Ордабасы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қарашадағы №536 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

ОРДАБАСЫ   АУДАНЫ  ӘКІМДІГІНІҢ

Қ А У Л Ы С Ы

Темірлан елді мекені.                                  № ______                       «____» _______ 2019 жыл

 

Ордабасы ауданы әкімдігінің

2019 жылғы 6 қарашадағы

№536 қаулысына өзгерістер

енгізу  туралы

 

Қазақстан Республикасының  2016 жылғы  6 сәуірдегі, «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының  31-бабына және «Құқықтық актілер туралы»   Заңының  65-бабының  3-тармағына сәйкес, аудан  әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Ордабасы ауданы әкімдігінің  2019 жылғы  6 қарашадағы  «Мемлекет мұқтажы  үшін  жер учаскелерін  және  өзге де  жылжымайтын  мүліктерді  мәжбүрлеп  иеліктен  шығарудың  басталуы  туралы» №536  қаулысының  3 тармағындағы  «мәжбүрлеп  иеліктен  шығару  күні  осы қаулының  жарияланған  күнінен  бастап  жүзеге  асырылады»  деген  сөздер «мәжбүрлеп  иеліктен  шығару күні  осы қаулының  ресми  жарияланған күнінен  бастап  үш айдан ерте  емес мерзімнен, 2020 жылдың 10 ақпанынан, бастап  жүзеге  асырылады»  деген  сөйлеммен өзгертілсін.
  2. Аудандық жер қатынастары бөлімі (Қ.Сейітқұл) жер өзгерістері есебін жүргізсін.
  3. Осы қаулының орындалуын  қадағалау  аудан  әкімінің  орынбасары                            А.Абдикуловқа  жүктелсін.

 

        Аудан   әкімі                                                         А.Усербаев

Back to top button
Close