудан әкімдігінің қарауына ұсынылып, қаралуда;

–   Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы «Ордабасы ауданның 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы» №432 қаулысы және  аудандық мәслихаттың 2016 жылығы 22 желтоқсандағы №8/18 шешімі шыққан. 2017 жылдың 10 айы қорытындысымен индикаторлық көрсеткіштерге талдау  жасалынып, нәтижесінде:

Ауыл шаруашылығы бөліміне қатысты (1 нысаналы индикатор, 2 түпкілікті нәтиже көрсеткіштері). Атап айтқанда:

  1. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 30 млрд. 412 млн. 700 мың теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4 пайызға артты (облыс – 102,4%, 14 орын) (Жылдық жоспар – 104,3%).
  2. Мал шаруашылығы (99,8%-15 орын) 0,2 пайызға төмендеген (Жылдық жоспар – 104,0%).
  3. Өсімдік шаруашылығы (100,9%) 0,8 пайызға жоғарлаған (Жылдық жоспар – 102,0%).

 

Кәсіпкерлік бөліміне қатысты (3 нысаналы индикатор, 2 түпкілікті нәтиже көрсеткіштері). Атап айтқанда:

  1. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 13 млрд. 844 млн. 579 мың теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,3 пайызға артты (облыс – 101,2%, 11 орын) (жылдық жоспар – 104,8%). Облыстағы үлесі 2,0%.
  2. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 12 млрд. 570 млн. 600 мың теңгені құрап, 3,5 пайызға артты (жылдық жоспар – 15 млрд. 063 млн. 500 мың тг.).
  3. Облыстың негізгі капиталына салынған жалпы инвестициялар көлеміндегі аудан/қала инвестициясының үлесі индикаторы 2017 жылға жоспары 3,3%-ға бекітілгенімен оны орындауға мүмкіндік аз. Бұл бойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімі облыстың салалық басқармасымен жұмыс жасауда (2,4%).
  4. Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны (2015 жылға) үлесі жылдық жоспар 114,7% болса, нақты 39,5% орындалды. Жыл соңымен орындалмау қауіпі бар.
  5. Шикізаттық емес секторының негізгі капиталға салынған инвестицияның 2015 жылға өсуі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда) жылдық жоспар 110% бекітілген болса, орындалуы 15,8% құрады. Жыл соңымен орындалмай қалу қауіпі бар.

Ауданның 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасында 2017 жылға 6 бағыт бойынша 40 нысаналы индикаторлар (НИ), 70 түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері (ТНК) жоспарланған. Оның ішінде 2017 жылдың қорытындысымен объективті себептермен орындалмайтын 3 нысаналы индикатор және 18 түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінің жоспарына өзгеріс енгізілді;

