Ауыл шаруашылығы

Ауданның ауылшаруашылығы саласында 43 млрд 931 млн. теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілді, өткен жылмен салыстырғанда (35 млрд 316 млн. теңге) 110 пайызды құрап, 6 млрд .615 млн. теңгеге артты.

Жалпы өңірлік өнімнің 55,5 пайызын құрап, басқа аудан, қалалардың ішінде 2 орында.

Оның ішінде, мал шаруашылығы 22 млрд. 860 млн. теңгені құраса, егін шаруашылығы 21 млрд.009 млн. теңгені құрады.

 

Мәлімет үшін: Аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 208 387  га, оның 85 715 га егістік жерлер (суармалы 33 131 га, тілім 52 584 га),103 271 га жайылымдық, 1 551 га көп жылдық қондырғылар, 4 758 га тыңайған жерлер, 936 га орман қорына кірмейтін ағаш бұталар екпелері, 3 593 га су қорына кірмейтін су астындағы жерлер, 1 702 га көше, жол асты жерлері, 519 га құрылыс асты жерлері,  6 342 га басқа да жерлер.

 

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін 65 374 гектарға орналастырылып (жоспар 65 100), өткен жылмен салыстырғанда 7 083 гектарға артты.

Мәлімет үшін: Ауданда егістік жер артығымен орындағанымен Қарақұм ауыл округі 2 290 га тапсырманың 2154 га игеріп, 136 га жер игерілмей 94 пайызға орындаған.

Өткен жылы егістік  жерлерге орналастырылған ауылшаруашылық дақылдармен алынған өнімдеріне тоқталып өтсем:

  • дәнді дақылдар – 26 557 гектардан 75 857 тонна (орташа түсімі 28,5 цн/га); майлы дақылдар – 7 648 гектарға егіліп, 7 095 тонна (орташа түсімі 9,3 цн/га); көкөністер – 3 431,1 гектардан 84 782 тонна (орташа түсімі 247,1 цн/га);картоп – 606 гектардан 13 150 тонна (орташа түсімі 217 цн/га);бақша дақылдары – 2 433 гектардан 56 559 тонна (орташа түсімі 233,7 цн/га) өнім алынды;
  • мақта – 8 215 гектарға егіліп, 20 701 тонна (орташа түсімі 25,2 цн/га) өнім жиналды;
  • мал азықтық дақылдар (жоңышқа) – 16 493 гектарға егіліп,107 204 тонна (орташа түсімі 65 цн/га) өнім алынды.

Мәлімет үшін: Жаңадан 2 500 гектар  суармалы жерді іске қосу жоспарланып, 1 630 га жер айналымға қосылды (65,2 пайыз). Бұл жерлер негізінен жерді бір санаттан екінші санатқа, яғни жайылым жерлерді суармалы жерге өзгерту және тәлімі жерлерге бау, жылыжай шаруашылықтарын жүргізу есебінен  орындалды.

Соңғы жылдары аудан аумағында жылыжай салуға ниет білдірушілердің, жылыжай салып жатқан тұрғындардың, кәсіпкерлердің саны артып келеді.

Өткен жылы 20 гектаржылыжай іске қосылып,жалпы жылыжайлар көлемі көлемі 72 гектарды құрады. Осы жылыжайлардан 8 580,3 тн өнім, оның ішінде 5 006,3 тн. қияр, 3 574 тн. қызанақ алынды.

Мәлімет үшін: Төрткөл, Қарақұм, Бөген және Жеңіс ауыл округтерінде жабық топырақта көкөніс өндіретін жылыжай шаруашылығы жоқ.

 

Жалпы жылыжайлардан алынған өнім аудан халқын көкөністермен (қияр, қызанақпен) жыл бойы тұтыну қажеттілігін 100%-ға қамтамасыз етеді.

Өндірілген өнімнің қажеттіліктен артылған – 3421 тн өнімді немесе 40% (2232 тн қияр, 1189 тн қызанақ)Ресей Федерациясына экспортқа шығарылса, қалған 3 090,3 тн (36%) өнімдер негізінен Шымкент қаласына тасымалданып, қыс және ерте көктем айларында тұрғындарға ұсынылып келеді.

