Ордабасы ауданы бойынша жекелеген елді мекендердің шекараларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 1, 5 тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ордабасы аудандық жер қатынастар бөлімі және Ордабасы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысына сәйкес жекелеген елді мекен шекараларына өзгеріс енгізілсін:
  • 101,0 гектар жер учаскесі  елді  мекеннің  шегіне  енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі  Темірлан елді мекенінің  жалпы ауданы  1155,0 гектар;
  • 149,0 гектар жер учаскесі  елді  мекеннің  шегіне  енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Қажымұқан елді мекенінің жалпы ауданы 268,4 гектар;
  • 7,0 гектар жер учаскесі  елді  мекеннің  шегіне  енгізіле отырып, Бадам ауыл округі  Мамыр елді мекенінің  жалпы ауданы  93,6 гектар;
  • 101,0 гектар жер учаскесі  елді  мекеннің  шегіне  енгізіле отырып, Бадам  ауыл округі  Ордабасы елді мекенінің  жалпы ауданы  182,0 гектар;
  • 10,1 гектар жер учаскесі  елді  мекеннің  шегіне  енгізіле отырып, Бадам  ауыл округі  Қарабастау елді мекенінің  жалпы ауданы  42,85 гектар;
  • 59,0 гектар жер учаскесі  елді  мекеннің  шегіне  енгізіле отырып, Бөген  ауыл округі  Бөген елді мекенінің  жалпы ауданы  345,0  гектар;
  • 33,0 гектар жер учаскесі  елді  мекеннің  шегіне  енгізіле отырып, Бөржар ауыл округі  Теспе  елді мекенінің  жалпы ауданы  123,0  гектар;
  • 23,6 гектар жер учаскесі  елді  мекеннің  шегіне  енгізіле отырып, Бөржар ауыл округі  Қайнар елді мекенінің  жалпы ауданы  214,6 гектар;
  • 15,0 гектар жер учаскесі  елді  мекеннің  шегіне  енгізіле отырып, Жеңіс ауыл округі  Жеңіс  елді мекенінің  жалпы ауданы  207,2  гектар;
  • 15,5 гектар жер учаскесі  елді  мекеннің  шегіне  енгізіле отырып, Қараспан ауыл  округі  Төреарық  елді мекенінің  жалпы ауданы   133,8 гектар;
  • 12,0 гектар жер учаскесі  елді  мекеннің  шегіне  енгізіле отырып, Қараспан ауыл  округі  Батыр ата  елді мекенінің  жалпы ауданы   118,7 гектар;
  • 22,0 гектар жер учаскесі  елді  мекеннің  шегіне  енгізіле отырып, Қараспан ауыл  округі  Берген  елді мекенінің  жалпы ауданы  135,4  гектар;
  • 6,8 гектар жер учаскесі  елді  мекеннің  шегіне  енгізіле отырып, Қараспан ауыл  округі  Мәдениет  елді мекенінің  жалпы ауданы  73,18  гектар;
  • 7,8 гектар жер учаскесі  елді  мекеннің  шегіне  енгізіле отырып, Қараспан ауыл  округі  Ақжол  елді мекенінің  жалпы ауданы  108,65  гектар;
  • 19,0 гектар жер учаскесі  елді  мекеннің  шегіне  енгізіле отырып, Төрткөл  ауыл  округі  Елшібек батыр  елді мекенінің  жалпы ауданы  102,06  гектар;
  • 17,0 гектар жер учаскесі  елді  мекеннің  шегіне  енгізіле отырып, Төрткөл  ауыл  округі  Жайылма  елді мекенінің  жалпы ауданы   25,65 гектар;
  • 8,5 гектар жер учаскесі  елді  мекеннің  шегіне  енгізіле отырып, Төрткөл  ауыл  округі  Спатаев  елді мекенінің  жалпы ауданы   105,33 гектар;
  • 24,0 гектар жер учаскесі  елді  мекеннің  шегіне  енгізіле отырып, Төрткөл  ауыл  округі  Төрткөл  елді мекенінің  жалпы ауданы  457,0 гектар;
  • 16,0 гектар жер учаскесі  елді  мекеннің  шегіне  енгізіле отырып, Бөржар ауыл  округі  Жамбыл  елді мекенінің  жалпы ауданы   144,4  гектар.
  • 14,5 гектар жер учаскесі  елді  мекеннің  шегіне  енгізіле отырып, Қарақұм  ауыл  округі  Қарақұм  елді мекенінің  жалпы ауданы  189,21  гектар;
  1. “Ордабасы аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ордабасы ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

  1. Бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                                      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы

                                                                                                         Аудандық мәслихат хатшысы

Back to top button
Close