CҰРАҚ:

Ассалаумағалейкум Әріпбек Шәріпбекұлы мырза!Менің қояр сұрағым Темірлан елді мекені, Т.Айбергенов көшесінде қашан жарықтандыру құралдары орнатылады? Жарық шамдар болмаса осы көшеде тұратын тұрғындардың бала шағалары мектепке барады. Қазіргі таңда Қыс мезгілінде мектепте қайтарда қараңғы болып кеш қайтады, уайымдаймыз. Орталық көшелерде жарықшамдар бар, орнатылған. Темірланнның шеткі аймақтарында қашан жарықшамдар орнатылады? Нақты жауап күтеміз.

Жауап:

Темірлан елді мекені, Т.Айбергенов көшесінің тұрғыны Н.Қиянбековке

Сіздің, Аудан әкімдігінің ресми сайтына жолдаған өтінішіңіз бойынша төмендегіше мәлімдейміз:

Темірлан елді мекені, Т.Айбергенов көшесіне жарықтандыру құралдарын орнатуға 2020  жылға қаржы қаралмаған.

Аудан көлемінде бірінші кезекте аудан орталығы Темірлан ауылының орталық көшелері мен басқа елді мекендердің орталық көшелерін жарықтандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Алайда, мәселенің маңыздылығын ескере отырып, сметалық құжаттама әзірленіп, бюджетке қаржы қарастыруға ұсынылатыны жөнінде хабарлаймын.

Back to top button
Close