Ағын судың жылдан-жылға тапшылығын ескере отырып,  ауылшаруашылық саласында суды аз қажет ететін дақылдарды орналастыруға жоспарладық.

Ағын су: Ауданда жалпы 85 канал, 231 дренаж, 3 су қойма,33 131 га суармалы жер бар.

Мәлімет үшін: Республикалық меншіктегі  жалпы каналдың ұзындығы 153 км суармалы жер көлемі 3932 га, Облыстық меншіктегі каналдардың жалпы ұзындығы 420 км, суармалы жер көлемі 19 828 га, коммуналдық меншіктегі каналдардың жалпы ұзындығы 105 км суармалы жер көлемі 2986 га, жеке меншіктегі каналдардың жалпы ұзындығы 149 км суармалы жер көлемі 5084 га құрайды.

Соңғы 5 жылда аудан көлемінде 19 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Атап айтар болсақ, 2015 жылы 10 каналға Қажымұқан ауыл округінен Шабай, Бозшымыр каналдары Қараспан ауыл округінен Р-2, Р-8, Р-8с, Р-10хв, Р-14-2, Р-18, Р-20, Р-22-3, 2018 жылы Төрткөл ауыл округінен  «Шаян», «Р-11-С», «Р-12» каналдарына, Шұбар ауыл округінен «Шұбар-Қайшылы», «Қозыке», «Ақтұмсық» каналдарына 2019 жылы Қажымұқан ауыл округінен «Қызылсеңгір», «Маса» каналына және қараспан магистралды каналының 6 км жүргізілген.

 

Ағын су каналдары тазаланбағандықтан, жаз айларында сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындап, 9 000 гектарға (30 пайыз) ағын су жетіспеушілігі туындайды.

Өткен жылы 3 каналға (Республикалық бюджеттен Қажымұхан а/о Қызылсеңгір, Маса жалпы ұзындығы 20,6 шқканалдарына 10 млн. 068 мың теңгеге,  облыстық бюджеттен Қараспан ауыл округіндегі Қараспан магистралды каналының 6,2 шақырымына құны 12 млн. 525 мың теңге) механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 227 гектар жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарды.

Биыл, 10 каналға (Бөржар а/о Алпар, Мұсабек каналдар,  Бадам а/о Керіш каналы, Шұбар а/о  Бағлан каналы, Қажымұхан а/о Найман, Құртай, Қазыналық, Шабай, Бозшымыр, Айыр каналдары)механикалық тазалау жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде, каналдардың су өткізгіштік қабілеті артып, ағын сумен толық қамтылады және өнім көлемі артатын болады.

Мәлімет үшін: Республикалық меншіктегі жалпы – 14 каналдың ұзындығы 153 км суармалы жер көлемі 3 932 га, облыстық меншіктегі жалпы – 45 каналдардың ұзындығы 420 км, суармалы жер көлемі 19 828 га, коммуналдық меншіктегі жалпы – 17 каналдардың ұзындығы 105 км суармалы жер көлемі 2986 га, жеке меншіктегі жалпы – 9 каналдардың ұзындығы 149 км суармалы жер көлемі 5 084 га құрайды.      Соңғы 5 жылда аудан көлемінде 19  каналға  механикалық тазалау жұмыстары  жүргізілді. Олардың жалпы ұзындығы 129 км, суармалы  жер көлемі 5623 га. Механикалық  тазалау  жұмыстары жүргізілмеген  каналдардың жалпы саны 66. Олардың жалпы  ұзындығы 401 км, суармалы жер көлемі  22103 га.

         Облыстық ауыл  шаруашылығы басқармасына қарасты «Тұрансу» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК-сы Қарақұм  ауыл округінен  облыстық бюджеттің қаржысынан арнайы техника қоятын орын сатып алып, ол жерде  25  техника  әкелінді.

        Бөген арнасы МКК-сы  облыстық бюджеттің қаржысынан 7 жаңа арнаулы техника алынды. Ол техникалар қазіргі  таңда  Түркістан қаласында.