  • аудан бюджетін жоспарлау барысында барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау, комиссияға ұсыну, жоспарларын бекіту, оны іске асыру жұмыстарын тұрақты жүргізілуде;
  • аудан бюджетінің кірістерінің орындалуына тұрақты мониторинг жасалынуда;
  • ауыл округі әкімдерінің атқарылып отырған жұмыстарына 10 көрсеткіштер (кесте) бойынша тоқсанына бір рет рейтинг көрсеткіштері бойынша бағалау жүргізіп, қорытындысы әкімдікке шығарылуда;
  • бюджетке әрбір өзгерістер енгізілген сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығы басшылыққа алынып, жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Анықтамалар түзу барысында бюджеттің кіріс және шығыстарының тепе-теңдігі сақталуы назарға алынуда;
  • аудан бюджетінің орындалуы туралы ай сайынғы, жылдық есептіліктер, мониторинг қорытындылары Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес тиісті органдарына мерзімінде жолданды;
  • бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржылары нақтыланған жағдайда стратегиялық жоспарды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларын, жоспарларын қайта қарап, нақтылауға ұсыну жұмыстарын үйлестірдік;
  • 2017 жылдың 11 айында коммуналдық тұрғын үй емес жайларды жалға беру жөнінде 74 келісім-шарттарды рәсімдеп, коммуналдық меншіктегі мүлікті жалдаудан 3 145,0 мың теңге түсті;
  • бос тұрған ғимараттарға талдау жасалынып, оны тиімді пайдалану жөнінде аудан әкімдігіне және облыстық қаржы басқармасына ұсыныстар берілуде;
  • аудандық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бекітілген қаржыландыру жоспарларына сәйкес мемлекеттік сатып алулар бойынша мониторинг жасалынып, есептілігі тұрақты облыстық қаржы басқармасына ай сайын берілуде;
  • ауданның меншігіндегі мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың және ЖШС-ң қаржы шаруашылық есептері алынып, ЕССО бағдарламасына енгізіліп, облыстық қаржы басқармасына тоқсан сайын мерзімінде ұсынылуда;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы «Жекешелендірудің 2016–2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» №1141 қаулысына сәйкес, «Темірлан» және «Қараспан» ЖШС-і электрондық аукцион тәсілімен сауда саттыққа шығарылды нәтижесінде «Қараспан» ЖШС–і 2 286 мың теңгеге, «Темірлан» ЖШС-і 549,7 мың теңгеге сатылды.
  • «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №72 бұйрығына сәйкес, 2017 жылдың 11 айында көтерме жәрдемақы алуға өтініш білдіріп құжат өткізген денсаулық сақтау, білім беру және агроөнеркәсіптік кешен саласында жұмыс істейтін 111 маманның құжаттары комиссия отырысында қаралып, оның ішінде 11 маманның құжаттары талапқа сай болуына байланысты комиссия отырысында оң шешімін тапты, ал 100 маманның құжаттары талапқа сай болмауына байланысты оң шешімін таппады. Сонымен қатар, 2017 жылдың 11 айында тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алу үшін өтініш білдіріп құжат өткізген денсаулық сақтау, білім беру және агроөнеркәсіптік кешен саласында жұмыс істейтін 30 маманның құжаттары комиссия отырысында қаралып, талапқа сай болмауына байланысты оң шешімін таппады.

 

БЮДЖЕТ

 

Жыл басында бюджет 14 млрд 817 млн. 139 мың теңгеге бекітілген болса, жыл ішінде 2 млрд. 871 млн. 034 мың теңгеге ұлғайып 17 млрд. 688 млн. 173 мың теңгені құрады, оның ішінде жергілікті кірістер 623 млн. 840 мың теңгеге ұлғайтылды (бекітілгені 1 018 млн. теңге, нақтыланғаны 1 641,8 млн.теңге).

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2017 жылдың 11 айында жалпы салықтардың кіріс жоспары 1 млрд. 222 млн. 611 мың теңгенің орнына 1 млрд. 652 млн. 515 мың теңге түсіп, 135 пайызға орындалды, 429 млн. 904 мың теңгеге артығымен түсті.  Жергілікті кірістер жоспары барлық кіріс түрлері бойынша артығымен орындалып отыр.

теңге

Көрсеткіштер11 айдың жоспарыОрындалу+,-%
КІРІСТЕР15 985 36716 639 490,1654 123,1104,1
оның ішінде:
1Жергілікті кірістер1 222 6111 652 515,1429 904,1135,2
2Облыстық бюджеттен алынатын трансферттер14 762 75614 762 756,00,0100,0
3Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу0,025 725,025 725,00,0
4Мемлекеттің ішкі қарыздары0,00,00,00,0
5Бюджет қаражатының бос қалдығы198 494,0198 494,00,0

 

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жергілікті түсімдерінің нақты түсім 476 млн 003 мың теңгеге артып, 40,5 пайызға артық орындалды (2016 жылдың 11 айында нақты түсім 1 млрд. 176 млн. 512 мың теңге, 2017 жылдың 11 айында 1 млрд. 652 млн. 515 мың теңге).

