Ордабасы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша 2019 жыл 9 айы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

Темірлан ауылы                                                                                                  2.10.2019 жыл

Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл  агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес 2019 жылдың 05 сәуірінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы өкімімен топ құрылған. Аталған топ 2019 жылдың 9- айына аралығында Ордабасы ауданы әкімі аппаратында (ауылдық округтерге және дербес бөлімдерге) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау,  топ мүшелерімен жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау, Ордабасы ауданы әкімінің аппаратында қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында жүргізілген.

«Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі,    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы»   Заңы,    «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығы,  «Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені қарастыру барысында аппарат қызметіне және оларға байланысты т.б. нормативтік құқықтық актілер зерделенді.

Мемлекеттік органдардың жургізген тексеру нәтижелері:

Аппаратқа есеп-қисапқа қатысты тексеру жүргізілмеген.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар:

Аппарат қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық бойынша аудандық «Ордабасы оттары» газетінде жариялынымдар орын алмаған.

Ордабасы ауданы әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімі

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысымен бекітілген   «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану туралы қағидалары» негізінде төмендегіше мәлімдеймін.

Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер 2019 жылдың 9 айында 765 өтініш келіп түсті. Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (2018 жылдың есепті кезеңінде 658) яғни 107  өтінішке артып отыр.

Оның ішінде:

  • жеке тұлғалардан 519 өтініш (2018 жылдың есепті кезеңінде 457 өтініш, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 62 өтінішке артып отыр);
  • заңды тұлғалардан 46 өтініш (2018 жылдың есепті кезеңінде 48 өтініш, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 өтінішке азайып отыр);
  • аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдауы 103 өтініш (2018 жылдың есепті кезеңінде 116 өтініш, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13 өтінішке азайып отыр);
  • аудан әкімі орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауы 97 өтініш (2018 жылдың есепті кезеңінде 55 өтініш, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 42 өтінішке артып отыр);

Салалар бойынша талдасақ:

  • 434 немесе 57 % – ауыл шаруашылығы мен жер мәселелері бойынша
  • 103 немесе 14 % – тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласына қатысты ауыз су, табиғи газ көлік, жол, мәселелері
  • 12 немесе 1,6% – құрылыс және архитектура мәселелері бойынша
  • 24 немесе 3,5 % – білім беру мәселелері бойынша
  • 88 немесе 13,1% – әлеуметтік көмекке мұқтаждық бойынша
  • 19 немесе 2,7% – жұмысқа орналасу сипаттағы мәселелерге қатысты
  • 20 немесе 2,6 % – тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы
  • 5 немесе 1% – денсаулық саласы бойынша
  • 60 немесе 7,8 % – түрлі мәселелер
Жоғарғы органдар20182019+,-
Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігіне34+1
Әр түрлі министрліктерге1+1
Түркістан облысы әкіміне647+41
«Нұр Отан» ТО филиалына 5+5
Ордабасы  аудандық прокуратурасы710+3
Барлығы1567+52

Өтініштердің көбеюінің бірден бір себебі: Көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға арналған 21 мың теңгеге қатысты  жазылған өтініштер және де аудандық жер қатынастары бөлімі тарапына «Жер мәселесіне» қатысты жазылған қайталама өтініштердің салдарынан (аудандық жер қатынастары бөлімінің тарапынан өтініш иесіне құжат рәсімдеу кезінде мерзімінде дұрыс ақпараттар берілмейді) көбеюде.

Өтініштердің қаралуына жасалған талдау барысында «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңының 8-бабының 1,2 тармақтарының орындау тәртібі бұзылып, ағымдағы жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында бірқатар кемшіліктер орын алған. Атап айтқанда,аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі:

  1. Қараспан елді мекені Бимырза көшесі №8 үй тұрғыны көп балалы отбасы А.Адамбекованың (ЖТ-А-454 05.08.2019ж) «Коммуналдық тұрғын үй сұрау» бойынша жазған өтінішіне сәйкес түсіндірме жауапты 45 күнде жауап берген.
  2. Темірлан елді мекені, жаңа тұрмыс 107 квартал 10/1 үй тұрғыны О.Күлбаевтың (ҰҚ-420 22.07.2019ж) «Нұрлы жер» бағдарламасы негізінде салынған 28 коммуналдық үйді ретке келтіру бойынша жазған өтінішіне сәйкес түсіндірме жауапты 35 күнде жауап берген.
  3. Шұбарсу ауыл округі, Ұшқұдық алабының тұрғыны Т.Жетпісбаевтың (ЖТ-Ж-445 30.07.2019ж) Ұшқұдық алабының электр желілерін ретке келтіру бойынша жазған өтінішіне 40 күнде жауап берген.
  4. Темірлан елді мекені, Келешек көшесін жарықтандыру бойынша (ҰҚ-466 12.08.2019ж) көше тұрғындарының жазған өтінішіне сәйкес түсіндірме жауапты 44 күнде жауап берген.
  5. Шұбарсу ауыл округі Шымкентпромстрой-1 алабы №157 үй тұрғыны Г.Әшірбекованың (ЖТ-Ә-465 12.08.2019ж) Жол, әлеуметтік көмек, электр жүйесі және оқушылар тасымалы жөнінде жазған өтінішіне  44 күнде жауап берген.