 

Тамшылатып суару әдісі өткен жылы 760 гектар жерге енгізіліп, жалпы 1787 гектарды құрады. Оның ішінде, жеміс-жидекке – 620 га, бақшаға – 317га, көкөніс – 501га, мақтаға – 349 га тамшылатып суару жүйесі қолданылды(Шұбарсу ауыл округінде 2019 жылы қолданылмаған).

Бұл технологияның тиімділігі – ағын су 2 есеге дейін үнемделіп, дақылдарға қажетті минералды тықайытқыштар агротехникалық талаптарға сай шығынсыз беріліп, егілген дақылдан алынатын өнім көлемі 1,5 есеге дейін артады.

Осы тұрғыда ауданда егілетін ауылшаруашылық дақылдарынының шығынымен табысына арнайы мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Мәлімет үшін: 1 га бидайдан 22 цн өнім алған жағдайда орташа табысы 132 мың теңгені құрайды. Ал кететін шығыны 63 мың теңгені құраса (жер айдауына 21 мың теңге, тұқымына 19 мың теңге, тыңайтқышта алуға 15 мың теңге, өнім жинауға 11 мың теңге) пайдасы 69 мың теңге.

Ал, 1 га көкөністен 500 цн өнім алған жағдайда орташа табыс 2 млн. 500 мың теңгені құрайды. Шығыны 1 млн.  теңге (көктемгі дала жұмыстарына 35 мың теңге, тұқымына 75 мың теңге, су ақысы 15 мың теңге, тыңайтқыштар алуға 80 мың теңге, өнім жинауға 800 мың теңге)пайдасы 1 млн. 500 мың теңге.

Сонымен қатар өңірімізде алғаш рет аз шығын шығарып, табысты өнім алу арқылы Шұбар ауыл округінің Тоқсансай елді мекенінде 130 гектар тәлім жерге «BS-Agro Product» ЖШС суғарусыз әдіс арқылы «Сitrullus Lanatus (Мalali)» қарбыз көшетін отырғызып, 23 тонна қарбыз дәнін алды. Алынған дәннің килограммын 820 теңгеден 19 млн. теңгеге АҚШ мемлекетіне экспорттады. Жалпы 130 гектар бақшаны күтіп баптауға кеткен шығын көлемі 5,0 млн. теңге. Таза табысы 14 млн. теңгені құрады.

Осы жылы Қажымұқан ауыл округінен 387 гектарға қарбыздың осы сұрпын егу жоспарланды.

Өткен жылы егістік жерлерді тиімді пайдалану мақсатында Қараспан ауыл округінде «Еңбекшіл» шаруа қожалығы және Шұбар ауыл округінде «Ақорда» ЖШС егістік жерлерді тиімді пайдалану арқылы  жылына 2 рет өнім алды.

Мәлімет үшін: «Ақорда» ЖШС-гі 1998 жылдан бастап, егіншілікті кәсіп еткен серіктестік. 2019 жылдан бастап жылына 2 рет бақша, картоп дақылдарын егуді қолға алды. 2019 жылы ерте көктемде Голландиялық «Ривьера» картобын 40 га жерге егіп, 240 центнерден өнім алып, 960 тн картоп жинады. Кәсіпкердің жұмсаған қаржысы 48 млн.теңге, ал табысы 80 млн.теңгеге жетті. 2-ші өнімге 7 гектар жерге «Коронет» қырыққабатын отырғызып, 600 центнерден өнім алып, жалпы 420 тн капуста жинады. 14 млн. теңге жұмсалды, қазіргі таңда қырыққабат қоймада сақталуда.

 

Бұл бағытта, биылғы жылы әр ауыл округінде 10 шаруашылықтан жобалар таңдалып, іске асыру бойынша  жұмыстар жүргізілетін болады.

Негізінен бекітілген жоспарға сәйкес, ауыл округтерінен – 90 шаруашылық – 171,9 гектар жерге маусымында 2 рет өнім алу бойынша қияр, картоп, қарбыз,қызанақ, асқабақ, қырыққабат егу жоспарлануда.

Өткен жылы 47 бірлік техника (38 доңғалақты трактор, 3 пресстейтін техника, 6 жүк тиегіш)алынды.  Инвестициялық құны 959 млн. теңгені құрап, бұған мемлекеттен 208 млн. теңге субсидия төленді.

