Азаматтарға арналған үкімет былтыр 6 миллионнан аса электронды цифрлық қолтаңба берді

2018 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 6 млн аса электрондық цифрлық қолтаңба рәсімдеді. Бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,4 млн артық.

Берілген ЭЦҚ санының артуы электронды үкімет порталын пайдаланушы азаматтардың көбейгенін білдіреді.

Бұл ретте ХҚО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторы – Connection Point арқылы азаматтардың өз бетінше алған электронды қызметтер саны 2018 жылы 12% өсіп, 12 млн құрады.

Мемлекеттік корпорацияның 2018 жылғы қорытынды есебіне сәйкес, 32 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 17% аз көрсеткіш.

Бұл дегеніміз мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарынан емес, онлайн форматта өз бетінше алатын азаматтардың саны артқан.

Айта кетейік, 2018 жылы Алматы мен Астана қалалары, Түркістан облысының тұрғындары ең көп ЭЦҚ рәсімдеген. Мәселен, алматылықтар 803 мың, Түркістан облысындағылар 738 мың және астаналықтар 523 мыңнан аса электрондық цифрлық қолтаңба алған.

 

2018 жылы рәсімделген электронды цифрлық қолтаңба саны

(аймақтық бөліністе)

 

АймақБерілген ЭЦҚ саны
1Алматы қ.803 090
2Түркістан обл.738 320
3Астана қ. 680 329
4Алматы обл.523 221
5ШҚО357 995
6Қарағанды обл.340 953
7Ақтөбе обл.336 590
8Қызылорда обл.328 927
9Жамбыл обл.311 818
10Ақмола обл.306 026
11Қостанай обл.260 210
12Павлодар обл.208 076
13Атырау обл.203 599
14БҚО189 518
15СҚО177 732
16Маңғыстау обл.175 137
17Шымкент қ.73 319

 

Back to top button
Close