Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүліктерді мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

ОРДАБАСЫ   АУДАНЫ  ӘКІМДІГІНІҢ

Қ А У Л Ы С Ы

Темірлан елді мекені.                                  № ______                       «____» _______ 2019 жыл

 

Мемлекет  мұқтажы үшін жер

учаскелерін және өзге де жылжымайтын

мүліктерді  мәжбүрлеп  иеліктен

шығарудың  басталуы  туралы      

                               

Қазақстан  Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84,85,86,87,88,89 – баптарына, «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан  Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан  Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының  6 тарауына  және  Ордабасы  аудандық  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі  және  автомобиль жолдары бөлімінің 2019 жылғы 5 қарашадағы  №2355  санды  хатына сәйкес, аудан әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасында  көрсетілген  жеке  тұлғалардың  жер учаскелері  және  өзге де  жылжымайтын  мүліктері  мемлекеттік  мұқтажы  үшін  алынсын.
  2. «Ордабасы аудандық жер қатынастары  бөлімі»  мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнама  талаптарына  сәйкес  мемлекет  мұқтажы  үшін  алынған  жер учаскелерінің  орынына  басқа  жер  учаскесі  берілуі  мүмкіндігін  қарастырып  және осы  қаулының  орындалуына  бағытталған  басқа да  тиісті  іс-шараларды  жүзеге  асырсын.
  3. Мәжбүрлеп иеліктен  шығару  күні  осы қаулының  ресми  жарияланған  күнінен  үш  айдан  ерте  емес мерзімнен, 2020 жылдың 12 наурызынан  бастап  жүзеге  асырылады.
  4. Қосымшада көрсетілген  жер  пайдаланушылар  немесе  жылжымайтын  мүлік  иелерімен  келісім  рәсімдерін  жүзеге  асырылуының  орны  Темірлан  ауылы,  Абасов көшесі №6/5  ғимаратында орналасқан  «Ордабасы  аудандық  жер қатынастары  бөлімі»  мемлекеттік  мекемесі болып белгіленсін.
  5. «Ордабасы аудандық  экономика  және қаржы  бөлімі»  және  «Ордабасы  аудандық  тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық,  жолаушылар  көлігі  және  автомобиль  жолдары бөлімі»  мемлекеттік  мекемелері  анықталған  жерде  орналасқан  жылжымайтын  мүліктердің  құнын  төленуін  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  қамтамасыз  етсін.
  6. Аудандық жер қатынастары бөлімі (Қ.Сейітқұл) жер өзгерістері есебін жүргізсін.
  7. Осы қаулының орындалуын  қадағалау  аудан  әкімінің  орынбасары                            А.Абдикулов  жүктелсін.

 

                Аудан   әкімі                                                         А.Усербаев

Back to top button
Close