Ордабасы ауданы әкімінің 2019 жылғы 05-сәуірдегі «Жұмысшы тобын құру туралы» №29-н өкімімен құрылған жұмысшы топтың ауыл округі әкімі аппараттарының жұмысын тексеру, талдау жұмыстарының АНЫҚТАМАСЫ

2019 жылдың 08-сәуірінде сағат 09.00-де Бадам ауыл округі әкімі аппаратында зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында анықталған кемшіліктер:

1.Бадам ауыл округі әкімі аппаратында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған» жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілу қажет.

2.2015-2025 жылдарға арналған жоспарға сәйкес мемлекеттік органдарда қолданыстағы заңнама талаптарының аясында жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыруға жауапты басшының орынбасары лауазымынан төмен емес мемлекеттік қызметшіні бекіту қажеттігі айтылған.

3.Бадам ауыл округі бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша ауылдың көрнекі жерлерінде банер іліну қажет.

4.2018 жыл мен 2019 жылдың І-тоқсанында аудандық «Ордабасы оттары» газетінде тоқсанында кемінде 1 рет мақала жариялауы қажет.

  1. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп, салалар бойынша жиналыстар өткізу.

1.2019 жылдың І-тоқсанында ауыл әкімінің атына жеке тұлғалардан 107 өтініш, заңды тұлғалардан 2 өтініш түскен.

2.Талон кітапшасы алынған, алайда өтініш иелеріне берілмеген.

3.Ауыл округі әкімі және оның орынбасары жеке қабылдау жүргізген, бірақ ТӨБЕАЖ-ға тіркелмеген.

4.Алайда 2017-2019 іс шара жоспарымен жұмыс атқаруда.

  1. Сыбайлас жемқорлық қазіргі таңда бас маманның функционалдық міндетінде тұр.

6.2018-2019 жылдың І-тоқсанында бірде-бір мақала жарық көрмеген

7.Ауыл округінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға арналған ілінген баннерлер санын көбейту қажет.

8.2019 жылдың жеке құрам бойынша және негізгі құрам бойынша өкімдерді тіркеу журналдар тігіліп, беттелген, мөр, қолы қойылған. Бүгінгі таңға фирменный бланк алынған.

9.Жеке құрам бойынша өкімдер кезекті еңбек демалысынан кері шақыту туралы келісімсіз, жазылған өтініштер мен түсініктемелерде ауыл округі әкімінің бұрыштамасыз, қызметкерлерді таныстырусыз  дайындалған.

10.Өкімдерге қоса тіркелетін жолдама мен хаттар кіріске алынбаған.

11.Әдеп кодексінің талабына сәйкес киім кию стилі сақталған.

12.Мемлекеттік қызметшілердің жалпы қабылданған моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптары, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттары сақталмай, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал төмен деңгейде.

2019 жылдың 08-сәуірінде сағат 15.00-де Бөржар ауыл округі әкімі аппаратында зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында анықталған кемшіліктер:

1.Бөржар ауыл округі әкімі аппаратында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған» жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

2.2018 жыл мен 2019 жылдың І-тоқсанында аудандық «Ордабасы оттары» газетінде тоқсанында кемінде 1 рет мақала жариялауы қажет.

  1. 2018 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша 8 жиналыс өтіп,хаттамалары түзілген.
  2. Азаматтарға арналған билборд тақтайшаларына «Сенім» телефоны мен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша баннер орналастырылуы қажет.
  3. Ауыл тұрғындарына және өзге де азаматтарға арналған арыз-шағым жәшігін әкімдіктін баршаға көрінетін жерге орналастыру қажет.
  4. Аудандық газетте ауыл округі әкімінің және орынбасарының жеке қабылдауы жөнінде әр токсанда кестесі жариялануы қажет.

1.Алайда 2018-2019 жылдың І-тоқсанында бірде-бір мақала жарық көрмеген, өткізілген жиналыстың дәлелді фотосуреттері жоқ, «Сенім» телефоны мен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша ешқандай баннер орналастырылмаған,әкімдіктің кіреберіс жерінде жәшік орналастырылғанымен арыз-шағымға арналған деген белгісі жоқ, І-тоқсанда газет бетінде жеке қабылдау кестесі жарияланбаған.

