Ордабасы ауданы әкімі аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды

Ішкі конкурсқа қатысушыларға арналған ортақ біліктілік талаптары:

 

E-R-1 санатына:  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

E-R-3 санатына:  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

СанатЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
E-R-1142461192366
E-R-3106288142885

 

Ордабасы ауданы әкімінің аппараты.

160600 Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Т.Рысқұлов көшесі № 14 үй.

Анықтама үшін  тел: 8 (725-30) 2-12-85, тел/факс 8 (725-30) 2-12-41 эл. почта Z.Syzdyk@ontustik.gov.kz

 

  1. Ордабасы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің  басшысы   (санаты Е-R-1), 1 бірлік.

          Функционалдық міндеттері:  Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу және мемлекеттік тұрғын үй қорын басқару жөніндегі жұмыстарын үйлестіреді. Ауданның тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жақсарту, жолаушылар көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру, автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ коммуналдық тұрғын үйлерді беру және оны жекешелендіру, объектілер мен коммуникациялардың құрылысын, қайта құрылуын, қалпына келтірілуін, күрделі жөнделуін, аумақтардың абаттандырылуын, көгалдандырылуын реттейтін мәселелердің нормалары мен ережелерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыстарын ұйымдастырады. Мекеменің және ведомствоға қарасты мекемелердің жедел басқаруындағы мемлекеттік мүліктің мақсаты бойынша пайдаланылуына және сақталуына,  коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысын, коммуналдық шаруашылықты қысқы мезгілдегі жұмысқа дайындау бойынша кәсіпорындар-қызмет берушілер мен тұтынушылардың (ПИК) қызметін үйлестіреді және жұмысына бақылауды қамтамасыз етеді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі саласында бағаның қалыптасуына талдау жүргізеді халыққа және бюджеттік сала объектілеріне кәсіпорындар ұсынатын коммуналдық қызметтерге, жолаушыларды тасымалдауға бағалар мен тарифтердің дәлелділігін келіседі және тексереді. Коммуналдық қызмет көрсетуді жетілдіру, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік тұрғын үй қорын есепке алуды және бөлуді ұйымдастырады. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастырады, күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін және кезектілігін айқындауды қамтамасыз етеді. Ауданның тұрғын үйлерін жылыту маусымына дайындауды, пәтер иелері кооперативтерімен (бұдан әрі – ПИК) жұмыс және су тасқынына дайындауды ұйымдастырады.  Ауданның тазалығын қамтамасыз ету және абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру, жылу-электрмен жабдықтау, сондай-ақ сумен жабдықтау, су бұру және канализация бойынша жұмыстарды жүргізу, жерлеу орындарын күтіп-ұстау, аудан көшелері мен өзге де елді мекендердегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көлік инфрақұрылымын дамыту, ипотекалық және коммуналдық тұрғын үйлерді есепке алу және бөлу тұрғысынан мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, стандарттау және сертификаттау, маркшейдер ісі, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, көлік, көліктік техника және технологиялар, машина жасау, көлік құрылысы), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару),Қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру), Логистика (сала бойынша), Құқықтану мамандықтары.

Лауазымның нақты функционалдық бағытына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі  «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес дербес білім беру ұйымдарындағы білім, немесе шетелдік жоғары оқу орындарындағы, Республикалық комиссиямен бектілетін басымдылық берілетін мамандықтар.

 

  1. Ордабасы аудандық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі (санаты Е-R-3), 1 бірлік.

          Функционалдық міндеттері:   Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін басшылыққа ала отырып, республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттерді айма-ай толық әрі сапалы игеруді ұйымдастарады. Ауданның аумағында құрлыс нысандарын өзіне міндеттелген қызметтерді орындайды. Аудан аумағындағы бюджет есебінен жүргізілетін (балабақша, мектеп, тұрғын үйлер, әкімшілік ғиарат құрылыс және инженерлік инфрақұрылым нысандарының) құрылыс жұмыстарын және  саулет жобалау тапсырмасын әзірлеуде жұмыстарды ұйымдастарады.

Аудан аумағындағы құрылыс нысандырының және инженерлік инфрақұрылым нысандарының даму жоспарын әзірлейді. Бөлімде қауіпсіздік және қолайлы еңбек жағдайларын, еңбекті қорғау, техникалық және ақпараттық қауіпсіздік, өртке қарсы қауіпсіздік және өндірістік санитария ережелерінің орындалуын, мекеме мүлкінің тиімді пайдалануын және сақталуын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технология (көлік құрылысы, құрылыс,  құрылыс материалдарын, бұйымдарын жəне құрастырылымдарын өндіру,  стандарттау, сертификаттау жəне метрология, Көлік, көліктік техника жəне технологиялар, маркшейдер ісі), Өнер (сәулет, мүсін, кескіндеме, дизайн, графика), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару,  жобаны басқару) мамандықтары.

