Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2017 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

Ордабасы ауданының ауылшаруашылығы саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп, аудандағы әрбір ауыл округтің потенциялы мен климаттық ерекшеліктеріне және де аудандағы әр ауыл округтің өзінің басым бағыттарына байланысты 2017-2021 жылдарға нақты іске асырылатын индикаторлар бекітілді.

Осыған орай, Ордабасы ауданының 2017 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және дамыту тұжырымдамасы бойынша индикаторлық көрсеткіштердің 11 айда орындалуы төмендегіше.

2017 жылғы қаңтар-қарашасында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі – 30 млрд 715 млн. 400 мың теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (29 млрд 433 млн. 800 мың теңге)2 млрд 281 млн. 600 мың теңгеге артты.

Бұл ретте, облыстың экономикасы дамуынның негізгі көрсеткіштері бойынша ауданның қосқан үлесі – 6,1%-ға байқалып отыр.

Жоспарымыз – ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) көлемін 33 млрд 717 млн. теңгеге және нақты көлем индексін 104%-ға жеткізу.

2017 жылы бекітілген тұжырымдамадағы іске асырылатын мақсатты индикаторлар бойынша ауылшаруашылық дақылдарының егіс көлемін – 53 мың 200 га орналастыру жоспарланған.

Аудандағы ауылшаруашылық дақылдарының егістік алқаптарын есепке алу қорытындылары бойынша 2016 жылмен салыстырғанда, ағымдағы жылы – 826 га немесе 1,5%-ға ұлғайып, 55 мың 172 га құрады.

Бұл бағытта, ауыл округтері бойынша белгіленген жоспар толығымен орындалды.

Ауыл шаруашылық дақылдарының егістік алқаптары бойынша:

Ақ егіс  – 17 676 гектарға егіліп, жалпы – 27 044 тонна (орташа түсімі 15,3 цн/га) өнім жиналды. Оның ішінде: бидай – 16 426 гектардан 25 789 тонна (орташа түсімі 15,7 цн/га), арпа – 1250 гектардан 1250 тонна (орташа түсімі 10,0 цн/га);

Дәндік жүгері – 5 236,6 гектарға егіліп, жалпы – 23 564 тонна (орташа түсімі 45,0 цн/га) өнім алынды;

Күнбағыс – 1 141,4 гектарға егіліп, жалпы – 1 449 тонна (орташа түсімі 12,7 цн/га) өнім алынды;

Мақсары – 3 924,1 гектарға егіліп, жалпы – 2 158 тонна (орташа түсімі 5,5 цн/га) өнім алынды;

Ашық топырақта өсірілген көкөністер – 2707,5 гектардан 58 265 тонна (орташа түсімі 215,2 цн/га) өнім алынды;

Картоп – 409,3 гектардан 7 585 тонна (орташа түсімі 185,3 цн/га) өнім алынды;

Бақша дақылдары – 1939,9 гектардан 49 816 тонна (орташа түсімі 256,8 цн/га) өнім алынды;

Жеміс-жидектер – 329 гектардан 1 151 тонна (орташа түсімі 35,0 цн/га) өнім алынды;

Жүзім – 543 гектардан 1 086 тонна (орташа түсімі 20,0 цн/га) өнім алынды;

Мақта – 7 071 гектарға егіліп, 18 384 тонна (жуықталған орташа түсімі 26 цн/га) өнім жиналды.

Мал азықтық дақылдар (жоңышқа) – 15 021,7 гектарға жетті.

Суармалы жерлердің көлемін ұлғайту жоспары – 800 га, оның орындалуы – 900 га немесе 112,5%.

Бұл бағытта тапсырманы Бадам а/о -68 га, Бөржар а/о -205 га, Қажымұхан а/о -36,5 га, Шұбар а/о-138 га, Төрткөл а/о-280 га, Қараспан а/о-144 га, Бөген а/о-28,5 га.орындап отыр.

Жылыжайлар желісін дамыту жоспары – 16 га, меже 16,05 га немесе 100,3%-ға орындалды.

Қарқынды бау шаруашылығын дамыту үшін жоспар – 160 га, оның ішінде жеміс-жидек  – 85 га, жүзім – 75 га.