2.2019 жылдың І-тоқсанында ауыл округі әкімінің   ааатына жеке тұлғалардан 75 өтініш, ауыл әкімі мен оның орынбасарының жеке қабылдауында  10 азамат болған.

3.Жеке қабылдау қарточкалары ТӨБЕАЖ-не тіркелмеген.

4.Талон алынған жыл басынан берілмеген.

5.Журналдар тігілмеген, беттеліп мөр қойылмаған.

6.Бөржар ауыл округі әкімі аппараты  қызметкерлерінің жұмысқа келуін белгілеу журналы арналған.

7.2019 жылдың жеке құрам бойынша және негізгі құрам бойынша өкімдерді тіркеу журналдары тігілмеген, беттелмеген, мөр, қолы қойылмаған. Бүгінгі таңға дейін фирменный бланкке өкім дайындалмаған немесе фирменный бланк алынбаған.

8.Жеке құрам бойынша өкімдер кезекті еңбек демалысынан кері шақыту туралы келісімсіз, жазылған өтініштер мен түсініктемелерде ауыл округі әкімінің бұрыштамасыз, қызметкерлерді таныстырусыз  дайындалған.

9.Өкімдерге қоса тіркелетін жолдама мен хаттар кіріске алынбаған.

10.2018 жылы 7 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылған болса, 6 мемлекеттік қызметшіге қолданылған тәртіптік жаза мерзімінен бұрын алынған. Бас маман-жер инспекторы Ш.Әбдіқайымға үш рет, бас маман-есепші Б.Полатбековке екі рет тәртіптік жаза қолданылған. Бұл орайда, бас маман-есепші Б.Полатбековке қолданылған тәртіптік жаза  біреуінде 28 күнде, екіншісінде 30 күнде мерзімінен бұрын алған. Бас маман-жер инспекторы Ш.Әбдіқайымға қолданылған тәртіптік жаза біреуінде 3 ай 15 күнде, екіншісінде 1 ай 6 күнде алған. Бұл жағдай мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершіліктерінің жоғарылауына, іскерлік қабілеттерінің артуына кері әсерін тигізуде деп тұжырымдауға болады. 

12.Әдеп кодексінің талабына сәйкес киім кию стилі сақталған, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал дұрыс деңгейде.

2019 жылдың 09-сәуірінде сағат 15.00-де Шұбарсу ауыл округі әкімі аппаратында зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында анықталған кемшіліктер:

1.Шұбарсу ауыл округі әкімі аппаратында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған» жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

2.2018 жыл мен 2019 жылдың І-тоқсанында аудандық «Ордабасы оттары» газетінде тоқсанында кемінде 1 рет мақала жариялауы қажет.

  1. Сыбайлас жемқорлық бойынша өткізілген жиналыстың хаттамалары мен дәлелді фотосуреттері бірге тігілуі қажет.

1.Алайда хаттамалары мен фотосуреттері тігілгенімен хаттамада көрсетілген адам санына фотодағы адам саны сәкес келмейді, іс-шара жоспарының пункттер саны өте аз қайта жасақтап толықтыру қажет, 2018-2019 жылдың І-тоқсанында бірде-бір мақала жарық көрмеген,

2.Шұбар ауыл округі әкімі аппараты  қызметкерлерінің жұмысқа келуін белгілеу журналы арналған.

3.2019 жылдың жеке құрам бойынша және негізгі құрам бойынша өкімдерді тіркеу журналдары тігілген, беттелген, мөр, қолы қойылған, өкімдер  фирменный бланкте дайындалған.

4.Келісім шартқа сәйкес қоғамдық жұмысқа тарту туралы шығарылған өкімдерге қоса тіркелетін жолдама мен хаттар кіріске алынған.

5.Бас маман–инфрақұрылым қызметкері Б.Рапбеков жұмысқа 30 минут кешігіп келгені үшін түсініктемесі алынды.

6.Әдеп кодексінің талабына сәйкес киім кию стилі сақталған, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал орташа деңгейде.

7.«Е-халық» бағдарламасы бойынша болып жатқан науқанға байланысты ауыл округі әкімі аппаратындағы ауқымды жұмысты  жасауға  қызметшілерге жағдай жасалмаған. Жұмыс орындарында отыруға мүмкіндік жоқ.