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан жалпы электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесімен (ЭҚАБЖ)  жұмыс істеуі (кіріс-шығыс, арыз-шағым және т.б) төмен деңгейде.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 13 бабының 1- тармағында «Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі  басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары айына кемінде 1 рет тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті» делінген, алайда ағымдағы жылдың III-тоқсанын бұқаралық ақпарат құралдарына жеке қабылдау кестесін жарияламаған ауыл окугі әкімі аппараттары мен дербес бөлімдер төмендегідей: аудандық жер қатынастары бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, білім бөлімі, құрылыс бөлімі, ішкі саясат бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және Қарақұм, Бөген ауыл округі әкімдері.

Ағымдағы жылдың 16-қыркүйегінде өткен апталық мәжілістің №44 санды хаттамалық тапсырманың 3-бөлігінде «Ағымдағы жыл басынан жұмысқа орналасу мәселесі бойынша түскен арыз-шағымдарды анықтап, нәтижесімен пайда болған бос жұмыс орындарына кезектілігіне қарай орналасуына талдау жүргізілсін орындау мерзімі 1 апта» тапсырмасы берілген. Тапсырмаға сәйкес, аудан көлеміндегі барлық бос жұмыс орындарының тізімін жасақталып, (95-өтінім, бос жұмыс орындары – 200)  бақылауға күнделікті алынған. Тізімге сәйкес, өтінім берген мекемелерге халықты жұмыспен қамту орталығының кіші ақпараттық жүйесінде ресми тіркелген жұмыссыздар, әлеуметтік жағдайы төмен аз қамтамасыз етілген азаматтар жолдануда. Бүгінгі күнге дейін яғни қазан айының 1-4 аралығында бос жұмыс орындарға 12 азамат жолданған. Оның ішінде 3 азаматты қырқүйек айының 2-10 аралығында жұмыссыздар қатарына тіркеп, сол күндер аралығында «Зерек бала» балабақшасынан, «Жамбыл», «Ерназаров» жалпы орта мектептерінен бос жұмыс орындары бойынша өтінім түскен. Алайда, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан көптен бері жұмыссыздар қатарында тұрған азаматтарға бос жұмыс орындарын ұсынбай, аталған мекемелерге зертханашы, ағылшын пән мұғалімі, тәрбиеші көмекшісі мамандықтары бойынша жұмысқа жолдама берген.

Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімі

Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы:

  • Аппараттың штат саны 2019 жылдың 31 тамызына – 27 бірлікті құрайды, оның ішінде нақты қызметкер саны – 26 бірлік.
  • Есепті кезеңде бос лауазым орындарына орналасуға 45 рет (ішкі-21, ішкі конкурс ІІ-этап – 2, жалпы-22) конкурс өткізілді.
  • Кадрлардың ауысуы – 15 мемлекеттік қызметкер жоғары лауазымға тағайындалған.
  • Есептік кезеңіңде, 19 қызметкер жұмыстан босатылды, оның ішінде: денсаулығыан байланысты – 3, уәкілетті органның ұсынысымен – 0, басқа лауазымға ауысуына –2, өз еркімен босатылған – 7, негізгі қызметкер жұмысқа шығуына байланысты – 1, зейнет жасына жетуіне байланысты – 5 және қайтыс болуына байланысты – 1. Жағымсыз себеппен жұмыстан босатылғандар саны – 3.

 мүдделер қақтығысын реттеу:

Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша аппараттың лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік құқықтық актілерді өз бетімен түсіндіруге мүмкіндік беретін құқықтық олқылықтар анықталған жоқ.