Аудан халқын жеміс-жидекпен толық қамту үшін өткен жылы 117 гектарға  қарқынды бау шаруашылығы іске қосылып, ауданда жалпы  468 гектарға жетті (Мәлімет үшін: Өнім беретін 351 га баудан жалпы – 5250 тонна өнім алынды. Осы баулардан 3-ші жылы 15-20 тонна өнім алынса, 6-7 жылдары 60 тоннаға дейін өнім береді ).

Биылғы жылы, Бөржар ауыл округінде «Нұрқасым» ШҚ-ы 50 гектарға (құны – 554 млн. тг), «Грин Таун» ЖШС-і 12 гектарға (құны – 180 млн. тг), Қажымұхан ауыл округінде «КазГарден» ЖШС-і 60 гектарға (құны – 400 млн. тг)қарқынды бау егу жоспарлауда(Бөген, Жеңіс, Қарақұм, Төрткүл, Шұбарсу а/о 2019 жылы іске қоспаған).

Шұбар ауыл округінде (жеке кәсіпкер Ж.Муртазаев)тәуілігіне 35,7 мың дана жұмыртқа өндіру бағытында 42 мың басқа арналған құс фермасын іске қосылатын болады (өз қаржысы есебінен құны – 75 млн. теңге).

Өздеріңізге белгілі, мал шаруашылығын асылдандыру бағытыда «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» мемлекеттік бағдарламалары қабылданып, жүзеге асырылып келеді.

Есепті жылы «Сыбаға» бағдарламасымен 588 ірі қара мал алынып, тапсырма (360 бас)163 пайызға, «Алтын асық»  бағдарламасымен жоспарланған алынатын мал саны 1950 бас болса, нақты алынғаны 2 446 бас немесе 125 пайызға (Қаржы ұйымдарынан ұсақ мал басын көбейтуге 12 шаруашылыққа 217 млн. теңге несие берілді), «Құлан» бағдарламасымен алынатын 269 бас жылқының, нақтыалынғаны 389 бас немесежоспар 144 пайызға орындалды (Қаржы ұйымдарынан жылқы басын көбейтуге 22 шаруашылыққа 92 млн. 758 мың теңге несие беріліп, 290 бас жылқы сатып алынды).

Мәлімет үшін:Ауданда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша берілген тапсырма толығымен орындалғанымен Бөген ауыл округі (тапсырма 25 бас орындалуы 11 бас) немесе 44 пайызға орындаған.

«Құлан» бағдарламасы бойынша ауданға берілген тапсырма толығымен орындағанмен Бөржар ауыл округі (тапсырма 35 бас, орындалуы 22 бас) немесе 63 пайызға, Шұбар ауыл округі (тапсырма 26 бас, орындалуы 25 бас) немесе 96 пайызға, Жеңіс ауыл округі (тапсырма 32 бас, орындалуы 31 бас) немесе 97 пайызға орындаған.

Мәлімет үшін: Бағдарламалардың басты мақсаты мал бастарын асылдандыру. Атап айтқанда, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша сатып алынған: отандық немесе ТМД елдерінен әкелінген малдың 1 басына 150 мың теңге, Аустралия, АҚШ, Канада және Еуропа елдерінен әкелінген импортты асыл тұқымды малға 225 мың теңге субсидия, тұқымдық түрлендіру бағыты бойынша ІҚМ тауарлық аналықтың әр 1 бас аналығына 10 мың теңге, ІҚМ асыл тұқымды аналық басына – 20 мың теңге субсидия беріледі. 2018 жылдың 2 жарты жылдығынан бастап, сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандатуға берілуде. Бұл ретте, бұқашықтың қосқан салмағының 1 килограммына 200 теңге субсидия төленеді. «Құлан» бағдарламасы бойынша 15 бас жылқы аналығына (биеге) 1 бас асыл тұқымды айғыр сатып алынуы тиіс. Сатып алынған 1 бас асыл тұқымды жылқыға 100 мың теңге субсидия беріледі. «Алтын асық» бағдарламасына қатысушылар өзінің иелігіндегі және сатып алған қой аналықтарының әр 25 басына 1 бас асыл тұқымды қошқар сатып алады. Сатып алған әр 1 бас асыл тұқымды қошқарға 8,0 мың теңге және аналық мал бастың әр 1 басқа 1500 теңге субсидия беріледі.

