АНЫҚТАМА

«Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының орындалуы МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ

Жаңа индустриялар құрумен қатар өнеркәсіп саласын дамыту нәтижесінде жыл басынан бері ауданның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсімі байқалды.

2019 жылы аудан экономикасын дамытуға негізгі қорға 19,2 млрд.тг. инвестиция бағытталды, немесе 126% артты.

2019 жылы өндірген өнеркәсіп өнім келемі 19 млрд. 251 млн. теңгенi құрап, өткен 2018 жылмен салыстырғанда 1 млрд. 231 млн. теңгеге артығымен орындалып, 5,8 пайызға артты, облыс көлемінде 4-ші орында тұр (облыстық деңгейдегі өнеркәсіп көлемінің 3,9 пайызы).

Шағын және орта бизнес субъектілері экономиканың негізгі қозғаушы күші болып табылады. Аудан экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі 29,4 пайыз. Есепті мерзімде шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 10 974 субъектінің ішінде 10 458 бірлігі белсендi іс әрекетте,  (оның ішінде заңды тұлғаның саны 627 бірлік, дара кәсіпкерлер саны 3 704 бірлік және шаруа (фермер) қожалықтары саны 6127 бірлік), яғни 95,2 пайызды құрайды. 2018 жылмен салыстырғанда белсенді субьектілер саны 108,6 пайызға, немесе 826 бірлікке артып отыр (2018 жылы 9632).

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы арқылы жұмыспен қамтылғандар саны 14 973-ке жетіп, 23 млрд. 397 млн. теңгенің өнімі (заңды тұлғалармен 12 млрд. 489 млн. тг., жеке кәсіпкерлермен 1 млрд. 546 млн. тг., шаруа және фермер қожалықтарыменен 9 млрд. 362 млн.тг.) өндіріліп, 2018 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 110,9 % құрады. Одан түскен салық 281 млн. теңге.

Өлкемізде бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту үшін жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін арттыру және де жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру қажеттілігі туындауда.

ЭКСПОРТТЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ

2019 жылы экспортқа өнім шығарушы кәсіпорындардың саны – 11 бірлік  құрап, олармен жыл көлемінде жалпы құны 5 млрд. 404 млн. теңгеге экспортқа өнім шығарылды.

«Ордабасы құс» ЖШС 666,1 млн.тг. күрке тауық етін Ресей Федерациясына;

–           «Аделя» ш/қ 2 374 млн.тг. көкөніс (қияр, қызанақ) өнімін Ресей Федерациясына;

–           «Ордабасы нан» ЖШС 428 млн.тг. жоғарғы сұрыпты бидай ұнын  Өзбекстанға;

–           «Green Technology Industries»  ЖШС  644 млн.тг. флекс  өнімін Ресей, Өзбекстанға;

–           «Сейітбек әулеті» ЖШС 410 млн.тг. қызыл мия дәрілік қоспа өнімін Қытайға;

–           ИП Дастан 62 млн.тг. жоңышқа тұқымын  Ресей Федерациясына;

–           «Рамазан Агро» ЖШС 348 млн.тг. мақта талшығын Чехияға;

–           «НұрАгро 73» ЖШС 184 млн.тг. мақта талшығын Чехияға, Белоруссияға;

–           «Сәтті жол» ЖШС 241 млн. тг. қой етін Ресей Федерациясына экспортқа шығарды.

–           «Алуа»ш/қ 21,0 млн.теңгеге 580 қой басын Өзбекстанға шығарды.

–           «Нұр Көктөбе» ЖШС 26 млн.теңгеге 93 бас жылқы басын  Өзбекстанға шығарды.

ЭКОНОМИКАНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРТЫЛУЫ

Жолдаудың негізгі бастамасында экономиканы жаппай цифрландыру, технологиялық жаңғырту, яғни цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету міндеттелген.

Өнімділіктің көлемін арттыру дамыған елдердің озық стандарттары мен тәжірибелерін енгізуде аудан көлемінде жүйелі жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде  шет елдің озық технологияларын ендірген кәсіпорындар іске қосылады. Атап айтсам:

2020 жылы жалпы 4 жоба  жалпы инвестициялық құны 97 млрд. 474 млн. теңге, 545 жұмыс орнымен іске асырылады, оның ішінде:

  1. Индустрияландыру картасы аясында 2 жоба инвестициялық құны 95 млрд. 824 млн. теңге 415 жұмыс орнымен, олар:
  • «Standard Petroleum Co» ЖШС (І-кезеңі) жылына 1 млн. тонна мұнай-химия зауыты (жалпы құны 95 млрд. тг., 400 жұмыс орнымен);
  • «Александровский сад» ЖШС-нің сыйымдылығы жылына 1,6 мың тонна жеміс, көк өністі сақтау қоймасы (жалпы құны 824 млн.тг., 15 жұмыс орнымен).
  1. Картадан тыс 2 жоба инвестициялық құны 1 млрд. 650 млн. теңге, 130 жұмыс орнымен, олар:
  • «Оңтүстік газ» ЖШС-нің. Куаттылығы жылына 10 мың м3 газ жинақтау бекеті (жалпы құны 150 млн. тг., 30 жұмыс орын);
  • «Standard Resurses» ЖШС-нің көмір-химия өңдеу жобасының І кезеңі. Куаттылығы жылына 30 мың тонна (жалпы құны 1 млрд. 500 млн. тг., 100 адам жұмыспен қамтылады).

 

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы                                                                                                          П.Ташимова

Сот.8-775-680-88-82

Жұмыс тел. (872530)79161

Орындаған Е.Тазабек

Сымтетік: (872530)79117

Back to top button
Close