ЖОБА

Аудандық құрылыс бөлімінің атқарған жұмыстары туралы

Білім саласы.

 Ордабасы ауданы бойынша бүгінгі таңда 2017 жылдан 2018 жылға өтпелі болған 3 нысан Шұбарсу ауыл округі, Шұбарсу елді мекеніндегі 600 орындық мектеп құрылысының мердігері «РСУ-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,Бөржар ауыл округі, қарасты Теспе ауылында 200 орындық «Теспе» атындағы орта мектептің мердігері «Тур-Ахмет и Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Шұбар ауыл округі Береке ауылында 200 орындық оқушыға арналған «Молдағулова» атындағы жалпы орта  мектеп құрылысының мердігері «МD Construction ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, аталған құрылыс нысандары келісім шартқа сәйкес 1 шілдесіне тапсырылды.

2018 жылы жаңадан білім саласы бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан         Бадам ауыл округіне  қарасты Ордабасы ауылында 200 орындық орта мектеп құрылысы 2018 жылдың наурыз айынан басталған, келісім шартқа сәйкес нысан құрылысы 2019 жылға өтпелі болып саналады. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер «Oser-A Group» ЖШС-і. Келісім шарт соммасы 461 168 455 теңге.

Төрткөл  ауыл округіне  қарасты Арыстанды ауылында 200 орындық орта мектеп құрылысы2018 жылдың наурыз айынан басталған, келісім шартқа сәйкес нысан құрылысы 2019 жылға өтпелі болып саналады. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер «Алжа құрылыс»ЖШС-і. Келісім шарт соммасы 524 414 414 теңге,

Темірлан елді мекенін салынатын 600 орындық типтік мектеп құрылысы нысанының конкурс жеңімпаз мердігер “Авторемстрой ЛТД” жауапкершілік серіктестігі. Келісім шарт соммасы 1323 134 388,80 теңге. аталған нысан тамыз айында жер қазу жұмыстары жүргізіледі.

Темірлан елді мекенінде «Темірлан» атындағы 600 орындық жалпы орта мектеп құрылысы нысаны бойынша жеңімпаз мердігер ” А.Р.Т. -Құрылыс” жауапкершілік серіктестігі. Келісім шарт соммасы 1163 680 000,0 теңге.

Темірлан елді мекені Байкал аумағынан салынатын 300 орындық мектеп құрылысы нысаны бойынша жеңімпаз “МТС-Төлеген” жауапкершілік серіктестігі. келісім шарт соммасы 813 551 642,0 теңге.

Шұбарсу ауылындағы «Ынтымақ» жалпы орта мектебіне 300 орындық оқу корпусі құрылысы нысанының жеңімпаз мердігер  “Каржан-Тау” жауапкершілік серіктестігі. Келісім шарт бойынша 795 043 200,0 теңге.

Бөржар ауыл округі Бірлік ауылындағы 200 орындық мектеп құрылысы нысаны бойынша тапсырыс берушімен мердігер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің “Еңбек” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасында «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң), 39-бабы 3-тармағы 29-тармақшасына сәйкес «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде 18.04.2018 жылы келісім шарт түзіліп, Келісім шарт соммасы 534 757 708,80 теңге. Құрылыс жұмыстары басталып жер қазу жұмыстары жүргізілуде.

 

Жеке тұрғын үйлерді инженерлік-коммуникациялық жүйелермен(ауыз су, жол, электр желісі)қамтамасыз ету мақсатында Темірлан елді мекені Самал-2,3 мөлтек ауданының инженерлік-коммуникациялық жүйелеренің құрылыс жұмыстары басталған. Аталған нысан құрылысына облыстық бюджет есебінен қаржы қаралған. Құрылыс нысаны келісім шартқа сәйкес 2018-2019-2020 жылдары жүргізіледі деп жоспарлануда. Бүгінгі таңда мөлтек ауданның бас жоспарына сәйкес көшелерін белгілеп, тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігері «РСУ-1» ЖШС-і. Жұмыс жоспары бекітіліп, құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.                                             

 Жобалар.

             Ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен әзірленетін жобалау-сметалық құжаттамалар бойынша бүгінгі таңда 4 жобаға (Шұбарсу ауылындағы «Б. Нұрлыбеков» мектебіне қосымша оқу корпусі құрылысы үшін,

             Қызылжар аулындағы «Қызылжар» мектебіне қосымша оқу корпусі құрылысы үшін,

            Бадам елді мекенінен салынатын дене шынықтыру сауықтыру кешінінің құрылысы үшін,

           Аққойлы ауылынан салынатын «Ақбастау» мектеп құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге) мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып  «Сантех-Строй Проект» ЖШС анықталып келісім шарт түзілген. Жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу мерзімі келісім шартқа сәйкес сараптама қорытындысын алуды қоспағанда 3 ай мерзім деп көрсетілген.(Шұбар және Бадам ауылдарынан салынатын көп қабатты тұрғын үйлер құрылысы бойынша  мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, «Южбэстпроект» ЖШС-і жеңімпаз болып анықталды. Қазіргі таңда жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы аталған үйлердің инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысы үшін әзірленетін жобалау-сметалық құжаттама  бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, «Сантех-Строй Проект» ЖШС-і жеңімпаз болып анықталды.  Ағымдағы жылы мамыр айының 1-ші жұлдызында өткен аудандық мәслихаттың №28/1 санды шешіміне сәйкес 6 жобаға (Бадам ауыл округі Орда мөлтек ауданының инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысы үшін,