Өткен жылы, шет елдерден етті бағытта – 315 бас және сүтті бағытта – 34 бас импорттық аналық ірі қара мал сатып алынып, әкелінді.

Мәлімет үшін: 3 шаруашылық «Аграрлық несие копорациясы» АҚ 140,6 млн. теңге және 3 шаруашылық «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы – 34 млн. теңге кредит алды.

Бөржар а/о «Арыс-Алтын-К» ЖШС – 29 басжәне ЖК «Райымбеков Р.К» – 22 бас асыл тұқымды ірі қара малды Беларусиядан; «Әлі-Ата» ШҚ – 48 бас және «Қалмұрзаев Ж» ФШ – 40 бас тауарлық ірі қара малды Ресей Федерациясының Алтай өңірінен;

Бөген а/о «Service Pro» ЖК – 76 бас және Қажымұхан а/о «Амангельдиев М»ЖК – 100 бас асыл тұқымды ірі қара малды Беларусиядан сатып алған.

Аудандағы жалпы мал бордақылау алаңдарының саны – 279 бірлік, 2019 жылы 47 бірлік мал бордақылау алаңы ашылды (оның 36-і қаржы ұйымдары арқылы 87,6 млн. теңгеге несиелендіру жолымен ашылған, 11-і өз қаржылары есебінен).

Аудандағы мал бордақылау алаңдарында жалпы 14 261 бастан орта есеппен 3 466 тонна (іқм, жылқы, қой тірі салмақта) ет өндіріліп, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының базарларына өткізілуде.

Өткен жылы Бөржар ауыл округінде 1 бірлік – 1 500 бастық, 1 бірлік – 1 000 бастық, Қажымұхан ауыл округінде 1 бірлік – 100 бастық, Бадам ауыл округінде 1 бірлік – 300 бастық ірі қара мал бордақылау алаңдары іске қосылды.

Ауданда жалпы 84 бірлік сүт фермаларында 1 260 сиыр бар, олардан 3 326 тонна сүт сауылды. Осы сүт фермалардың ішінде 2019 жылы 21 бірлік сүт фермасын ашу жоспарланып, нақты 26 бірлік ашылды немесе тапсырма 124 пайызға орындалды.

2019 жылы 2 бірлік шағын құсфермасы Бөржар а/о, Ұялыжар ауылында жылына 58,5 тонна құс етін өндіру бағытында 15 мың бас болатын жанұялық құс фермасы(өз қаржысымен құны – 12 млн. тг)іске қосылып, 15 тонна құс еті өндірілді.

Шұбар а/о жылына 25 тонна қазы етін өндіру бағытында 1500 бастық асыранды қаз өсіру фермасы(өз қаржысымен құны – 30 млн. тг)іске қосылды. Өткен жылы 10 мың дана жұмыртқадан қазы балапанын өндіріп, келешекте өндіріс қуаттылығын арттыруды жоспарлап отыр.

Аудан бойынша мал басы және өнімдері мен өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда талдап айтатын болсақ:

Мал басы: IҚМ басы – 65,9 мың бас, (2018 жылы 61,7 мың бас) 106,9%-ға, қой мен ешкі – 378,9 мың бас, (2018 жылы 363,4 мың бас) 104,3%-ға, жылқы 23,1 мың бас, (2018 жылы 21,9 мың бас) 105,1%-ға, артса, түйе 561 бас, (2018 жылы 641 бас) 87,5%-ды, құс 443,3 мың бас (2018 жылы 553,8 мың бас) 80,1%-ға орындалды.

Мәлімет үшін:Түйе басы Жеңіс ауыл округіндегі «Мерей-Н.С» ЖШС есебінен кеміді. Серіктестік жасы жетіп, сүт беру қуаты төмендеген түйе бастарын сатып, ағымдағы жылдың наурыз айында өнімді бағыттағы 80 бас түйе алуды жоспарлап отыр.

