Жоба Ордабасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі № 5/2 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ордабасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі № 5/2 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3822 тіркелген, 2016 жылғы 28 мамырдағы «Ордабасы оттары» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 Аудандық мәслихат

 сессиясының төрағасы                                                          С.Алтыбаев

 

 Аудандық мәслихат

 хатшысы                                                                                   Б.Садвахасов

Back to top button
Close