2019 жылдың 09- сәуірінде Шұбар ауыл округі әкімі аппаратында зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында анықталған кемшіліктер:

1.2019 жылдың І-тоқсанында жеке тұлғалардан 19 өтініш, заңды тұлғалардан 1 өтініш түскен.

2.Талон кітапшасы арналған, заңға сәйкес жүргізілуде

3.Журналдар нөмерленген, мөр басылып тігілген.

4.Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарынан келген хат заңды тұлғалар түскен өтінішке тіркеліп кеткен.

5.Ауыл әкімі және оның орынбасары жыл басынан 5 азамат қабылдаған.

6.Шұбар ауыл округі әкімі аппараты  қызметкерлерінің жұмысқа келуін белгілеу журналы арналған.

7.2019 жылдың жеке құрам бойынша және негізгі құрам бойынша өкімдерді тіркеу журналдары тігілген, беттелген, мөр, қолы қойылған, өкімдер  фирменный бланкте дайындалған.

8.Келісім шартқа сәйкес қоғамдық жұмысқа тарту туралы шығарылған өкімдерге қоса тіркелетін жолдама мен хаттар кіріске алынбаған.

9.2019 жылғы мемлекеттік қызметшілердің және кіші қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының кестелерін бекіту туралы өкім заң нормаларына сәйкес 2018 жылдың соңғы айында бекітілуі тиіс болатын, алайда, 2019 жылдың 07-ақпанында бекітілген.

10.Әдеп кодексінің талабына сәйкес киім кию стилі сақталған, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал жоғарғы деңгейде.

2019 жылдың 10-сәуірінде сағат 09.00-де Қараспан ауыл округі әкімі аппаратында зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында анықталған кемшіліктер:

  1. Сыбайлас жемқорлық бойынша орындауға арналған жұмыс жоспары болуы қажет.

2.2018 жыл мен 2019 жылдың І-тоқсанында аудандық «Ордабасы оттары» газетінде тоқсанында кемінде 1 рет мақала жариялауы қажет.

3.Азаматтарға арналған билборд тақтайшаларына «Сенім» телефоны мен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша баннер орналастырылуы қажет.

1.Алайда «Сенім» телефоны мен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша ешқандай баннер орналастырылмаған,өткізілген жиналыстардың саны аз,  жұмыс жоспары мүлде түзілмеген, көрсетілген жоқ, 2018-2019 жылдың І-тоқсанында бірде-бір мақала жарық көрмеген

2019 дың І-тоқсанында жеке тұлғалардан 98 өтініш түскен

2.Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына жататын өтініш жеке тұлғалардың өтінішіне дұрыс тіркелмеген.

3.Бақылау тіркеу карточкаларында ауыл әкімінің қолы жоқ

4.Ауыл әкімі және оның орынбасары жыл басынан 7 азамат қабылдаған

5.Қараспан ауыл округі әкімі аппараты  қызметкерлерінің жұмысқа келуін белгілеу журналы арналған.

6.2018 жылдың жеке құрам бойынша және негізгі құрам бойынша өкімдерді тіркеу журналдары тігілмеген, беттелмеген, мөр, қолы қойылмаған. Бүгінгі таңға дейін фирменный бланкке өкім дайындалмаған немесе фирменный бланк алынбаған.

7.Жеке құрам бойынша өкімдер кезекті еңбек демалысынан кері шақыту туралы келісімсіз, жазылған өтініштер мен түсініктемелерде ауыл округі әкімінің бұрыштамасыз, жұмыстан босату туралы өкімдер өтінішсіз, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау-босату өкімдерін таныстырусыз  дайындалған.

8.Өкімдерге қоса тіркелетін жолдама мен хаттар кіріске алынбаған.

9.Бас маман–есепші Т.Қалмырза жұмысқа 20 минут кешігіп келгені үшін түсініктемесі алынды.

10.«Е-қызмет» жүйесі бойынша жұмыс жасау дұрыс жолға қойылмаған.

11.Мемлекеттік қызметшілердің киім кию стилі мен телефон арқылы сөйлесу мәнері жазылған тақтайша ілінбеген.

12.Әдеп кодексінің талабына сәйкес киім кию стилі сақталған, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал төмен деңгейде.

Бөген ауыл округі әкімі аппаратында зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында анықталған кемшіліктер:

  1. 2019 дың І-тоқсанында жеке тұлғалардан 15 өтініш түскен

2.Ауыл әкімі және оның орынбасары жыл басынан 1 азамат қабылдаған.

