Жоба Ордабасы ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициентiн бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің  529-бабының 6-тармағының бірінші бөлігіне және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 22 қарашадағы   №475 бұйрығымен бекітілген Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  №17847 тіркелген) Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ордабасы ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. “Ордабасы ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ордабасы ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Ордабасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ордабасы ауданы әкімінің экономикалық мәселелер бойынша орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

             

    Аудан әкімінің міндетін

    уақытша атқарушы                                                Ғ.Үсенбаев

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ордабасы ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

______________ У.Халмұрадов

«____» ________ 2019 жыл

Ордабасы ауданы әкімдігінің

2019  жылғы «    » __________

қаулысына қосымша

 

Ордабасы ауданында салық салу мақсатында кәсіпкерлік қызметте қолданылмайтын жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік объектілерінің құнын есептеу кезінде қолданылатын аймаққа бөлу коэффициенті

 

Ауыл округінің атауыЕлді мекеннің атауыАймаққа бөлу коэффиценті
1 

 

 

 

Қажымұхан

 

 

 

Темірлан1,85
2Амангелді1,70
3Кажымұхан1,70
4Ынталы1,70
5Көктөбе1,65
6Боралдай1,65
7Қызыл сеңгір1,65
8 

 

 

Бадам

Бадам1,85
9Мамыр1,80
10Дербес1,80
11Ордабасы1,75
12Ақбұлақ1,75
13Қарабастау1,75
14БөгенБөген1,55
15Кемер1,50
16 

 

 

 

Бөржар

Қайнар1,90
17Ұялыжар1,90
18Ынтымақ1,65
19Ықыластемір1,65
20Теспе1,60
21Жамбыл1,60
22Бірлік1,60
23Қалаш1,60
24ЖеңісЖеңіс1,55
25Дихан1,50
26 

 

 

Қараспан

Қараспан1,70
27Бейсен Онтаев1,60
28Ақжол1,60
29Берген Исаханов1,60
30Жұлдыз1,60
31Ынтымақ1,60
32Төреарық1,60
33Көлтоған1,60
34Ақпан1,60
35Қараспан-2 (Батыр ата)1,60
36Жаңатұрмыс1,60
37Мәдениет1,60
38Мақташы1,55
39Сарыарық1,60
40ҚарақұмҚарақұм1,55
41 

 

 

 

 

Төрткөл

Төрткөл1,80
42Ақсары1,50
43Арыстанды1,50
44Еңбекші1,50
45Жайылма1,50
46Қызылжар1,50
47Елшібек батыр1,50
48Көкарал1,50
49Нұра1,50
50Спатаев1,60
51 

 

 

Шұбар

Шұбар1,80
52Аққойлы1,65
53Береке1,75
54Жусансай1,65
55Сарытоғай1,65
56Тоқсансай1,65
57ШұбарсуШұбарсу1,85
Back to top button
Close