МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2019

Ордабасы ауданындағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша атқарылған жұмыстар бойынша талдамалық анықтама

2019 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 49162 қызмет көрсетілген. Оның 81,6 пайызы (40115) электронды қызметтердің үлесі.

Бекітілген жоспарға сәйкес жыл қорытындысы бойынша (аудан әкімінің  24.12.2018 жылғы №100 өкімі) сәйкес 19 бақылау іс-шарасы өткізілді. Іс-шаралардың қорытындысымен жалпы 561 кемшіліктер анықталды. Бұзушылықтардың басым көпшілігі құжаттар топтамасы түгел болмаса да қызмет көрсету жағдайлары бойынша. Бақылау іс-шарасының нәтижесінде 24 қызметкерлердің тәртіптік жауапкершіліктері (оның ішінде қатаң сөгіс-1, сөгіс-11, ескерту-12) қаралды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша мекемелерге жалпы 78 ұсыным әзірленді. Бүгінгі таңда барлығы орындалды.

Аудандық ХҚКО және дербес бөлімдер тарапынан баламалы түрде көрсетілетін қызметтерді корпорация арқылы көрсету бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілуде.

Ауданда мемлекеттік қызметтерді көрсететін 9 бөлім бар (құрылыс, ішкі саясат, мәдениет, кәсіпкерлік бөлімдерінен басқа). Бүгінгі таңда, аудандық жер қатынастары, аудандық сәулет және қала құрылысы, аудандық дене шынықтыру және спорт, аудандық ТҮКШЖКжАЖ бөлімдері тарапынан көрсетілетін қызметтері 100 пайыз ХҚКО арқылы көрсетілуде.

Электронды қызметтің үлесін арттырудың негізгі шарасы – электронды үкімет порталымен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау.

Бүгінгі таңда «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет ауданда толығымен  электронды түрде жүзеге асырылуда.

Сонымен қоса, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі толығымен автоматтандырылды. Нәтижесінде тамыз айында 3750 оқушыны мектепке қабылдау sitcen.kz  порталы арқылы жүзеге асырылды.

Бұдан бөлек, 2019 жылдың 28 наурызында аудандық Қоғамдық Кеңесте аудандық Ветеринариялық қызмет мекемесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есебі тыңдалды.  Ұсынымдардың бірі-Кеңестің кезекті отырыстарында дербес бөлім басшыларымен ауыл әкімдерінің есептерін тыңдау.

Бүгінгі таңда, Ордабасы ауданында 114 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылуы ұйымдастырылды (өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бұл – халықтың электронды түрде алынатын қызметтерді ХҚКО бармай, интернетке қосылған компьютер арқылы алуға мүкіндік беретін бұрыштар). Атап айтқанда, 13 дербес бөлімде, 10 ауыл округі аппараттарында және бюджеттік  мекемелерде (мектеп, спорт мектептері, балабақша, кітапхан) 91 ашылып, оларға жауапты мамандар бекітілді.

Электронды қызмет алудың үлесін арттырудың негізгі ықпал етуші фактор – бұл халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, электронды қызмет алудың тәсілдерін түсіндіру, жәрмеңкелер өткізу. Жыл қорытындысымен жалпы түсіндіру жұмыстарында 7890 адам қамтылды.

Бұл бағыт бойынша қосымша айта кететін жағдай, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес облыс көлемінде тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін кешенді шаралар қабылданды.

Қабылданған шаралар аясында Ордабасы ауданында тұрғыдардың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша (базалық білім, E-gov, Open-gov, Е-коммерция дағдылары бойынша) ағымдағы жылдың жаз айларында (маусым-тамыз) 10 ауыл округте  1000 адамды оқыту үшін курстар өткізілді

Қазіргі таңда аудан көлемінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуды оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде мемлекеттік органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде қызмет алушыларға (оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдайдың жасалуына аса назар аударылуда) қолайлы жағдайдың жасалуы (пандус, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған белгі және шақыру батырмасы, стандарттармен регламенттердің ілінуі, күту орындарынің болуы) басты назарға алынған. Бұл бойынша барлық мекемелерге тиісті нұсқамалар жолданып, талапқа сәйкестендірілді.

Back to top button
Close