Лауазымның нақты функционалдық бағытына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі  «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес дербес білім беру ұйымдарындағы білім, немесе шетелдік жоғары оқу орындарындағы, Республикалық комиссиямен бектілетін басымдылық берілетін мамандықтар.

 

  1. Ордабасы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі (санаты Е-R-3), 1 бірлік.

          Функционалдық міндеттері:  Аудан көлемінде импортқа тәуелділікті төмендету, экспроттаушы кәсіпорындардың әлеуетін арттыру бағытында жұмыс жүргізуді, Экспортқа шыққан және импорт ретінде енген тауарларға тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді. Өз құзыреті шегінде ауданға отандық және шет ел инвесторларын барынша тарту, сүйемелдеу бойынша жұмыстар жүргізеді. Негізгі қорды жаңғыртуға игерілген инвестиция  көлемінде бюджеттік емес инвестицияның пайыз үлесінің жоғары болуына тұрақты мониторинг жүргізеді.  Өз құзыретi шегiнде шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту үшiн  инвестициялар тартуды қамтамасыз етеді. Өндірісті индустрияландыру,  даму бағдарламасымен  базалық көрсеткіштер тізбесінде белгіленген көрсеткіштердің орындалуына жұмыс жүргізеді. Бөлімге келіп түскен барлық кіріс құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарын қабылдау, мекеме басшысының жеке қабылдауын жүргізу, тіркеу және №1-ТӨ нысандағы статистикалық есепті жүргізеді. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) халықаралық нарықтарына шығуы үшiн кәсіпорындармен «СТ-КZ» тауардың шығу тегі туралы, ИСО-9000-9001 және басқада халықаралық деңгейдегі сертификаттарды алу бойынша жұмыс жүргізеді. “Е-қызмет” ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне мәліметтер енгізу және жұмысын жүргізеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес» мемлекеттік  өңірлік  бағдарламасының  орындалуы бойынша жұмыстар жүргізеді. Облыс және аудан әкімінің тапсырмаларының орындалуы бойынша жұмыс жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, финансы, статистика, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару), Құқық (құқықтану), Ауылшаруашылық ғылымдары (агрономия, жерді мелиорациялау, баптау жəне қорғау, аңшылықтану жəне аң шаруашылығы, балық шаруашылығы жəне өнеркəсіптік балық аулау, орман ресурстары жəне орман шаруашылығы, су ресурстары жəне суды пайдалану, өсімдіктерді қорғау жəне карантин), Қызмет көрсету (геоэкология жəне табиғатты пайдалану басқармасы, туризм, мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі), Техникалық ғылымдар және технологиялар (геология жəне пайдалы қазбалар кен орнын барлау, пайдалы қазбаларды байыту, тау-кен ісі, мұнай-газ ісі, металлургия, техникалық физика, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, қоршаған ортаны қорғау жəне өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, геофизикалық іздеу əдістері жəне пайдалы қазбалар кен орындарын барлау, органикалық заттардың химиялық технологиясы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы, гидротехникалық құрылыс жəне ғимарат, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша), бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы), Жаратылыстану ғылымдары (физика, ядролық физика, химия, экология, биология, гидрология, метеорология), Білім (физика, химия, биология)  мамандықтары.

Лауазымның нақты функционалдық бағытына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі  «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес дербес білім беру ұйымдарындағы білім, немесе шетелдік жоғары оқу орындарындағы, Республикалық комиссиямен бектілетін басымдылық берілетін мамандықтар.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
  • тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда  олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда осы Қағидалардың 13-тармағында, 15-тармағының бірінші бөлігінде, 16-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, оның ішінде конкурс комиссиясы қалыптастырған сұрақтар тізбесіне кірмейтін сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың
1-қосымшаға сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: Qyzmet.gov.kz. Ордабасы ауданы әкімдігінің сайты: ordabasy.gov.kz

 

 

__________________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны ___________________________________________
__________________________________________________________________________________

 

__________                                                    ____________________________________
(қолы)                                                            (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

 

 

«____»_______________ 20___ ж.

 

 

Back to top button
Close