Ордабасы аудандық ветеринария бөлімінде 2017 жылдың  қараша /11  айында/ айында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

2017 жылы аудан көлемінде ауыл шаруашылығы жануарларын індетті аурулардан қорғау мақсатында эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге қаралған 157 809,0 мың тенгенің игерілгені  155032,0 мың теңгені құраса, энзоотиялық аурулардың алдын алуға қаралған  25765,0 мың тенгенің игерілгені 25765,0 мың теңгені құрап отыр.

Энзоотиялық аурулардың алдын алу мақсатында екі кезеңде Көктемгі, күзгі жалпы ірі малдарды бүрку 148 164 бас,  уақ малдарды тоғыту 674 147 бас  және  қора жайлар мен жапсарлас аумақтар 4 081 200 шаршы метр және суаттар, мал ирімдерін 1 536 500 шаршы метр залалсыздандыру жоспарланған.  Қора жайлар мен жапсарлас аумақтарын және мал ирімдері мен суатттарды, бұталарды залалсыздандыруға және ірі малдарды бүркуге, уақ малдарды тоғытуға қажетті /дельтаметрин ұнтағы, креолин х 5%/ инсектоакарацидтік препараттар  толық алынып, ауыл округтеріне таратылып берілді. ОҚО  ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы малдарының  «Энзоотиялық» ауруларының алдын алу жұмыстарының атқарылуы кестесіне сәйкес, кесте бекітіліп, көктемгі жоспарланған:  70011 бас ірі малдардың бүркуден өткені 70011 бас (100,0%), 319341 бас уақ малдардың тоғытудан өткені 319341 бас (100,0 %), 2040600 шаршы метр қора жайлар мен жапсарлас аумақтардың  залалсыздандырудан өткені 2040600 шаршы метрді (100,0 %) құраса, жоспарланған 768250 шаршы метр мал ирімдері, суаттар, бұталар аумағының залалсыздандырылғаны 768250  шаршы метрді (100,0%) құраса, күзгі жоспарланған: 78153 бас ірі малдың бүркілгені 78153 бас (100,0 %), 354806 бас  уақ малдың тоғытылғаны 354806 бас (100,0 %), 2040600 қора жайлар мен жапсарлас аумақтардың  2040600 шаршы метр (100,0 %) және 768250 шаршы метр суаттар, бұталар мен мал иірілетін орындар аумағының залалсыздандырылғаны 768250 шаршы метрді құрап (100,0 %) жұмыстар толығымен аяқталған.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы және профилактикасы бойынша 2017 жылға арналған ветеринариялық іс-шаралардың жоспары бекітіліп, эпизоотияға қарсы іс-шаралар ауыл шаруашылығы малдарын індетті ауруларға егу және қан сынамаларын алып зертханаға жеткізу жұмыстары жүргізілуде. 63916 бас ірі қара малдан, 374247 бас уақ малдан, 432 бас түйеден, 264 бас жылқыдан, 2971 бас шошқадан, 361 бас иттен қан сынамалары алынып зертханаға жеткізу қорытындысы бойынша 24 бас уақ мал, 30 бас ірі қара мал /оның ішінде 11 бас 4-5 айлық бұзау/ бруцеллез ауруына оң белгі беруі себепті 24 бас уақ мал, 30 бас ірі қара мал Сайрам ауылында орналасқан «Замин» ЖШС фирмасына санитарлық союға тапсырылып, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуге қаралған 6993,0 мың теңгенің игерілгені 1392,9 мың теңгені құрап отыр.

Аудан тұрғындарын құтырма ауыруынан қорғау мақсатында аудандық бюджеттен 2500,0 мың тенге қаржы қаралып «Ордабасы ауданының ветеринарлық қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен  келісім шарт жасалып, 2017 жылы Ордабасы ауданы бойынша қаңғыбас иттермен мысықтарды аулап жоюдың ауыл округтері бойынша жоспары жасалып, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап  жою жұмыстары арнайы  құрылған комиссияның қатысуымен  жүргізілуде. Бүгінгі таңға 3242 бас қаңғыбас иттер мен 166 мысық ауланып  жойылып, барлығы  3408 басты құрап, Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап жоюға қаралған 2500,0 мың теңгенің игерілгені 2350,0 мың теңгені құрайды.

Мал өлекселерін тастайтын шұңқырлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында аудандық бюджеттен 1284,0 мың тенге қаржы қаралған. Мемлекеттік сатып алу порталына хабарлама беріліп, жеңімпаз анықталып, Қайнар ауылындағы мал өлекселерін тастайтын шұңқырлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында  қалпына келтіру жұмыстар жүргізілді.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге /ілеспе қызметтер/  қаралған 2941,0 мың тенгенің игерілгені  1804,6 теңге.  Аудан бойынша 2017 жылғы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу іс-шаралары жоспары жасалып,  25100 бас ірі қара мал, 5058 бас жылқы, 194171 бас ұсақ мал, 5381 шошқа, 142 бас түйе бірдейлендіруден өтіп, жұмыстар жүргізілуде.

Ветеринария бөлімінің басшысы  І.Ақберді

  • Н. Есімхан
  • 8(725-30) 2-24-02
  • Ordabasu_gu@mail.ru 

 

Back to top button
Close