Құстың басы аудандағы кәсіпорындардың есебінен 110,5 мыңға кеміді.

 

Мал өнімдері: Есепті кезеңде ет 22 465,1 тн. (2018 жылы 23 240,9 тн) 96,7%-ға, обдыстағы үлесі 9,8%, сүт 46 337,6 тн, (2018 жылы 43 921,7 тн) 105,5%-ға жұмыртқа 9 783,4 мың дана (2018 жылы 9 774,0 мың дана) 100,1 % құрады.

Мәлімет үшін: Мал мен құс етінің негізгі кему себептері ауылшаруашылығы кәсіпорындарындағы өндірген ет көлеміне байланысты 775,8 тоннаға кеміген  өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда күрке тауық және құс етінің өндіретін 2 кәсіпорын 348,8 тонна ет кем өндірген («Ордабасы құс» ЖШС – құс азығына қажетті шикізаттардың қымбаттауы және «Инфрастрой ЛТД» ЖШС – Түркиядан әкелінетін жұмыртқа бағасының өсуі себебінен), Шұбар ауыл округінде орналасқан «Шұбар асыл тұқымды шошқа кешені» ЖШС – жұмысын тоқтатуы себебінен(2018 жылдың қыркүйегіне дейін – 427 тонна шошқа еті өндіріген).

 

Мәлімет үшінҚайта өңдеу саласында 2 бірлік кәсіпорын құс етін өңдеумен,        2 бірлік кәсіпорын сүт өңдеумен (сиыр мен ешкі сүті)және 1 бірлік цех шұжық өндірумен жұмыс жасайды.

 

Мәлімет үшін:Өткен жылы, өдірілген 9 377 тонна күрке тауық етінің 7 585 тоннасы (81 пайызы), 3 377 тонна тауық етінің 2 426 тоннасы (72 пайызы), 3 644 тонна сиыр сүтінің 2 453 тоннасы (67,3 пайызы), 180 тонна ешкі сүтінің 96 тоннасы (54 пайызы)және 10 тонна шұжық  өңделді.

 

Мәлімет үшін: 3 шаруашылық «Аграрлық несие копорациясы» АҚ 140,6 млн. теңге және 3 шаруашылық «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы – 34 млн. теңге кредит алды.

Бөржар а/о «Арыс-Алтын-К» ЖШС – 29 бас және ЖК «Райымбеков Р.К» – 22 бас асыл тұқымды ірі қара малды Беларусиядан; «Әлі-Ата» ШҚ – 48 бас және «Қалмұрзаев Ж» ФШ – 40 бас тауарлық ірі қара малды Ресей Федерациясының Алтай өңірінен;

Бөген а/о «Service Pro» ЖК – 76 бас және Қажымұхан а/о «Амангельдиев М» ЖК – 100 бас асыл тұқымды ірі қара малды Беларусиядан сатып алған.

 

Мәлімет үшін: Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып және халықты жұмыспен қамту мақсатында 18 бағыт бойынша 46 жобаны іске асыру жоспарланып, бекітілген.

Жобалардың құны 26 млрд 742 млн. теңгені құраса, оның ішінде қаржы институттарынан 29 жоба 23 млрд. 727 млн. теңге, өз қаржысы есебінен 17 жоба 3 млрд. 16 млн. теңге.

2019 жылы нақты 36 жоба іске асырылды немесе 78,3% орындалды,жалпы құны 2 млрд. 592 млн. теңге, оның 23 жобасы 580 млн. теңгесі қаржы институттарынан, 13 жоба 2 млрд. 12 млн. теңгесі  өз қаржысы есебінен қаржыландырылды.

Ал,құны 24 млрд 150 млн. теңгені құрайтын 10 жоба өтпелі 2020 жылы іске асырылады деп жоспарланған.      

 

Ордабасы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Дүйсембаев Батыр Шыматович

 

8(72530) 79028

8705-894-71-81

Орынбасары Бердимуратов Нурболат Байдибекович8(72530) 79243

8-771-630-96-55

 

Back to top button
Close