Жоба Ордабасы аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140бабының 2–тармағына сәйкес Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кіріснің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  2. «Ордабасы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
  • осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
  • осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы републикаылқ мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
  • осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Ордабасы ауданыда таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;
  • осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ордабасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  1. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Оралбаевқа жүктелсін.

 

 

Аудан  әкімінің міндетін

уақытша атқарушы                                                                      Ғ.Үсенбаев

 

 

Ордабасы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «   » ___________

№______қаулысына қосымша

 Аудандық мемлекеттік кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативтері

  1. Аудандық мемлекеттік кәсіпорындар үшін – таза кірістің 45 пайызы мөлшерінде.
  2. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігі кәсіпорының дамуына жұмсалады.
Back to top button
Close