«Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының орындалуы

АНЫҚТАМА

«Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының орындалуы

 МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ

Жаңа индустриялар құрумен қатар өнеркәсіп саласын дамыту нәтижесінде жыл басынан бері ауданның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсімі байқалды.

Жыл басынан бері аудан экономикасын дамытуға негізгі қорға                       8,5 млрд.тг. инвестиция бағытталды, немесе 13,5% артты.

Өнеркәсіп кәсіпорындары 13,8 млрд.тг. өнімін өндірді (өсім – 103,3%), оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 12,5 млрд.тг. құрады (өсім – 103,5%). Жалпы өнеркәсіптегі 90,7% үлесті құрайтын өңдеу өнеркәсібінің бірқатар салаларында өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда өндіріс көлемінің өсімі байқалады. Атап айтқанда:

_    машина жасау – 22,4%-ға;

  • фармацевтикалық өнімдер – 4,6%-ға;
  • тамақ өнімдерін өндіру – 3,2%-ға артқан.

Өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялар көлемі                             1,3 млрд.тг.  құрады, өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда 77,7% артты.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілерінің саны 2017 жылдың 1 қарашаға 9,8 мың бірлікті немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне 103% құрады.

ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 2017 жылғы 1 қарашаға                  20,9 мың адамды, немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне 102,3% құрады.

2017 жылғы қаңтар-қазан шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің өнім шығарылымы 39,6 млрд.тг. немесе 105% құрады.

Өлкемізде бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту үшін жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін арттыру және де жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру қажеттілігі туындауда.

ЭКСПОРТТЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ

Жалпы экспортталған негізгі өнімдер:  өңдеу өнеркәсібі саласында оның ішінде тамақ    өнімдер (3,1 млрд.теңге),    фармацевтикалық өнімдер (335,9 млн.т).

Аудан аумағындағы экспорттаушы кәсіпорындармен экспортталған өнім көлемі: «Ордабасы құс» ЖШС-мен 2017 жылдың 9 айына экспортталған өнім көлемі 2 035 тонна күрке тауық еті 1 млрд 372 млн 536 мың теңгеге. Кәсіпорын  Ресей Федерациясына елдеріне экспорттауда..

«Ордабасы нан» ЖШС-де  18 359 000 тонна ұн өнім, 1 млрд 006 млн 408 мың теңгеге, кәсіпорын  Ауғаныстан, Өзбекстан   елдеріне экспорттауда..

«Сейітбек әулеті» ЖШС-гі  3 121 тонна қызыл мия дәрілік сұйықтық қоспа өнімі  335 млн 929 мың теңгеге, кәсіпорын  Қытайға экспорттауда. «Аделя» ш/қ  1877 тонна қияр 764,7 млн.теңгеге, Россия, Германияға елдеріне экспорттауда.

 

ЭКОНОМИКАНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРТЫЛУЫ

Жолдаудың негізгі бастамасында экономиканы жаппай цифрландыру, технологиялық жаңғырту, яғни цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету міндеттелген.

Өнімділіктің көлемін арттыру дамыған елдердің озық стандарттары мен тәжірибелерін енгізуде аудан көлемінде жүйелі жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде  шет елдің озық технологияларын ендірген кәсіпорындар іске қосылады. Атап айтсам:

2017 жылдың желтоқсан айында «Бөрте Милка» ЖШС сүт тауарлы фермасының базасында  Швейцарияның ең алдыңғы қатарлы «Delaval» компаниясының жаңа технологиясымен қуаттылығы тәулігіне 40 тонна сүт  өңдеу зауыты 70 жаңа жұмыс орнымен іске қосылады деп күтілуде.

«Gold Aluminum» ЖШС-гі Түркия және Қытай елінің озық технологияларын пайдаланып, ағымдағы жылдың қазан айында инвестициялық құны 3 923,0 млн.т. пластик өнімдерін шығаратын зауытты, 50 жаңа жұмыс орнымен іске қосады деп күтілуде.

“ABF INVEST” ЖШС-гі Шанхай, Гонконг елінің технологиясын ендіріп 2018 жылдың I-жартыжылдығында инвестициялық құны  20 млн АҚШ долларын құрайтын полиэтилен талшығын өндіру зауыты 200 жұмыс орныменіске қосылады деп күтілуде.      Түркияның замануи, озық технологиясын ендіріп, өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында 2016 жылыдың желтоқсан айында іске  қосылған «Karlskrona LC AB» ЖШС-нің болат құю цехының іске қосылуы металлургия өнеркәсібі саласындағы өнім көлемінің артуына және еңбек өнімділігінің артуына оң ықпал етеді.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы          П.Ташимова

 

Орындаған Е.Құрмантай

Back to top button
Close