CҰРАҚ:

Асалаумагалеикум
Мен жерге кезеке туру үшін каида барсам болады ж/е кандай кужаттар керек

Жауап:

Ж.Әтірбековке

Сіздің, аудан әкімдігінің ресми сайтына жолдаған өтінішіңіз бойынша төмендегіше мәлімдейді:

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына сәйкес, қаланың, кенттің, ауылдық елді мекеннің шекарасы шебінде  құзіретіне жер учаскелерін жеке меншікке беру және жер пайдалануға беру жататын аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға түсіреді. Азаматтың атыфнда жеке тұрғын үй құрылысы үшін  бұрын мемлекет өтеусіз негізде берген басқа жер учаскесі болмаған жағдайда және жер учаскесін бөліп беру үшін алаңдар болмаған жағдайда өтініштердің кезектілігіне қойылады.

Өтінішгте жер учаскесін пайдалануың мақсаты, оның болжамды мөлшері, орналасқан жері, сұралатын пайдалану құқығы, жеке тұрғын үй құрылысы үшін бұрын мемлекет өтеусіз негізде берген басқа жер учаскесінің болуы (болмауы) көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының азаматы берген өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, ал оралмандар берген өтінішке – оралман куәлігінің көшірмесі қоса беріледі.

Back to top button
Close