Ордабасы ауданы әкімі аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды

Ішкі конкурсқа қатысушыларға арналған ортақ біліктілік талаптары:

 

E-3 санатына:  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

E-G-1 санатына:  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

E-R-3 санатына:  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

СанатЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
Е-3112713152035
E-G-1 122463164936
E-R-3106288142885

 

Ордабасы ауданы әкімінің аппараты.

160600 Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Т.Рысқұлов көшесі 14 үй.

Анықтама үшін  тел: 8 (725-30) 2-12-85, тел/факс 8 (725-30) 2-12-41 эл. почта Z.Syzdyk@ontustik.gov.kz

 

  1. Ордабасы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы (санаты Е-3),  1 бірлік.

    Функционалдық міндеттері: Өз құзыретi шегiнде аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық жағынан қамтамасыз ету бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және бақылау, әрі оған басшылық жасайды.  Аудан әкімдігінің жұмыс жоспарын жүзеге асыруды, аудан әкімінің қатысуымен өтетін протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерінің нормаларын орындалуына және облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдері, тапсырамалары бойынша түзілген іс-шаралар жоспарының орындалуын үйлестіреді. Өңірде ҚР Президентінің, Парламент Мәжілісінің және облыстық, аудандық мәлихаттары депуттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу кезінде ұйымдық-үйлестіру жұмыстарын қамтамасыз етеді. Аудан және ауыл округтері әкімдерінің тұрғындар алдындағы есеп беру жиындарында түскен ұсыныс-пікірлердің іске асырылуын қадағалайды.  Аудан әкімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және ұйымдармен өзара іс-қимылын үйлестіреді. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімінің актілерін орындау мәселелері бойынша аудан әкімінің жергілікті атқарушы және өкілді органдармен өзара іс-қимылын, аудан әкімінің бақылау өкілеттіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, ауыл округтері әкімдерінің, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдерін, Қазақтан Республикасы Үкіметі қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен келіп түскен өзге де құжаттарды, әкімдік қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, тапсырамаларын орындауларына талдау жасауды ұйымдастырады. Облыс және аудан әкімі тапсырмаларының орындалуы туралы уақтылы және толық хабардар етуді жүзеге асыру кезінде атқарушылық тәртіпті нығайтуды қамтамасыз етеді. Аудан әкімдігі жұмысының регламентіне сәйкес әкімдік мәжілістерін дайындау және өткізу жөніндегі қажетті жұмыстарды жүзеге асыруды, аудан әкімдігі мәжілістерінің ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына талдау жүргізуді ұйымдастырады. Аудан әкімінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына, «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» және «Ордабасы ауданының Құрметті азаматы» атақтарына ұсыну жөніндегі қызметін қамтамасыз етеді. Аудан және ауыл округтері әкімдерінің тұрғындар алдындағы есеп беру жиындарында түскен ұсыныс-пікірлер тізбесін жинақтау және олар бойынша жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады. Аудан әкімдігінің жылдық жұмыс жоспарларын дайындауды және оның орындалуы туралы ақпараттарды жинақтауды қамтамасыз етеді. Аудан әкімінің қатысуымен өтетін протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын және бақылау өкілеттіктерін жүзеге асыруды ұйымдастырады. Аудан әкімінің және аудан әкімінің аппараты өткізетін іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім, Гуманитарлық ғылымдар, Құқық, Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, Жаратылыстану ғылымдары, Техникалық ғылымдар және технологиялар, Ауылшаруашылық ғылымдары, Қызмет көрсету, Әскери іс және қауіпсіздік мамандықтары.

Лауазымның нақты функционалдық бағытына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі  «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес дербес білім беру ұйымдарындағы білім, немесе шетелдік жоғары оқу орындарындағы, Республикалық комиссиямен бектілетін басымдылық берілетін мамандықтар.

 

  1. Бадам ауыл округі әкімінің орынбасары (санаты Е-G-1), 1 бірлік.

            Функционалдық міндеттері:  Ауыл округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды. Ауыл округінде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді. Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады. Жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі. Елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады  және су пайдалану мәселелерiн реттейді.  Ауыл округінде орналасқан мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді. Ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады. Жеке және заңды тұлға өкілдерін жеке мәселелері бойынша қабылдауды жүргізеді және тиісті шаралар қабылдайды. Азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, өз құзыретi шегiнде төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi.  Ауыл округі бойынша ҚР Президентінің, Парламент Мәжілісінің және облыстық, аудандық мәслихаттары депутаттарының сайлауынәзірлеу мен өткізу кезінде ұйымдық жұмыстарын жүзеге асыру және сайлаушылардың қозғалысы жөнінде есептерді жинақтайды. Азаматтар мен заңды тұлғалардың ҚР КОнституциясының, заңдарының,ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындалуына жәрдемдесуді бақылайды. Әкім аппаратының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігі мен ҚР орталық мемлекеттік органдарының тиісті құрылымдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен және ақпараттық байланыстарды қамтамасыз етуді үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Лауазымның нақты функционалдық бағытына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі  «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес дербес білім беру ұйымдарындағы білім, немесе шетелдік жоғары оқу орындарындағы, Республикалық комиссиямен бектілетін басымдылық берілетін мамандықтар.