Ордабасы ауданы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің 2017 жылдың 11 айы бойынша игерілу жөнінде мәлімет
МЕКЕМЕЛЕРЖОСПАР НАҚТЫ   +,-  %
БАРЛЫҒЫ15 985 36715 601 267,2-384 099,897,6
Аудандық мәслихат аппараты18 94318 940-2,7100,0
Аудан әкімінің аппараты146 646146 626-20,0100,0
Бадам ауыл округі әкімінің аппараты143 622143 474-148,099,9
Бөген ауыл округі әкімінің аппараты41 74940 779-969,897,7
Бөржар ауыл округі әкімінің аппараты79 95079 877-73,199,9
Жеңіс ауыл округі әкімінің аппараты32 61432 592-21,699,9
Қарақұм ауыл округі әкімінің аппараты49 33949 279-59,899,9
Қараспан ауыл округі әкімінің аппараты64 70964 705-4,2100,0
Қажымұқан ауыл округі әкімінің аппараты184 318184 313-4,9100,0
Төрткөл ауыл округі әкімінің аппараты75 47775 475-2,1100,0
Шұбар ауыл округі әкімінің аппараты43 08543 077-8,4100,0
Шұбарсу ауыл округі әкімінің аппараты5036450297-67,399,9
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі1 086 6651 057 953-28 711,697,4
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі174 742174 739-2,7100,0
Аудандық ішкі саясат бөлімі49 89549 725-169,599,7
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі2 775 2392 421 490-353 748,987,3
Аудандық экономика және қаржы бөлімі205 086205 076-9,8100,0
Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі43 40743 405-2,1100,0
Аудандық жер қатынастары бөлімі10 37410 371-3,4100,0
Аудандық білім бөлімі7 762 7767 762 755-20,8100,0
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі130 478130 447-31,0100,0
Аудандық құрылыс бөлімі2 573 3482 573 344-4,2100,0
Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі22 63322 628-5,2100,0
Аудандық кәсіпкерлік бөлімі17 09417 088-5,8100,0
Аудандық ветеринария бөлімі202 814202 811-3,1100,0

 

Объективті себептермен 29 млн. 878 мың теңге, субъективті себептермен 354 млн. 221 мың теңге игерілмеген.

2017 жылдың 11айында   еңбекақы мен жәрдемақылардан қарыз қалыптасқан жоқ.

Бөлім аудандық бюджет комиссиясының жұмыс органы болып табылады. 2013 жылдың қазан айынан бастап комиссия жұмысына басшылық ететін – аудан әкімінің орынбасары Ғ.Үсенбаев.

2017 жылдың 11 айында бюджеттік комиссияның  18 отырысы  өткізілді. (оның ішінде 4 рет нақтылау жұмыстары жүргізіліп, 7 рет түзетулер енгізілді және басқа да мәселелер бойынша 5 рет). Комиссияда бюджет қаражатына тұрақты түрде мониторинг жасалынған ұсыныстар қаралды, сонымен қатар 236 түрлі деңгейдегі  мекемелерден хаттар түсіп, оның 135-і ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы мәселелер бойынша шешімін тауып, ал 101-не Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес түсіндірме жолданды.

 

Жыл 

Аудандық   бюджет

комиссиясы

отырысының

саны

Бюджеттік

комиссиясына

келіп

түскен сұраныс

хаттар

Оның ішінде
Бюджет

комиссиясында

шешімін тауып

мақұлданғаны

Бюджет

комиссиясында ҚР Заңнамаларға сәйкес түсіндірме беріліп, кері қайтарылғаны

2017 ж 11 айы18236135101

 

Аудан бюджетінен 2017 жылдың 11 айында 25 мемлекеттік мекеме қаржыландырылды (аудандық мәслихат, аудан әкімі аппараты, 10 ауыл округі әкімі аппараттары, 13 дербес бөлім) 65 мектеп, 2 спорт мектебі, «Жастар ресурстық орталығы», «Жұмыспен қамту орталығы», «Тілдер орталығы», аудандық орталықтандырылған кітапхана мемлекеттік тапсырыспен 16 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын қаржыландырылды 15 мемлекеттік бала бақша, 28 жеке меншік балабақша, 2 мектептен тыс мекемелер, аудандық мәдениет үйі және де ҚР Бюджет кодесінің 56 бабында көзделген басқа да шараларға қаржы қарастырылып, жұмсалды.

Back to top button
Close