Ордабасы ауданы әкімі аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды

Ішкі конкурсқа қатысушыларға арналған ортақ біліктілік талаптары:

Е-R-1 санатына:  Жоғары білім. Мынадай  құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**

7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

 

Е-G-3  санатына:  Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.            Мынадай  құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

СанатЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
Е-R-1150 741203 208
Е-G-369 95794 108

 

І.  Ордабасы ауданы әкімінің аппараты

160600 Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Т.Рысқұлов көшесі № 14 үй.

Анықтама үшін  тел: 8 (725-30) 2-12-85, тел/факс 8 (725-30) 2-12-41 эл. почта Personal_ordabasy@mail.ru

 

  1. Ордабасы аудандық  жер қатынастары  бөлімінің  басшысы   (санаты Е-R-1), 1 бірлік.

            Функционалдық міндеттері: Аудан аумағында жер қатынастары саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және қызметін жетілдіру жөніндегі жұмыстарын үйлестіреді. Ауданда жер қатынастарын реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі Жарлықтары, өзге де нормативтік құқықтық келісімдер арқылы белгіленген өкілеттері мен құзыретіне сәйкес атқарушы билікті толық іске асырады. Ауданда иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу, жер учаскелерін беру және жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау, мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту және жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізу жөніндегі жұмыстарын ұйымдастырады және осы бағытта жинақталатын құжаттардың заңдылығына бақылау жасайды. Жер учаскелерін өз еркімен иеленуге жол бермеуге, табиғи ресурстардың жағдайына, оларды қорғау мен ұтымды пайдалануға кері әсерін тигізетін объектілер құрылысын орналастыру, іске қосу жөнінен табиғатты қорғау және жер туралы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді. Жер учаскелері меншік иелері мен пайдаланушылардың жер туралы заңдарды, жер учаскелерін, олардың мақсатты тағайындалуына, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебінен жүргізеді. Ауданның жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындайды. Мемлеттік қажеттер үшін жер учаскелерін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындайды.  Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекітеді.   Жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізеді. Бөлім атынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің бір түрден екіншісінің ауыстыру жөнінде ауыл округтері әкімдерімен, облыстың салалық басқармалары мен аудандық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды және ұсыныстар дайындайды және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысады.  Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізу жұмыстарын үйлестіреді және орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының жер заңнамасы мен өзге де нормативтік актілердің шеңберінде азаматтардан және заңды тұлғалардан келіп түскен хаттар мен өтініштерді қарайды және тиісті шаралар қабылдайды.  Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртібін сақтайды.

           Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр),  Техникалық ғылымдар жəне технологиялар (геодезия және картография),  Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару,  жобаны басқару) мамандықтары.

 

  1. Ордабасы ауданы Қажымұхан ауыл округі әкімі аппаратының бас маман – заңгері   (санаты Е-G-3), 1 бірлік.

          Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамаларын насихаттау және түсіндіру, аппараттың қызметінде заңдылықтың сақталуын ұйымдық-құқықтық тұрғысынан қамтамасыз етеді. Әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау мен тіркеуді және тіркелген актілерге мониторинг жүргізеді.  Қолданыстағы заңнамаға сәйкес алқабилерге үміткерлер бойынша жұмысты жүргізеді. Кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының, құқық бұзушылық профилактикасы, кәмелетке жасы толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы аймақтық бағдарламалардың орындалуын жүзеге асырады. Құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқыту жөнінде жұмыс жасайды. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  кодексіне сәйкес жұмыстар жүргізеді. Ауыл округі әкімінің шешімдері мен өкімдерінің заңдылығын бақылауды қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық мамандығы.

 

  1. Ордабасы ауданы Төрткөл ауыл округі әкімі аппаратының бас маман – салық инспекторы  (санаты Е-G-3), 1 бірлік.

          Функционалдық міндеттері:  Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдесуді қамтамасыз ету. Салық төлеушілер мен жеке тұлғалардан түсетін жер, мүлік, көлік  салықтарын жинауға қатысу, салық төленгендігі туралы квитанция беру және есебін жүргізу.  «Жеке және Заңды» тұлғалардан кірістер басқармасына түсетін табыс салығының есебін жүргізу.  Салық жинау жоспарларының (айлық, тоқсандық, алты айлық және жылдық) мерзімінде орындалуы және кемалымдар (недоимка) жөнінде жұмыстар жүргізу. Ауыл округінде кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдесудi қамтамасыз ету. Жеке кәсіпкерлердің, шаруа шаруашылықтардың, өндірістік кооперативтердің аудандық салық басқармасына тіркелуін ұйымдастыру және методикалық көмек беру. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарында көзделген белгіленбеген орындарда сауда жасау, жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ережелерін және инфрақұрылым объектілерін бұзғаны үшін айыппұлдар салудан алынатын кіріс көздерін қалыптастыру. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, ауылдардағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақыны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлемелер бойынша алуды қамтамасыз ету.

     Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

 

          Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделінеқатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралықұжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі  ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнде  көрсетілген мекен жайға тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органда, яғни ОҚО, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, №14 үйде өтеді.

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізеді, оған оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметiнің құқықтық негіздерін, сондай-ақ оның жұмысын ұйымдастыру тәртібiн белгілейтін заңда айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жолдамасы бойынша олардың қызметкерлерінің кандидаттармен әңгімелесуіне және конкурс комиссиясының қорытынды отырысына қатысуға жол беріледі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz. Ордабасы ауданы әкімдігінің сайты: ordabasy.gov.kz

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

__________________________

(мемлекеттік орган)

Нысан

 

Өтініш

Мені____________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________________

________________________________________________________________________________________

 

________                                                ____________________________________

(қолы)                                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

Back to top button
Close