Ордабасы ауданында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының» орындалуы туралы

Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 3 тамыздағы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға  арналған іс-шаралар жоспарына бекіту туралы» №226 қаулысын негізге ала отырып, Ордабасы ауданы әкімдігі 29.08.2018 жылы №417 қаулысымен іс-шаралар жоспары бекітілген. Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес төмендегіше жұмыстар атқарылды.

Аудан әкімдігі жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес комиссиясы құрамы аудан әкімдігінің 19.08.2019 жылғы №409 қаулысымен жаңартылып бекітілген. Аудандық  дербес бөлім басшылары, ауыл округі әкімдерінің қатысуында 3 рет комиссия отырысы өткізілді.

Айқындылықпен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында аудандық «Ордабасы оттары» газетінде «Жемқорлық – жегі құрт», «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу»  айдарлары ашылып, сонымен қоса, құқық қорғау орагандары қызметкерлерінің, дербес бөлім басшыларының, ауыл округі әкімдерінің «Ордабасы оттары» газетінде жарияланатын мақалалардың медиа жоспары бекітілген. Медиа жоспарға сәйкес, ай сайын жемқорлыққа қарсы тиімді мақалалар жариялануы ұйымдастырылды.  Жыл басынан аудандық газетте 36 мақала жарық көрді. Одан бөлек, аудан көлемінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында арнайы ауданның адам көп шоғырланатын орындарына және жолдың бойындағы билборд тақтайшаларына баннерлер жасалып, аудан орталығы мен ауданға қарасты 10 ауыл округінде баннерлер ілінген.

Аудан әкімінің 05.04.2019 жылғы №29-н өкімімен ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, мемлекеттік қызметкерлер мен ауыл тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстарын  жүргізу мақсатында және көрсетілетін қызметтер бойынша сыбайлас жемқорлықтың ішкі талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмысшы тобы құрылды. Аталған жұмысшы топ мүшелерімен 10 ауыл округі әкімінің апппараттарында талдау жұмыстары жүргізілді.  Аудан әкімі аппаратының бөлімдеріне 3 рет ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тарту, мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстырушы құрал ретінде азаматтың бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен ауданның әлеуметтік желі белсенділері, БАҚ-өкілі, аудандық мәслихат депутаты 7 адамнан құралған арнайы мониторинг топ құрылған. Ақпараттық мониторингтік топ мүшелері агенттік тарапынан берілген жоспар бойынша жұмыстар атқаруда.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мамандарымен «Түркістан – адалдық алаңы» жобасы аясында 2 рет тұрмыстық жемқорлықты жоюға бағытталған және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру, тұрғындардың түйіткілді проблемаларын шешу мақсатында аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізілді. Қоғамдық қабылдауға 500-ден аса аудан тұрғындары қатысып, халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық орталық аурухана, аудандық кірістер басқармасы, аудандық көші-қон тобы, құқықтық сауаттылық, халықты жұмыспен қамту салалары бойынша түйіткілді сұрақтарына жауап алды.

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға  арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Жоспарына сәйкес, аудан әкімдігіне қарасты 10 ауыл округі әкімі, дербес бөлім басшылары күнделікті  өз қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады. Ауданға қарасты бөлім басшылары, ауыл округі әкімдері және қызметкерлерімен округте орналасқан мектеп мұғалімдері, аурухана қызметкерлері, ауыл тұрғындарының арасында жиналыстары өткізіліп, қазіргі таңда 42 жиналыс хаттамалары түзіліп аудан әкімі аппаратына ұсынылды.

Аудан әкімдігі тарапынан ауыл округі әкімдері мен бөлім басшыларына Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің әдеп кодексін басшылыққа алып, барлық жауапкершілікті және өзіне жүктелген міндеттері жайында таныстырылған. Өзі басқарып отырған мекеме қызметшілері немесе өз тарапынан мемлекетке қызметке кір келтіретін теріс қылық және сыбайлас жемқорлық фактісі орын алған жағдайда тікелей мекеме басшысы жауапты болатыны жөнінде міндеттеме алған.

Алайда, аудан көлемінде атқарылған іс-шаралар, жүргізілген түсіндірме жұмыстары, бұқаралық ақпарат құралдарына шығып жатқан материалдарға қарамастан ауданда бірнеше келеңсіз жағдайлар орын алып, аудан бойынша 2019 жылдың 8 айдың қорытындысымен 4 мемлекеттік қызметкер сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін жұмыстан босатылған, атап айтсам:

  • Ордабасы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы 2019 жылдың 25-ақпан күні жұмыс орында пара алу үстінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің Сайрам аймағы бойынша ауданарылық басқармасының қызметкерлерімен ұсталып, Ордабасы аудандық сотының 2019 жылғы 28-наурыздағы заңды күшіне енген Үкіміне сәйкес, бөлім басшысының 15.04.2019 жылғы №8-ж бұйрығымен       2019 жылдың 15-сәуірінен бастап атқарып отырған лауазымынан босатылды.
  • Төрткөл ауыл округі әкімі аппаратының бас маман-әлеуметтік қызметкері 2019 жылдың 27-ақпан күні жұмыс орында пара алу үстінде ұсталып, Ордабасы аудандық сотының 2019 жылғы 28-наурыздағы заңды күшіне енген Үкіміне сәйкес, ауыл округі әкімінің 19.04.2019 жылғы №16-ж өкімімен 2019 жылдың 19-сәуірінен бастап атқарып отырған лауазымынан босатылды.
  • Шұбарсу ауыл округінің әкімі 2018 жылдың 16-қазан күні жұмыс орында пара алу үстінде ұсталып, Ордабасы аудандық сотының 2019 жылғы 15-сәуірдегі заңды күшіне енген Үкіміне сәйкес, аудан әкімінің 26.06.2019 жылғы №165-ж өкімімен 2019 жылдың 26-маусымынан бастап атқарып отырған лауазымынан босатылды.
  • Аудандық ветеринария бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы 2019 жылдың 06-маусым күні жұмыс орында пара алу үстінде ұсталып, Ордабасы аудандық сотының 2019 жылғы 26-шілдедегі заңды күшіне енген Үкіміне сәйкес, аудан әкімінің 16.08.2019 жылғы №224-ж өкімімен 2019 жылдың 16-тамызынан бастап атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Сөзімді қортындылай келе ауданымызда қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға  арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, күн тәртібіндегі негізгі жұмыстың бірі ретінде тұрақты бақылауда болады. Бұл бағыттағы атқарылар іс-шаралардың оң нәтиже беруі үшін іс-әрекеттерді жандандыра түсетін боламыз.

Back to top button
Close