Ордабасы ауданы әкімі аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы  мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды

Ішкі конкурсқа қатысушыларға арналған ортақ біліктілік талаптары:  

 

Е-3 санатына:  Жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;**

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

 

** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

СанатЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
Е-3102 437138 248

 

І.  Ордабасы ауданы әкімінің аппараты

160600 Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Т.Рысқұлов көшесі № 14 үй.

Анықтама үшін  тел: 8 (725-30) 2-12-85, тел/факс 8 (725-30) 2-12-41 эл. почта Personal_ordabasy@mail.ru

 

  1. Ордабасы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы (санаты Е-3), №05-2,   1 бірлік.

            Функционалдық міндеттері: Аудан әкімінің қатысуымен өтетін хаттамалық-ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыруды, отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссияның жұмыстарын және мәжілістерін өткізуді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерінің нормаларын орындалуына және облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдері, тапсырамалары бойынша іс-шаралар жоспарын түзу, сондай-ақ олардың орындалуын жүзеге асыру кезінде атқарушылық тәртіпті нығайтуды қадағалау және орындалуы жөнінде жиынтық ақпараттарды дайындайды. Аудан бойынша азаматтарды мемлекеттік наградалармен наградтау, оның ішінде “Алтын алқа” және “Күміс алқа” алқаларымен  наградтауға ұсыну және наградталған аналарға  табыс етілгені туралы есептерді әзірлеп жолдау және интернет желісіндегі “Мемлекеттік наградалар” ақпараттық жүйесіне енгізу жұмыстарын және “Алтын алқа” және “Күміс алқа” алқаларымен наградталған аналарға алқаларды  салтанатты түрде табыс ету рәсімін ұйымдастыруды  іске асырады.  Аудан әкімінің ұйымдастырушылық-ақпараттық қызметін, оның аудан өңірлерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.  Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, ауыл округтері әкімдерінің Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдерін, Қазақтан Республикасы Үкіметі қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен келіп түскен өзге де құжаттарды, әкімдік қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, тапсырамаларын орындауларына талдау жасайды.  Облыс және аудан әкімдерінің тапсырмалары бойынша іс-шаралар жоспарын түзеді, орындалуы туралы уақтылы және толық хабардар етуді жүзеге асыру кезінде атқарушылық тәртіпті нығайтуды қамтамасыз етеді және орындаулы жөнінде жиынтық ақпаратты дайындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету.

 

  1. Ордабасы ауданы әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімінің бас инспекторы (санаты Е-3), №06-4,  1 бірлік.

            Функционалдық міндеттері: Аппараттың бухгалтерлік есеп және есеп берулерді жүргізеді, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын, шығыс сметаларын әзірлеу бойынша іс-қимылын, бюджет бойынша бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес қаржылардың дұрыс және нәтижелі жаратылуын, сондай-ақ ақшалай қаржы және материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді. Қаржыландырудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітуге ұсынады, әр жылға бюджеттік өтінім жобасын, жоспарын, лимитін жасайды және өткізеді.  Арнайы қаржыландыру жоспары бойынша кіріс және шығыс, басқа да бюджеттен тыс қаржылары жөнінде операциялар есебін жүргізеді, қызметкерлерге және жұмысшыларға еңбек ақының төленуін іске асырады, кеңселік заттармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес веб-порталмен жұмыс жүргізуді ұйымдастырылуын бақылайды.  Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қызметкерлерін қаржыландыру жоспары және бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін жүзеге асырады. Әр жылға бюджеттік өтінім жобасын, жоспарын, лимитін жасайды және өткізеді, құжаттардың уақтылы әрі дұрыс және атқарылып жатқан операциялардың заңды орындалуын жүзеге асырады. Белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бюджет бойынша бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес қаржылардың дұрыс және нәтижелі жаратылуына, сондай-ақ ақшалай қаржы және материалды құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы)

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделінеқатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралықұжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі  ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнде  көрсетілген мекен жайға тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органда, яғни ОҚО, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, №14 үйде өтеді.

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізеді, оған оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметiнің құқықтық негіздерін, сондай-ақ оның жұмысын ұйымдастыру тәртібiн белгілейтін заңда айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жолдамасы бойынша олардың қызметкерлерінің кандидаттармен әңгімелесуіне және конкурс комиссиясының қорытынды отырысына қатысуға жол беріледі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

__________________________

(мемлекеттік орган)

Нысан

 

Өтініш

Мені________________________________________________________________

____________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және

орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

 

________                                                ____________________________________

(қолы)                                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

Back to top button
Close