Бекітілген жоспар – 105,5 га немесе 66%-ға жеміс көшеттерін отырғызу орындалса, жүзім отырғызу тапсырмасы 20 га орындалды.

Жаңғақ шаруашылығын дамыту бойынша тапсырма берілмеген. Дегенмен, Бөржар ауыл округінен «Александровский сад» ЖШС-і – 2 га жерге жаңғақ көшетін отырғызды.

   Тамшылатып суару әдісін ендіру700 га жоспарланып, – 776,4 га немесе 110,9%-ға орындалды.

Терең қопсыту әдісін қолдану жоспары – 8 800 га, өңделген егін алқаптары –   8 839 га ұлғайды немесе 100,5% -ды құрады.

Машина техникалық станцияларын ашу.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне сервистік қызмет көрсетуге бағытталған – 2 бірлік машина техникалық станциялар желісін (МТС) ашу жоспарланып, «Сейхун САТ Агро Систем» ЖШС-нің жобасы Қарақұм және Қараспан ауыл округтерінде нақты іске асты.

Ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету бойынша жаңа заманауи өндірістік техникаларын алу жоспары – 60 бірлік, оның орындалуы – 62 бірлік немесе 103%.

Бұл бағытта, «Орда-БасыАгро» АӨК-і, «Төрткөл-Агро» АӨК, «Рамазан Агро» ЖШС-нің, «Сейхун САТ Агро Систем» машина техникалық станциясын кеңейту мақсатында ауыл шаруашылығы техникаларын алынды.

 

Мал шаруашылығы саласы.

Мал шаруашылығы саласын дамытудың негізгі көрсеткіштері мал басы мен мал шаруашылығы өнімдерін ұлғайтуға және асыл тұқымды мал басының үлесін арттыруға бағытталған.

Ағымдағы жылдың 1-қарашасына ірі қара мал – 56338 бас,

Қой мен ешкі –311 889 бас

Жылқы –20922 бас,

түйе – 633 бас

Құстың барлық түрі – 470768 бас құрады.

Мал шаруашылығы өнімінің негізгі түрлерінің өндірісі бойынша мал шаруашылығы өнімінің негізгі түрлерінің өндірісі 2017 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша шаруашылықтың барлық санаттарында:

мал мен құс етін өндіру (тірі салмақпен) – 20673,8 тонна (2016 жылдың тиісті кезеңінде 21465,2 тонна)

тауықтан алынған жұмыртқалар – 9174,4 дана (2016 жылдың тиісті кезеңінде 9120,4 дана)

сиырлардан сауылып алынған сүт –40127,1 тонна (2016 жылдың тиісті кезеңінде 38470,3тонна)

қойдан қырқылған жүн – 602,9 тонна (2016 жылдың тиісті кезеңінде 599,0  тонна)

Мал бордақылау алаңдарын салу жоспары – 277 бірлік, орындалу  барысы – 282 бірлік немесе 101,8%.

Жанұялық сүт фермаларын ашу 45 бірлікке жоспарланса, оның орындалуы – 60 бірлік немесе 133%.

2017-2018 жылдары іске асатын 3 серпінді жоба бар. Олардың бүгінгі таңға 1. «Бөрте милка» сүт өңдеу зауыты өндіріс қуаттылығы тәулігіне 50 тонна сүт өңдейді. Жобаның жалпы құны 1,2 млрд. 2. «Асыл-тұқымды шаруашылық. Ордабасы ешкі сүт өнімдері» АӨК. Өндіріс қуаттылығы тәулігіне 6 500 литр сүт өндіру, 18 000 литр сүт өңдеу. Инвестициялық жобаның жалпы құны -1,0 млрд. теңге. 3. «Ордабасы асыл құс» ЖШС-і өндіріс қуаттылығы тәулігіне  6 800 дана күрке тауық жұмыртқасын өндіреді. Инвестициялық жобаның жалпы құны -10 млрд.теңге. 

Аудандағы әрбір ауыл округтің потенциялы мен басым бағыттарына сәйкес, келер жылы мал бордақылау алаңдары мен жанұялық сүт фермалардың санын арттыру жоспарланып отыр. 