3.Бақылау тіркеу карточкаларында ауыл әкімінің қолы жоқ

4.Жауап хаттарда өтініш иелерінің жауапты алғандығы туралы белгі жоқ.

5.2019 жылдың жеке құрам бойынша және негізгі құрам бойынша өкімдерді тіркеу журналдары тігілмеген, беттелмеген, мөр, қолы қойылмаған. Бүгінгі таңға дейін фирменный бланкке өкім дайындалмаған немесе фирменный бланк алынбаған.

6.Жеке құрам бойынша өкімдер кезекті еңбек демалысынан кері шақыту туралы келісімсіз, еңбек демалысына өтінішсіз, тәртіптік жаза түсініктемесіз, жазылған өтініштер мен түсініктемелерде ауыл округі әкімінің бұрыштамасыз, қызметкерлерді таныстырусыз  дайындалған.

7.Өкімдерге қоса тіркелетін жолдама мен хаттар кіріске алынбаған.

8.«Е-қызмет» жүйесі бойынша жұмыс жасау дұрыс жолға қойылмаған.

9.Әдеп кодексінің талабына сәйкес киім кию стилі сақталмаған.

10.Облыс бойынша Әдеп уәкілі және аудан бойынша Әдеп уәкілінің функциясы жүктелген мемлекеттік қызметшілер туралы мәлімет жазылған тақтайша сын көтермейтін жағдайда. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің киім кию стилі мен телефон арқылы сөйлесу мәнері жазылған тақтайша ілінбеген.

11.Мемлекеттік қызметшілердің жалпы қабылданған моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптары, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттары сақталмай, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал орташа деңгейде.

2019 жылдың 11-сәуірінде сағат 10.00-де Жеңіс ауыл округі әкімі аппаратында зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында анықталған кемшіліктер:

1.Жеңіс ауыл округі әкімі аппаратында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған» жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

  1. 2019 жылдың І-тоқсанында аудандық «Ордабасы оттары» газетінде тоқсанында кемінде 1 рет мақала жариялауы қажет.

3.Азаматтарға арналған билборд тақтайшаларына «Сенім» телефоны мен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша баннер орналастырылуы қажет.

1.Жиналыстардың өткізілуі тұрақты хаттамалары мен фотосуреттері уақытында жолданып тұрады, Сенім» телефоны мен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша ешқандай баннер орналастырылмаған, 2019 жылдың І-тоқсанында мақала жарық көрмеген

2. 2019 дың І-тоқсанында жеке тұлғалардан 6 өтініш түскен

3.Талон кітапшасы арналған, заңға сәйкес жүргізілуде

4.Жауап хаттарда өтініш иелерінің жауапты алғандығы туралы белгі жоқ

5.Ауыл әкімі жыл басынан  2 азамат қабылдаған.

6.Жеңіс ауыл округі әкімі аппараты  қызметкерлерінің жұмысқа келуін белгілеу журналы арналған.

7.2019 жылдың жеке құрам бойынша және негізгі құрам бойынша өкімдерді тіркеу журналдары тігілген, беттелген, мөр, қолы қойылған. Бүгінгі таңға дейін фирменный бланкке өкім дайындалмаған немесе фирменный бланк алынбаған.

8.Өкімдерге қоса тіркелетін жолдама мен хаттар кіріске алынбаған.

9.«Е-қызмет» жүйесі бойынша жұмыс жасау дұрыс жолға қойылмаған.

10.Мемлекеттік қызметшілердің киім кию стилі мен телефон арқылы сөйлесу мәнері жазылған тақтайша ілінбеген.

11.Әдеп кодексінің талабына сәйкес киім кию стилі сақталған, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал  жоғары деңгейде.

 

     Қарақұм ауыл округі әкімі аппаратында зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында анықталған кемшіліктер:

2019 дың І-тоқсанында жеке тұлғалардан 31 өтініш түскен

2.Талон кітапшасы арналған, заңға сәйкес жүргізілуде

3.Жауап хаттарда өтініш иелерінің жауапты алғандығы туралы белгі жоқ

4.Өтініштерді нөмерлеу қағидаға сәйкес жүргізілмеген.

