Қараспан  ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджетінің жобасына  түсіндірмелік жазба

  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2018-2020 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің жобасын әзірлеу 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  2001 жылғы   23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы №470 «Жергілікті бюджеттер жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге  асырылды.

  1. 2018 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГ БЮДЖЕТІНІҢ ПАРАМЕТРЛЕРІ

КІРІСТЕР

2018 жылға аудан бюджетінің кірістерін болжамдау кезінде Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің салық саясаты департаменті әзірлеген  бюджет түсімдерін болжау әдістемесі, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі басқа да нормативті құқықты актілері қолданылды.

2018 жылдың кірістер болжамын қалыптастыру кезінде салықтар түсуінің мониторинг мәліметтері, 2018 жылдың алынып тасталған, есептелген және төленген салық сомалары бойынша жылдық жиынтық кіріс декларациялары, 2017 жылғы қаңтар – қыркүйек айларында бюджетке салықтар мен төлемдердің түсу серпіні және бюджетке  түсетін түсімдер бойынша болжамдар есепке алынды.

Ауылдық округ бюджетінің кірістері 2018 жылға арналған болжам бойынша 81 355 мың теңгенің көлемінде анықталды.

2018 жылға ауыл округке салықтық түсімдер – 13 648 мың теңге, салықтық емес түсімдер – 500 мың теңге көлемінде болжамданып отыр.

2018 жылға ауылдық округ бюджетіне салықтың мына түрлері бойынша      түсімдер болжанып отыр:

Заңды тұлғалардан алынатын жер салығы (104-309) – 235 мың теңге мөлшерінде болжанды.

Заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық (104-401) 86 мың теңге мөлшерінде болжанды.

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 2764 (101-202) мың теңге мөлшерінде болжанды.

Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық (104-102) 946 мың теңге мөлшерінде болжанды.

Елді-мекендер жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы (104-302)  953 мың теңге мөлшерінде болжанды.

Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық (104-402) 8664 мың теңге мөлшерінде болжанды.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер (201 510) 30 мың теңге;

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумақтары арқылы өтетін республикалық, облыстық және аудандық  маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және аудандық  маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақы (105 430)  20 мың теңге;

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдері салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар (204 170) 20 мың теңге;

Жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдар (206-115) 430 мың теңге мөлшерінде болжанды.

 

ТРАНСФЕРТТЕРДІҢ  ТҮСІМІ

 

«2018-2020 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Ордабасы аудандық мәслихаты шешімінің жобасына сәйкес 2018 жылға аудандық  бюджеттен бөлінетін субвенция 67 207 мың теңге көлемінде бөлініп отыр.

Бюджеттің жалпы көлемі түсімдер және шығыстар бойынша    81 355 мың теңгені құрайды.

 

ШЫҒЫСТАР

 

2018 жылғы ауылдық округ бюджеті, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бюджеттің шығыс бөлігі бойынша, мемлекеттік басқаруға және мемлекеттік міндеттемелерді қамтамасыз етуге бағытталған функцияларға  бөлінген қаржының көлемі 81 355 мың теңге.

Еңбек ақы мен әлеуметтік аударымдар қоры толығымен есептелінді, сонымен қатар тұрмыстық қызмет (электрэнергия, жылу, т.б) есептеулеріне тарифтің қымбаттауы есепке алынып, қажеттіліктер қарастырылған.

01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету» функционалдық тобының шығыстары  27 905 мың теңгені құрайды, соның ішінде:

– Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстау шығындарына  – 27 695 мың теңге;

Мемлекеттік органның күрделі шығындарына – 210 мың теңге;

04 «Білім беру» функционалдық тобы бойынша – 36 578 мың теңге жоспарланған.

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту және мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру»  бағдарламасына 34 837 мың теңге, округте орналасқан «Айголек» балабақшасының шығыны.

«Ауылдық жерлерде оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыру» бағдарламасына 1 741 мың теңге жоспарланып отыр.

05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобы бойынша – 33 мың теңге жоспарланып отыр.

07  «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық»  функционалдық тобы бойынша 2018 жылға барлығы 3 290 мың теңге қарастырылуда, оның ішінде:

«Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша   2 090 мың теңге;

«Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 500 мың теңге;

«Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 700 мың теңге жоспарланып отыр.

08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік»  функционалдық топтың шығыстарына 2018 жылы 100 мың теңге қарастырылуда, оның ішінде:

«Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау» бюджеттік бағдарламасына – 50 мың теңге;

«Жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу» бюджеттік бағдарламасына – 50 мың теңге.

13 «Басқалар» функционалдық топтың шығыстарына 2018 жылы 13 449 мың теңге қарастырылуда, оның ішінде:

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды  іске асыру» бюджеттік бағдарламасына – 13 449 мың теңге болжануда.

2018 жылғы бюджеттің негізгі параметрлері осындай.

Қараспан ауыл округінің әкімі                               Қ.Зиябек

Back to top button
Close