Дискрециялық  өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

Аппараттың қызметкерлерінің басшымен мүдделер шиеленісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ, аппарат қызметкерлері орнықты жұмыс істеуде, кадрлар тұрақсыздығы жоғары емес, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдарды бұзушылықтар анықталған жоқ.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімі    

Ордабасы ауданындағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру

2019 жылдың III-тоқсанның қорытындысы бойынша барлығы 14687 қызмет көрсетілген. Оның ішінде:

-тікелей көрсетілгендер-2725;

-баламалы түрде мүмкіндігі бола тұра тікелей көрсетілген қызметтер (қағаз түрінде) -516

-ХҚКО арқылы көрсетілгендер-2456;

-ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілгендер-7083

-egov.kz  e-licence.kz арқылы -1907

Бекітілген жоспарға сәйкес (аудан әкімінің  24.12.2018 жылғы №100 өкімі) 13 бақылау іс-шарасы өткізілді. Іс-шаралардың қорытындысымен жалпы 505 кемшіліктер анықталды.  Оның ішінде:

-Құжаттар топтамасы түгел болмаса да қызмет көрсету бойынша – 93 кемшілік;

-Қызмет көрсету кезінде стандартта көзделмеген құжаттарды талап ету бойынша – 204

-Мемлекеттік қызмет көрсету саласында өзге заңнамаларды бұзу бойынша – 188

-Мерзімін бұзу – 20

Бақылау іс-шарасының нәтижесінде 21 қызметкерлердің тәртіптік жауапкершіліктері (оның ішінде 11 сөгіс, 1 қатаң сөгіс) қаралған.

Бақылау іс-шараларының қорытындысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша мекемелерге жалпы 52 ұсыным әзірленді. Бүгінгі таңда барлығы орындалған.

Электронды қызмет алудың үлесін арттырудың негізгі ықпал етуші фактор – бұл халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, электронды қызмет алудың тәсілдерін түсіндіру, жәрмеңкелер өткізу. Жыл басынан жалпы түсіндіру жұмыстарында 5470 адам қамтылған.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес облыс көлемінде тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін кешенді шаралар қабылданған.

Қабылданған шаралар аясында Ордабасы ауданында тұрғыдардың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша (базалық білім, E-gov, Open-gov, Е-коммерция дағдылары бойынша) ағымдағы жылдың жаз айларында (маусым-тамыз) 10 ауыл округте  1000 адамды оқу курстарынан өткізілген.

Рұқсат беру функцияларын іске асыры:

Аппараттың рұқсат беру функциясы «жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметтері «Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «е-лицензиялау» веб порталы арқылы, ал «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі қағаз түрінде өтініштер қабылданып, жұмыс жүргізу үшін Ордабасы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөліміне жолданады.

Аппарат қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуге қатыспайды.

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық бөлімі

Бақылау функцияларын іске асыру:

Бақылау функциясы аудан әкiмінiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi әкiм аппараты жүзеге асырады («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы 38 бабы 1 тармағы: басшылықтың ағымдағы тапсырмаларын бақылау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау,  жетекшілік ететін өңірлерде барлық бағыттар бойынша жағдайларға бақылау жасау. Осы мақсатта жергілікті атқарушы органдардан материалдар, құжаттар сұратылады, көшпелі тексерулер, аудан әкімінің жұмыс сапарларын ұйымдастыру және өткізу, ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің және облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларының, бағдарламалық құжаттардың орындалуына бақылауға қатысты іске асады, бұл функция өзге жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғамайды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша ұсынымдар:

  • сала бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына оқытуды үнемі ұйымдастыру;
  • лауазымды тұлғалардың азаматтармен қарым-қатынасын болдырмауды қарастыру;
  • әуре – сарсаңға, бюрократтыққа және қызмет алушылардың арасында шағымдануға жол бермеу мақсатында-мемлекеттік қызмет көрсетудің электронды үлесін арттыру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін жоғарылату, сыбайлас жемқорлық стандарттарын қадағалау бойынша жұмыстарды жалғастыру;
  • мемлекеттiк функцияларды  орындауға  уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның ресми құжаттарға көрінеу жалған мәлiметтердi eнгізуі не аталған құжаттарға олардың шынайы мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгiзуi не көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар беруді болдырмау;
  • мемлекеттік сатып алу заңнамасын қатаң сақтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген:

Ордабасы ауданы әкімі аппаратының басшысыМ.Ақмұратов
Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы                                          З.Сыздық
Аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысыБ.Алтынбеков
Аудан әкімі аппаратының әкімшілік және жалпы бөлімінің басшысы   А.Нуриддинов
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық бөлімінің басшысыН.Нұртай
Аудан әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы–          А.Қалықұл
Back to top button
Close