5.Ауыл әкімінің жеке қабылдауы жүргізілмеген

6.Қарақұм ауыл округі әкімі аппараты  қызметкерлерінің жұмысқа келуін белгілеу журналы арналған.

7.2019 жылдың жеке құрам бойынша және негізгі құрам бойынша өкімдерді тіркеу журналдары тігілген, беттелген, мөр, қолы қойылған. Бүгінгі таңға дейін фирменный бланкке өкім дайындалмаған немесе фирменный бланк алынбаған.

8.Өкімдерге қоса тіркелетін жолдама мен хаттар кіріске алынбаған.

9.«Е-қызмет» жүйесі бойынша жұмыс жасау дұрыс жолға қойылмаған.

10.Әдеп кодексінің талабына сәйкес киім кию стилі сақталған. Мемлекеттік қызметшілерге бейджик дайындалып, тағып алынған.

11.Мемлекеттік қызметшілердің жалпы қабылданған моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптары, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттары сақталмай, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал жоғары деңгейде.

2019 жылдың 11-сәуірінде сағат 15.00-де Төрткөл ауыл округі әкімі аппаратында зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында анықталған кемшіліктер:

1.Төрткүл ауыл округі әкімі аппаратында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған» жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

  1. 2018 жыл 2019 жылдың І-тоқсанында аудандық «Ордабасы оттары» газетінде тоқсанында кемінде 1 рет мақала жариялауы қажет.

3.Азаматтарға арналған билборд тақтайшаларына «Сенім» телефоны мен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша баннер орналастырылған.

4.Өткізілген жиналыстары мен, хаттамаларында кемшілік табылмады уақытылы өткізілуде.

2018 жылы мақала жарияланған, бірақ 2019 жылдың І-тоқсанында мақала жарық көрмеген

2019 жылдың 12-сәуірінде сағат 10.00-де Қажымұхан ауыл округі әкімі аппаратында зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында анықталған кемшіліктер:

1.Қажымұхан ауыл округі әкімі аппаратында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған» жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

  1. 2018 жыл 2019 жылдың І-тоқсанында аудандық «Ордабасы оттары» газетінде тоқсанында кемінде 1 рет мақала жариялауы қажет.

1.Жауапты маманның оқуда болуына байланысты қужаттарын толық көру мүмкін болмады, азаматтарға арналған билборд тақтайшаларына «Сенім» телефоны мен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша баннер орналастырылмаған жиналыс хаттамалары формальды түрде жасалған, фотосуреттері де бұрын түсірілген,2018 жылы мақала жарияланған, бірақ 2019 жылдың І-тоқсанында мақала жарық көрмеген

2019 дың І-тоқсанында жеке тұлғалардан 176 өтініш түскен

2.Талон кітапшасы арналған, заңға сәйкес жүргізілуде

3.Жауап хаттарда өтініш иелерінің жауапты алғандығы туралы белгі жоқ

4.Ауыл әкімінің орынбасарларының жеке қабылдауы жүргізілмеген

5.Ауыл әкімі жыл басынан 6 азамат қабылдаған.

6.Қажымұхан ауыл округі әкімі аппараты  қызметкерлерінің жұмысқа келуін белгілеу журналы арналған.

7.2018 жылдың жеке құрам бойынша және негізгі құрам бойынша өкімдерді тіркеу журналдары тігілмеген, беттелмеген, мөр, қолы қойылмаған, өкім фирменный бланкке дайындалмаған, ал 2019 жылғы өкімдер фирменный бланкке дайындалып, журналдар тігілген, беттелген, мөр, қолы қойылған. 

8.Жеке құрам бойынша өкімдер жазылған өтініштер мен түсініктемелерде ауыл округі әкімінің бұрыштамасыз, қызметкерлерді таныстырусыз  дайындалған.

9.Өкімдерге қоса тіркелетін жолдама мен хаттар кіріске алынбаған.

10.Әдеп кодексінің талабына сәйкес киім кию стилі сақталған, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал жоғары деңгейде.

Ж.Нұрғали                                   – аудан әкімі аппаратының заң       бөлімінің басшысы,жұмысшы топ жетекшісі

З.Сыздық                                     – аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр) бөлімінің басшысы

Ж.Бекмурзаева                            – аудан әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімінің бас инспекторы

С.Сүйіндік                                   – аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы

Е.Данияров                                 – аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің бас инспекторы

Back to top button
Close