Ақпараттық хабарлама

Ордабасы ауданы бойынша қазіргі таңда асыраушысы жоқ санатында жәрдемақы алушылар саны – 1158 отбасы. “Алтын”, “Күміс” алқа иегерлері – 3822. Көпбалалы отбасы ретінде жәрдемақы алушылар саны 4643 отбасы. Оның ішінде 2018 жылы атаулы әлеуметтік көмек алған отбасылар: шартсыз ақшалай көмек​ – 91 отбасы, шартты ақшалай көмек​ – 1003 отбасы, жалпы атаулы әлеуметтік көмек алғандар 1094 отбасы. Қосымша әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасылардың тізімін және тұрмыс деңгейін анықтау үшін ауыл округі әкімдіктері тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде.​

Back to top button
Close