ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ 2017-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН «Еңбек» мемлекеттік БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 31.12.2019 ЖЫЛҒА ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ

Ордабасы ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі 2011 жылдың 01 шілдесінде құрылған. Орталықта 1 директор, 1 орынбасар, 4 сектор меңгерушісі, 8 маман, 1 консультант, 11 ассистент, 1 есепші, 1 заңгер, 6 техникалық қызметкер жұмыс істейді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті   дамытудың 2017-2021  жылдарға   арналған «Еңбек»  мемлекеттік бағдарламасын  іске  асыруға  541 328,0 мың теңге қаралып, Ордабасы ауданы бойынша жұмыспен қамтудың кешенді жоспары аясында 4676 адам қамтылатыны  жоспарланды 2019  жылдың қорытындысымен «Еңбек»  мемлекеттік бағдарламасына  6560 адам қатыстырылды.

Бағдарламаның 1 бағыты «”Еңбек” бағдарламасына қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» бойынша  кәсіби даярлауға нысаналы топтағы (ағымдағы және өткен жылғы 9-11-сыныптардың түлектері, кәсіптік білімі жоқ және оқу орындарына түспеген адамдар, жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздар, табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері т.б) 194 азамат жолданды. Қысқа мерзімді оқу курстарына 11 мамандық бойыша  313 азамат жолданды

Бағдарламаның екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту»  бойынша  көпбалалы табысы аз отбасылардың мүшелері, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектер, 29 жасқа дейінгі жастар, жұмыссыздар қатарындағы 372 азамат жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған грант алып, өз кәсібін ашты.

116  азамат мал шаруашылығын дамыту (111 азамат 410 320,0 мың теңге) және жолаушылар тасымалдау (5 азамат 28 150,0 мың теңге) мақсатында 438 466,0 мың теңге шағын несие алып, кәсібін дамытуда.

40 азамат «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері курстарында оқыды, оқыған азаматтар арасынан 4 адам шағын несие алды, 26 азамат  жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған грант алды.

Бағдарламаның  3 бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» шеңберінде бос және жаңа жұмыс орындарына 5126 азамат орналасты, оның ішінде 4964 азамат  бос  жұмыс  орындарына,  162  азамат  жаңа  жұмыс  орындарына  жолданды.

Әлеуметтік  жұмыс орындарына  122 нысаналы  топтағы  азамат жолданды.

Жастар  практикасын 280 азамат 29 жасқа дейінгі жас азаматтар  жолданды.

Ақылы  қоғамдық  жұмысқа 191 азамат жолданды.

Мүмкіндігі шектеулі 161 адам жұмыспен қамтылды.

Пробация қызметінде есепте тұрған 108 азаматтың 32 тұрақты жұмысқа, 2 адам әлеуметтік жұмыс орындарына  орналасты, оның ішінде 20 адам квота арқылы тұрақты жұмысқа орналасты.

 

«Жұмыспен қамту орталығы»

МКК директоры                                       Абитаева Қарлыға Уалихановна

Сот.8-708-931-41-43

                                                                       Жұмыс тел. (872530)2-11-52

Back to top button
Close