Ордабасы аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесі.

Аудан бойынша мектептер саны – 65.

Оның ішінде:

Жалпы орта мектептер – 46,

Негізгі орта мектептер – 4,

Бастауыш мектептер – 15.

Барлық мектептерде білім алушы оқушылар саны – 29371.

 

Аудан бойынша мектепке дейінгі ұйымдар саны – 62.

Оның ішінде:

Мемлекеттік бала-бақшалар – 15,

Жекеменшік балабақшалар – 28,

Мектеп жанындағы шағын орталықтар – 19. 

Онда 1-6 жастағы тәрбиеленуші балалар саны – 6708, оның ішінде 3-6 жастағы – 5545 мың бала тәрбиеленеді.

 

Қосымша білім беру ұйымдарының саны – 2.

Мекеменің атауыОқушылар саны
1«Аудандық оқушылар үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны285
2«Өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны274

 

Ордабасы аудандық білім бөлімінің аудандық педагогикалық әдістемелік кабинеттің 2017 жылы атқарған жұмыстары мен жетістіктері.

деңгейіоқушылармұғалімдер
Республикалық деңгейде
1Бас жүлде және І орын2
2ІІ орын2
3ІІІ орын41 номинация
Облыстық деңгейде
1Бас жүлде және І орын812
2ІІ орын1620
3ІІІ орын1617
    
әдіскерлер
 І орын2 
 ІІІ орын1 
Өткізілген іс-шаралар, семинарлар:
 Республика деңгейінде2 
 Облыстық деңгейде5 
 Аудандық42 
    
 Жарияланған мақала17 
 Озық тәжірибе таратылуы7 
    

 

Оқушылардың Республикалық деңгейде олимпиадалар, байқаулар, ғылыми жобалар және т.б. жетістіктері

І орын-2

2017 жылдың 25 сәуірде өткен халықаралық “Атадан мұра” байқауында көркем сөз өнері бойынша «Мақташы» жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қойлыбай Әзімбек жүлделі І орынды иеленді.

2017 жылдың 15 -20 мамыры аралығында Шымкент қаласында өткен волейболдан мектеп лигасы “Шұбар доп” Қазақстан Республикасының Чемпионатында Төрткүл жом.  І орынды иеленді.

ІІ орын-2

2016 жылы қараша айы, Астана қаласы, Республикалық М.Мақатаевтың 85 жылдығына арналған “Жырлайды жүрек” мәнерлеп оқу байқауыда Н.Оразбаев атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Бейсен Жаңыл ІІ орын иеленді

2017 жылы  22-23 маусым аралығында Петропавл қаласы, Республикалық  Мағжан оқуларында  Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің   10 сынып оқушысы  Жақсылық Нұршат ІІ орын иеленді

ІІІ орын -4

2017 жылдың 25 сәуірде өткен “Атадан мұра” Республикалық  байқауда «Атамекен» жалпы орта мектебінің 5 сынып оқушысы Құлжабаев Бейбарыс көркем сөз өнері бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді.

2017 жылы  22-23 маусым аралығында Петропавл қаласы, Республикалық  Мағжан оқулары , Ө.Тұрманжанов атындағы жалпы орта мектебі 10 сынып оқушысы Қалжан Аяжан жүлделі ІІІ орын иеленді.

23.06.2017. 2-4-сынып оқушылары арасында республикалық «Бастау» математикалық турнирінде жүлделі ІІІ орынды «Төрткүл» жалпы орта мектебінің 4-сынып оқушысы Айтбек Назым иеленді.

Мұғалімдер жетістіктері

Республикалық деңгейде:

02.11.2016ж «Ең үздік жыл психологы» атты республикалық байқауда «Шұбар»жом педагог-психологы Эшматова Айгуль Курабаевна  «Жас психолог» номинациясын иеленді.

 

Өткізілген іс-шаралар, семинарлар:

Республикалық деңгейде: -2

16 наурыз 2017ж. күні Б.Оңтаев атындағы жалпы орта мектебінде деңгейлік курс бітіріп сертификатталған мұғалімдерге арналған «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі-нәтижелі білім берудің негізі» тақырыбында семинар өткізілді.

17.03.2017ж «Шұбар» жом Педагог-психологтар «Дарынды оқушыларды дамытуда инновациялық технологияны қолданудың әдіс -тәсілдері» тақырыбында республикалық семинар

Озық педагогикалық іс-тәжірибелерді, тарату -7

2015 ж Қажымұқан ат жом тарих, Бектұрғанова Алтынай «Тарих пәні сабағында жаңа технология тәсілдерін пайдалану жолдары» аудандық, кітапша.

2016 ж Қ.Бектаев ат жом «Жаңа технология үрдістерін пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары» аудандық, кітапша.

2016 жылы қыркүйек айы “Педагогтің кәсіби құзыреттілігі-білім сапасын көтерудің факторы” тақырыбындағы  педагогикалық оқуларының материалдары кітабына  аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлназ Омарованың авторлық  10-11 сыныптарға арналған күнтізбелік жоспар енгізілген.

2016 жылдың қыркуйек айында  Б.Нұрлыбеков ат жом биология пәні мұғалімі Куленова Айжанның«Биология пәнін оқытуда функционалдық сауаттылықты қалыптастыра отырып, оқушылардың дүние- таным ой шеңберін дамыту»  және осы мектептің химия пәні мұғалімі Әлімбетова Разияның «Химия сабағында есептерді шығарудың тиімді әдістері» тақырыбындағы іс- тәжірибелері  аудан көлемінде кітапша түрінде таратылды.

23.02.2017жылы«Төрткөл»жом орыс тілі пәнінің мұғалімі Қансеитова Лаураның «Применение диалогического обучения на уроках русского языка как один из способов повышения мотивации обучения»іс-тәжірибесі аудан көлемінде кітап түрінде таратылды.

2017 жылдың қаңтар айында  аудан көлеміндегі І- санатты және жоғары санатты мұғалімдердің іс-тәжірибелері жинақталып, «Білім мен ғылым интеграциясы – болашаққа нық қадам» тақырыбында кітапша шығарылып  Республика көлемінде таратылды.

Back to top button
Close