Cұрақ:

2019 жылы 29 қазанда аудан әкімінің жеке қабылдауында Арыстанды елді мекенінің тұрғындары Махаштардың шаруа қожалығына берілген жерледің пайдалану заңдылықтары туралы қабылдауда болдық. Әкім 1 ай көлемінде мәселені зерттеп шақырту жіберуге уәде берген. Осы жағдай бойынша әкімнің қабылдауына кіру жайлы ақпарат қажет.

Жауап:

Қ.Махаш ,Б.Махаш ,О.Махаш, Н.Махаштардың  Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралы экономикалық сотының өндірісіндегі талапкер аудан әкәмдігінің 09.10.2017 жылғы 402 қаулысын және кадастырлық нөмері 19-293-040-944 сәйкестендіру актісін ,Ордабасы аудандық жер  қатынастары бөлімі  мен азамат  Г.Усеновтың арасындағы 17.10.2017 жылғы №449 санды жер учаскесін  жалға беру  келісім шартты жарамсыз деп тану туралы талап арызы түсірген және төмендегі себептермен қанағаттандырусыз қалдырған.

Біріншіден:   Ордабасы  ауданы әкімінің 02.04.2001 жылғы №792,794,795,796 санды шешімдермен  «Мария» ӨК –не қарасты жер учаскелері есебінен жалпы көлемі 65,4га оның ішінде 22,5га суармалы ,42,9 га жайылымдық жерлері  қайтарылып алынып , азамат Махаш Оразбай Баймухаммед, Махаш Намазғали және Махаш Қасымбекке шаруа қожалықтарын жүргізу үшін 49 жылға  жалға бөлініп берілгендігімен, аталған шешімдерге тиісті мемлекеттік сәйкестендіру актілерін алмаған .Алайда аудан әкімдігінің 29.02.2002 жылғы №975 қаулысымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аудан бойынша пайдаланбаған азаматтардың  жерлері  аудандық жер қорына  қайтарылып алынған .

Екіншіден:   Қазақстан Республикасының  Жер кодексінің 48 бабының 1 тармағы 5 тармақшасында  «Жеке және заңды тұлғаларға оларға меншік құқығымен және (немесе ) өзге де заттай құқықпен тиесілі үйлерді  (құрылыстарды ,ғимараттарды ) пайдалану және ұстау үшін , оның ішінде іргелес аумақтағы үйлерді  (құрылыстарды ғимараттарды ) Қазақстан Республикасының сәулет ,қала құрылысы және құрылыс  қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет қала құрылысы және (немесе ) құрылысы  құаттамасына сәйкес кенейту және реконструкциялау үшін» іргелес  жатқан жер учаскелері аукционсыз ,конкурссыз берілетіндігі , ал ауыл шаруашылық  жер телімдері  ҚР Ұлттық  экономика министірінің 31.03.2015 жылғы 290 бұйрығымен бекітілген Қағида  талаптарының негізінде конкурс тәсілінде өткізіліп берілетіндігі  көрсетілген .Осыған байланысты Қазақстан  Республикасының  Жер кодексінің 14-1-бабының 3-тармағы  9-тармақшасында  аудандық уәкілетті орган , яғни аудандық жер қатынастары бөлімі  жер сауда-саттығын  (конкурстар ,аукциондар )жүргізу ұйымдастыратындығына байланысты аудан әкімдігі  жанынан  құрылған конкурыстық  комиссиямен бірлесе  отырып ,аудандық жер  қорындағы және аудандық  жер қорына қайтарылған жер телімдері жер учаскесінің жерге орналастыру  жобасына сәйкес ,ауыл шаруашылығы өндіріс жүргізу үшін ер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану  (жалдау ) құқығын  беру жөніндегі  01.09.2017 жылғы  жарияланған  2-конкурсқа  46 лот бойынша  қойылып 02.10.2017 жылы  ҚР  Ұлтты экономика  министірінің 31.03.2015 жылғы  №290 бұйрығымен бекітілген  Қағида талаптарының негізінде  өткізіліп .07.10.2017 жылы  «Оңтүстік Қазақстан »газетіне  конкурс  жеңімпаздары жарияланып , нәтижесінде конкурсқа  қатысып жеңімпаз атанған тұлғаларға соның ішінде  Ғ.Үсеновке  Ордабасы  ауданы , 040 кварталдағы №944 жер  телімі  аудан әкімдігінің 09.10.2017 жылғы №402 қаулысымен заңдастырылып берілген .

Сонымен қатар ,2018 жылдың 07 тамызындағы  5165-18-5-21/1687 санды облыстық мамандандырылған экономикалық сотының судьясы  Н.О.Таштеновтың  төрағалығымен  қаралған азаматтық істің шешіміне сәйкес, Махаштардың  мүделерін қорғаған  облыстық жерт инспекциясы басармасының талап арызын қанағаттандырусыз қалдырған  және  де аталған шешімге келіспеген талап қоюшы тарап облыстық сотқа аппиляциялық шағым түсіріп , нәтижесінде  жоғарыдағы  аталған  шешім  өз күшінде қалдырылған .

Үшіншішен: Қазақстан Республикасының Азаматтық  процестік кодексінің  294 –бабының  1-тармағында  «Азамат және заңды тұлға құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны туралы өздеріне мәлім болған күннен бастап үш ай ішінде сотқа арызбен жүгінуге құқылы» деп нақты мерзімі көрсетілгендіктен, талапкерлер Қ.Махаш, Б.Махаш, О.Махаш, Н.Махаштардың аудан әкімдігінің 09.10.2017 жылғы №402 санды қаулысына талап қою мерзімін өткізіп алғандығын, талап қоюдың ескіру мерзімін қолданып, талапты қанағаттандырудан бас тартылғандығын назарыңызға саламын..

Back to top button
Close