«Сыбаға» бағдарламасымен ірі қара малдың 947 аналық басын тұқымдық түрлендірумен қамту жоспары – 1971 басқа немесе 208,1%-ға іске асырылды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша – 4950 бас уақ малды асыл тұқымдандырумен қамту жоспары –6804 басқа (137%-ға) орындалған.

«Құлан» бағдарламасы бойынша тұқымдық түрлендірумен қамтылған жылқының санын – 431 басқа жеткізу жоспарланып, орындалғаны – 433 бас немесе 100,7% орындалды.

 Құс шаруашылығын дамыту мақсатында – 2 бірлік құс фермаларын салу жоспары – 100%-ға орындалды.   Бүгінге күнге, Бөржар ауыл округінен «Агро-Бройлер Құс» АӨК  «Ақмарал құс фабрикасы» АӨК құрылған.Балық шаруашылығын ашу 2 бірлікке жоспарланса, 100%-ға іске асырылды. 2017 жылдың 11-айдың қорытындысымен ауданда 28 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі (АӨК) құрылды. Ал, индикативтік көрсеткіштерге сәйкес модульді кооператив құру тапсырмасы 7 бірлік, болса орындалы 12 бірлік.

Құрылған АӨК-е тоқталып кетер болсақ,  сүт бағытында – Бөржар а/о «АгроАжар» АӨК, Төрткөл а/о «Арыстанды» АӨК, Шұбар а/о «АлиАзимАй» АӨК, Шұбарсу а/о «Ардагер-7» АӨК, «Дамас этно» АӨК; ет бағытында – Қарақұм а/о «Сәтті жол-1» АӨК, Шұбарсу а/о «Бабас-экспо» АӨК; құс бағытында – Бөржар а/о «Агро-Бройлер Құс» АӨК,

«Ақмарал құс фабрикасы» АӨК;

отбасылық жылыжай бағытында – «Қожагелді Самғау»АӨК; түйе шаруашылығы бағытында – «Алтыбас КЖТ» АӨК; жеміс-жидек бағытында – «Нұрлы жол береке -2017» АӨК.

Ағымдағы жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Үкімет тарапынан жеңілдетілген бағамен 2990 тонна жанар-жағар май бөлініп, ауданға бөлінген жанар-жағар майды тарату мақсатында 3 таратушы операторлар анықталды. Олар: «Евро Ойл» ЖШС-520тн,  «Каinar Trans Oil» ЖШС-1235тн, «Оңтүстік Қант» ЖШС-1235тн. Игерілуі-82 пайыз. Күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан аудан бойынша жанармай таратушы – 3 оператор анықталған. Олар, «Евро Ойл» ЖШС – 520 тн, «Kainar Trans Oil» ЖШС – 1430 тн, «Тамерлан констракшн» ЖШС – 1235 тн. Ауданға бөлінген 3185 тонна жанармайдың 2539 тоннасы алынып, межеленген жоспар 79,7%-ға орындалды.

2017 жылы «Ауыл шаруашылығы дақылдарын ашық топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау» қағидасына сәйкес, ауданымызға – 177 млн. 525 мың 000 теңге бөлінсе, жоспарланған қаржының игерілуі – 136 млн. 732 мың 950 теңгені немесе 77%-ды құрады.

Ал, «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау» қағидасына сәйкес, жоспарланған қаржының көлемі – 86 млн. 263 мың теңгені құраса, игерілгені – 83 млн. 518 мың 951 теңге немесе 96,8%.

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы №31 бұйрығымен бекітілген Минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес:

1) Карбамид – 7,8 тонна алынып, субсидияның көлемі – 315 мың 900 теңгені;

2) Аммафос – 535,9 тонна алынып, субсидияның көлемі – 33  млн. 493 мың 750 теңгені;

3) Амияк селитрасы – 8 128,45 тонна алынып, тиесілі субсидияның көлемі – 276 млн. 367 мың 300 теңгені құрады.

Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтерді  алу мақсатында 6 шаруашылық – 248,76 литрге өтінім білдіріп, мемлекет тарапынан жалпы – 445 мың 528 теңге көлемінде қаржы субсидияланды.

Бөлім басшысы                                Б.Дүйсембаев

Back to top button
Close