Ордабасы ауданы әкімі аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы  мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды

Ішкі конкурсқа қатысушыларға арналған ортақ біліктілік талаптары:  

Е-G-3  санатына:  Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай  құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

СанатЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
Е-G-369 95794 108

 

І.  Ордабасы ауданы әкімінің аппараты

160600 Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Т.Рысқұлов көшесі № 14 үй.

Анықтама үшін  тел: 8 (725-30) 2-12-85, тел/факс 8 (725-30) 2-12-41 эл. почта Personal_ordabasy@mail.ru

 

  1. Ордабасы ауданы Төрткөл ауыл округі әкімі аппаратының бас маман – жер инспекторы (санаты Е-G-3), 1 бірлік.

          Функционалдық міндеттері: Өз құзыретi шегiнде ауыл шаруашылығы және жер қатынастарын реттеу салаларындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және қызметін жетілдіру жөніндегі жұмыстарын ұйымдастырады.  Ауыл округінде агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту бағдарламаларын, жерді аймақтарға бөлу жобаларын және ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларын, елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеу және осы саладағы бағдарламаларды iске асырудың мониторингін жүргізеді.  Шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, ауыл шаруашылығындағы кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседі. Агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн осы Заңға, осы саладағы мемлекеттiк, салалық (секторлық), өңiрлiк бағдарламаларға және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуына мониторинг жүргізу және агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің төленуін қамтамасыз етеді. Ауыл округінде шаруашылық жүргізуші субъектілерін міндетті сақтандыруды ұйымдастыру, тамшылытып суғару технологияларын енгізуді реттеу, типтік кешенді жылы жай салу және өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру жөніндегі жұмыстарын жүргізеді.  Ауыл округінде иесіз және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу, жер учаскелерін беру жөніндегі жұмыстарын ұйымдастырады. Шаруашылық жүргізуші субъектілерін міндетті сақтандыруды, иесіз және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін анықтау мен есепке алу, жер учаскелерін беру жөніндегі жұмыстарын ұйымдастырады.  Шаруа (фермер) шаруашылық бойынша есепке алу кітаптары мен статистикалық ауыл шаруашылық есепті жүргізеді.  Ауылшаруашылық жерлердің құнарсыздануын /сорлануын/ анықтау, тиісті мекемелерге ұсыныстар береді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Ауылшаруашылық ғылымдары, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика), құқық (құқықтану), қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр), ветеринария.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделінеқатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралықұжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі  ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнде  көрсетілген мекен жайға тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органда, яғни ОҚО, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, №14 үйде өтеді.

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізеді, оған оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметiнің құқықтық негіздерін, сондай-ақ оның жұмысын ұйымдастыру тәртібiн белгілейтін заңда айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жолдамасы бойынша олардың қызметкерлерінің кандидаттармен әңгімелесуіне және конкурс комиссиясының қорытынды отырысына қатысуға жол беріледі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

__________________________

(мемлекеттік орган)

Нысан

 

Өтініш

Мені________________________________________________________________

____________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және

орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

 

________                                                ____________________________________

(қолы)                                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

Back to top button
Close