            Төрткөл ауыл округі Елшібек батыр ауылынан салынатын 200 орындық мектеп құрылысы үшін,

           Бөржар ауыл округі Ынтымақ ауылынан салынатын 200 орындық мектеп құрылысы үшін,

          Төрткөл және Қараспан ауылдарынан салынатын көп қабатты тұрғын үй құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеуге) қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу жоспарлануда.

 

Құрылыс басқармасы тарапынан.

              Бөлім тарапынан ОҚО құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша  300 және 600 орындық мектептердің сәулет-жоспарлау тапсырмалары (АПЗ) бойынша бүгінгі таңда

Шұбарсу елді мекені Арал-Эко массивінен салынатын 600 орындық мектеп құрылысы үшін,

Төрткөл елді мекені ПМК аумағынан салынатын 300 орындық мектеп құрылысы үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленіп, облыстық бюджеттен қаржы қаралып ОҚО құрылыс басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп жеңімпаз мердігерлер анықталып жұмыстар атқарылуда.

Осыған сәйкес ОҚО, Бадам ауыл округі, “Орда” ауылынан 600 орындық мектеп құрылысы құрылысы үшін жобалық- сметалық құжаттамасын әзірлеу.

Қажымұқан ауыл округі, Темірлан елді мекенінен “Самал-2,3” мөлтек ауданынан 600 орындық мектеп құрылысы үшін жобалық- сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары бойынша,  ОҚО Білім басқармасы тарапынан салалық қорытынды алу үшін адам саны жетіспей қолдау табылмады. 2019 жылға жобалау-сметалық құжаттамалары жүргізіледі деп күтілуде.

Қосымша Бадам ауылындағы Қажымұқан және С. Мұқанов атындағы 300 орындық мектеп құрылыстарына, Мақташы ауылынынан салынатын 300 орындық мектеп құрылысына тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы тарапынан сәулет-жоспарлау тапсырмалары әзірленіп, басқармаға ұсынылды.

Сәулет-жоспарлау тапсырмасы.

             Ақбұлақ ауылындағы 200 орындық Болашақ атындағы мектеп құрылысы үшін.

Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауыл округі, Темірлан елді мекенінен Азаматтарды қабылдау орталығы құрылысы нысаны үшін.

Ордабасы ауданы, Шұбар ауыл округінен ұлттық қазақ ат спорт ойындары алаңшасы құрылысы үшін.

Шұбар ауыл округіндегі инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы үшін.

Бадам ауыл округіндегі инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы үшін.

Төрткөл ауыл округіндегі инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы үшін.

Бөржар ауыл округіндегі инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы үшін.

Қараспан ауыл округіндегі инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы үшін сәулет-жоспарлау тапсырмалары әзірленіп, жобалық сметалық құжаттамасын жасауға аудандық экономика және қаржы бөліміне бюджеттік өтінім тасталынды.

Тұрғын үйлер.

 Тұрғын үй құрылыстары бойынша Ордабасы ауданы, Бөген ауыл округінен жас мамандарға арналған көп қабатты тұрғын үй құрылысына.

Ордабасы ауданы, Жеңіс ауыл округінен жас мамандарға арналған көп қабатты тұрғын үй құрылысы.

Ордабасы ауданы, Қарақұм ауыл округінен жас мамандарға арналған көп қабатты тұрғын үй құрылысы.

Ордабасы ауданы, Бөржар ауыл округінен жас мамандарға арналған көп қабатты тұрғын үй құрылысы.

Ордабасы ауданы, Шұбар ауыл округінен жас мамандарға арналған көп қабатты тұрғын үй құрылыстарына сәулет-жоспарлау тапсырмалары толығымен дайындалған.

 

 Қызметтік үйлер.

        Қызметтік үйлер бойынша, сатып алуға 222 000 000 теңге қарастырылды, бүгінгі таңда сол үйлердің құрылыс жұмыстары жүруде. Темірлан елді мекенінде 2 қызметтік үй, Бадам елді мекенінде 1 қызметтік үй.

 

        Аудандық құрылыс бөлімі.

 

 

____________Б.Омарбеков  _______________ Ғ. Үсенбаев  ______________А. Оралбаев

 

____А.Сихымбаева  ______________ Б.Дүйсембаев  _____________ Г.Досова

 

Back to top button
Close