Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2020 жылдың 1 қаңтарына атқарылған жұмыстары жөніндегі ЖӨНІНДЕГІ

Әлеуметтік көмек бөлімі бойынша

         2018 жылдың  01 қаңтарынан әлеуметтік көмек жүйесін жаңғырту мақсатында әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін трансформациялау арқылы бірыңғай жәрдемақыға біріктірілді. Яғни, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, (4 және одан жоғары кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларына) Мем­лекеттiк атаулы әлеуметтiк көмегін, Мемлекеттік балалар жәрдемақысын (18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтамасыз етілген отбасыларына) біріктіру арқылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек болып енгізілді.

ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес 2020 жылдың 1- қаңтарына 5318 отбасының 30179 адамына 3269623,0 мың теңге жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. 2019 жылдың 4- тоқсанына кедейшілік шегі- 20789 теңге.

205 отбасының 1169 адамына 7840,2 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып төленді.

 

Әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтарға үйде әлеуметтік

көмек көрсету бөлімшелері бойынша

ҚР 1997 жылғы 20 маусымындағы «Қарттар мен мүгедек азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету» туралы Заңына сәйкес ашылған жалғызілікті жеке тұрушы қарт азаматтарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде 110 қарт, 23 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде. Әлеуметтік қызметкер жұмыс кестесі бойынша аптасына 2 рет барып, әлеуметтік көмек түрлері көрсетілуде.

80 жастан асқан жалғызілікті ешкімі жоқ 10 қарттың зейнетақысына 2020 жылдың 01-   қаңтарына дейін  277,8 мың теңге үстеме жәрдемақы тағайындалып, төленді.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне және аз қамтамасыз етілген азаматтарға жергілікті бюджет, кәсіпорындар, ұйымдар және коммерциялық құрылымдар есебінен қосымша әлеуметтік қолдау көрсетілді:

– көлікте тегін жол жүру бойынша жеке кәсіпкерлер есебінен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жалғызілікті қарттарға,аз қамтамасыз етілген азаматтарға, көп балалы аналарға және басқа да санаттағыларға барлығы 146 адамға 664,8  мың теңгеге;

– «Шымкент Газ» ЖШС айына бір рет төмендетілген бағамен Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне газ баллондарын  58 адамға  188,5 мың теңгеге;

-Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, соғыс жылдары қаза болған жауынгерлер жесірлеріне «Оңтүстік Жарық» ЖШС электр энергиясын жеңілдікпен барлығы 7 адамға 34,100 мың теңгеге;

– суға ақы төлеу бойынша ауыл округтерінде су тарату жүйелері арқылы 89 адамға  275,9  мың теңгеге;

– басқа да жеңілдіктер  жолдама, шаштараз, моншаға 146  адамға 512,2 мың теңге;

Барлығы 446 адамға 1675,1 мың теңгенің әлеуметтік көмектері көрсетілді.

ҚР 2002 жылғы қыркүйек айындағы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педогогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңына сәйкес ашылған мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі 165 мүгедек бала есепке алынып, 22 әлеуметтік қызметкер кызмет көрсетуде.

Үйде тәрбиеленіп және оқытылып жатқан 243 мүгедек балаға 2019-2020 оқу жылында  4 271 000  теңге жәрдемақы тағайындалып, төленді.

Түркістан аймақтық мүгедек балаларды оңалту орталығына 7 балаға  жолдама берілді.

«Күндізгі қатынау» жартылай стационарлық үлгідегі бөлімшесі, ОҚО әкімінің 2017 жылдың 03 шілдесіндегі №1-60 хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында аудандық маслихаттың 2017 жылғы 24 қарашасындағы №19/1 шешімімен ашылған.

Қазіргі таңда 25 бала қамтылып, бөлімше меңгерушісі, 3 әлеуметтік қызметкер, 0,5 ставка уқалаушы, 0,5 ставка мейірбике және келісім шартпен балалар дәрігері мен невропатолог қызмет көрсетуде.

Мүгедектер және ардагерлермен жұмыс жасау секторы бойынша

2020 жылдың 1 қаңтарына:

Облыс орталығындағы «Ардагерлер үйіне», «Мейір» ардагерлер үйіне жыл басынан төмендегі санаттар бойынша:

– Ұлы Отан соғысының ардагерлері  және соларға теңестірілгендер –54;

–  Зейнеткер жасындағы  Алтын алқа, Күміс алқа иегерлері –78;

–  Жасына байланысты қарт зейнеткерлер-181;

–  зейнеткер жасындағы мүгедектер –18;

барлығы  331 жекелеген санаттағы  азаматтарға демалуға жолдамалар берілді.

Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес:

– міндетті гигиеналық құралдарға  482 мүгедектен өтініш түсіп, есепке алынып, оның 454-на құралдар берілді;

– мұқтаж мүгедектерді жаңадан енгізілген техникалық көмекші құралдарға 459 мүгедектен өтініш түсіп, оның 441-на құралдар берілді;

–  қол арбаға мұқтаж  мүгедектен 128  қол  арбаға өтініш тіркеліп, 114 қол арба берілді;

– 57 есту бойынша мүгедектерге 5 ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтері  көрсетіліп, жоспар бойынша аудандық бюджеттен 5300,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 6014,0 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді;

-42 жүріп-тұруы қиынға түсетін І топтағы мүгедектерге 42 жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері көрсетіліп,  жоспар бойынша 5044,0 мың теңге қаржы  бөлініп, игерілді;

– протез-ортопедиялық құралға мұқтаж 291 адамның өтініші тіркеліп, 291 адамға жодама берілді;

– сурдотехникалық құралға мұқтаж 22 адамнан 38 сурдотехникалық құралға өтініш тіркеліп, 21 адамға 49 құрал берілді;

– есту аппаратына мұқтаж 8 адамнан 2019 жылға есту аппаратына өтініш тіркеліп, 16 адамға жолдама берілді;

– тифлотехникалық құралға мұқтаж 34 адамнан 87 тифлотехникалық құралға өтініш тіркеліп, 58 адамға 3162 құрал берілді;

– мүгедектерді санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге 635 адамнан өтініш тіркеліп, 618 адамға жолдама берілді.

Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес: облыстық мүгедектерді оңалту  орталығына 71 азамат жолданды.

Аудандық бюджеттен:

-Адам қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырған балалары бар 14 отбасыға баланы күтуге 55298 теңгеден барлығы 9 234,718 теңге айсайынғы жәрдемақы төленді;

-Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарға айсайын 24050 теңгеден  570 адамға 12 251,550 теңге әлеуметтік көмек төленді;

– 8 наурызда “Халықаралық әйелдер күні” – “Алтын алқамен”, “Күміс алқамен” марапатталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, сондай-ақ, І және ІІ дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға 3839 адамға әрқайсына 5050 теңгеден 19386,9 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек төленді;

– 21-23 Наурызда (Наурыз мейрамы)-Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 11 адамға әрқайсына 12,625 мың теңгеден  138,875 мың теңге біржолғы  әлеуметтік  көмек төленді;

– 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 203 адамға әрқайсысына 12,625 теңгеден  2563,0 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек төленді;

– 9 мамыр Жеңіс күніне орай барлығы- 579 адамға 7789,6 мың теңге, оның ішінде:

– ҰОСА    – 2 адамға әрқайсысына 252500 теңгеден 505,0 мың теңге,

– Қайта некеде тұрмаған, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне – 1 адамға 12,6  мың теңге біржолғы  әлеуметтік  көмек берілді;

– қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң әйелдерiне -10 адамға 12625 теңгеден 126,2 мың теңге біржолғы  әлеуметтік  көмек берілді;

– тыл еңбеккерлеріне – 566 адамға 12625 теңгеден 7145,7 мың теңге біржолғы  әлеуметтік  көмек берілді;

– Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен алпыс пайыздан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар аз қамтамасыз етілген отбасыларына, жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның тұрғын үйіне зиян келтіруіне байланысты, 2 адамға 252,5 мың теңгеден 505,0 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек төленді.

Жұмыспен қамту

2019 жылдың 1 қаңтарына ресми тіркелген жұмыссыздар саны 570 адамды құрады.

Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеп келгендердің жалпы саны 3299 адамды құрады, оның ішінде 1249 жұмыссыздар. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен  3229 адам қамтылды, оның ішінде 122 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 280 адам жастар практикасына, 191 адам қоғамдық жұмыстарға,  қысқа мерзімді курстарына 313 адам, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға  40 адам жолданды, шағын несие 116 адамға берілді,  тұрақты жұмысқа 2167 адам орналастырылды.

2020 жылдың 1 қаңтарына есепте тұрған азаматтардың саны 1354 адамды құрады, оның ішінде жұмыссыздар 452 адам.

Жұмыссыздық деңгейі – 5,2%, жастар жұмыссыздығының деңгейі – 5,2%, жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың үлесі – 48,6%, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі – 4,2%, жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу үшін жүгінген еңбекке жарамды жастағы жұмысқа орналастырылған мүгедектердің саны – 157 адам.

        

 Аудандық жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар 

бөлімінің  басшысы                                                                                                                         А. Талдыбаев 

Сот.8-705-713-84-06

Жұмыс тел. (872530)2-17-67

 

Орындағандар:  Х.Ақмолда  , Г.Кульбашева, Такишева Л.Сейтимова ,Ф.Еркінбек

Back to top button
Close