 

  1. Ордабасы аудандық экономика және қаржы бөлімінің жергілікті бюджеттің орындалуын үйлестіру, мониторинг жүргізу, есептеу және есеп беру секторының меңгерушісі (санаты Е-R-3), 1 бірлік.

    Функционалдық міндеттері: Аудандық бюджеттің орындалуының есебін жинақтайды, орындалуы жөнінде есептілікті тиісті органдарға ұсынады; жергілікті бюджеттің орындалуына, бюджеттік бағдарламалардың орындалуының тиімділігіне бағалау, талдаулар жасап, ұсыныстар береді; ауданның түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жасап, бекітуге ұсыну, өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, талдау жасайды және орындалу бойынша анықтама материалдар дайындайды; бюджет қаржысының дұрыс, үнемді және мақсатты жұмсалуы жөнінде жұмыстар жүргізеді;  инвестициялық жобалардың және бюджет қаражатының  жаратылуының мониторингін жүргізеді, олар бойынша есептілікті жасап жоғары тұрған органдарына ұсынады; «Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі», «Бюджеттік процессінің мониторингісі», «1С-бухгалтерлік есеп»   бағдарламалық өнімдермен жұмыс істеуді қамтамасыз етіп, есептіліктерін     мерзімдерінде ұсыну; аудан әкімдігінен, жоғары деңгейдегі мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелерден және шаруашылық субъектілерден келіп түскен өз саласы бойынша ұсыныстарға, хаттарға қортынды дайындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика), Жаратылыстану ғылымдары (математика) мамандықтары.

Лауазымның нақты функционалдық бағытына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі  «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес дербес білім беру ұйымдарындағы білім, немесе шетелдік жоғары оқу орындарындағы, Республикалық комиссиямен бектілетін басымдылық берілетін мамандықтар.

 

  1. Ордабасы аудандық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі (санаты Е-R-3), 1 бірлік.

          Функционалдық міндеттері:   Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін басшылыққа ала отырып, республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттерді айма-ай толық әрі сапалы игеруді ұйымдастарады. Ауданның аумағында құрлыс нысандарын өзіне міндеттелген қызметтерді орындайды. Аудан аумағындағы бюджет есебінен жүргізілетін (балабақша, мектеп, тұрғын үйлер, әкімшілік ғиарат құрылыс және инженерлік инфрақұрылым нысандарының) құрылыс жұмыстарын және  саулет жобалау тапсырмасын әзірлеуде жұмыстарды ұйымдастарады.

Аудан аумағындағы құрылыс нысандырының және инженерлік инфрақұрылым нысандарының даму жоспарын әзірлейді. Бөлімде қауіпсіздік және қолайлы еңбек жағдайларын, еңбекті қорғау, техникалық және ақпараттық қауіпсіздік, өртке қарсы қауіпсіздік және өндірістік санитария ережелерінің орындалуын, мекеме мүлкінің тиімді пайдалануын және сақталуын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технология (көлік құрылысы, құрылыс,  құрылыс материалдарын, бұйымдарын жəне құрастырылымдарын өндіру,  стандарттау, сертификаттау жəне метрология, Көлік, көліктік техника жəне технологиялар, маркшейдер ісі), Өнер (сәулет, мүсін, кескіндеме, дизайн, графика), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару,  жобаны басқару) мамандықтары.

Лауазымның нақты функционалдық бағытына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі  «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес дербес білім беру ұйымдарындағы білім, немесе шетелдік жоғары оқу орындарындағы, Республикалық комиссиямен бектілетін басымдылық берілетін мамандықтар.

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  • “Б” корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде “Е-қызмет” интегралды ақпараттық жүйесі не “Е-gov” электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізеді, оған оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де, сондай-ақ Заңда және “Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңында айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.

Адам мемлекеттік әкімшілік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге де жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шықпаса, ішкі конкурстың қорытындылары бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға құқылы.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, ол кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының   2017  жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысады және тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: Qyzmet.gov.kz. Ордабасы ауданы әкімдігінің сайты: ordabasy.gov.kz

 

 

__________________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны ___________________________________________
__________________________________________________________________________________

 

__________                                                    ____________________________________
(қолы)                                                            (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

 

 

«____»_______________ 20___ ж.

 

Back to top button
Close