Ветеринария бөлімі

2019 жылы аудан көлемінде ауыл шаруашылығы жануарларын індетті аурулардан қорғау мақсатында эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге 190 463,0 мың теңге қаржы қаралса, энзоотиялық аурулардың алдын алуға көктемге 15 873,8 мың теңге, күзге 15987,2 мың теңге барлығы 31861,0 мың теңге қаралған.

Эпизоотияға қарсы іс-шаралары

  Жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы және профилактикасы бойынша 2019 жылға арналған ветеринариялық іс-шаралардың жоспары бекітіліп, «Ордабасы ауданының ветеринарлық қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынымен келісім шарт жасалып, эпизоотияға қарсы іс-шаралар ауыл шаруашылығы малдарын  14 түрлі (құтыру,аусыл, лептеспироз, пастереллез,сібір жарасы, эхинококкоз, күл, қарасан, оба, энтеретоксемия, эктима, туберкуллез, маңқа, құс тұмауы) індетті ауруларға егу және қан сынамаларын алып зертханаға жеткізу жұмыстары жүргізілген. Ауыл шаруашылығы жануарларын індетті ауруларға егуге қажетті биопрепараттар /вакциналар/ алынған. Биопрепараттарды сақтауға арналған тоңазытқыштармен және биопрепараттарды тасымалдауға арналған термочемодандармен қамтамасыз етілген.  79027 бас ірі қара малдан, 347719 бас уақ малдан, 108 бас жылқыдан, 303 бас түйеден, 8 бас ботадан 31 бас шошқадан, 190 бас иттен   қан сынамалары алынып  зертханаға жеткізу қорытындысы бойынша 43 бас уақ мал, 10 бас ірі қара мал  бруцеллез ауруына оң белгі беруі себепті 43 бас уақ мал 10 бас ірі қара мал Сайрам ауылында орналасқан «Замин» ЖШС фирмасына санитарлық союға тапсырылып, мал егелеріне арнайы құрылған комиссияның шешіміне сәйкес, өтемақы төлеу жұмыстары жүргізілді.

Адамдар арасында бруцеллез (сарып) ауруымен аурушаңдық 2018 жылы 14 адамды құраса, 2019 жылы 10 адамды құрам 4 жағдайға кеміген.

Энзоотияға қарсы іс-шаралары

 Ауыл шаруашылығы малдарының көктемгі және күзгі «Энзоотиялық» ауруларының алдын алу жұмыстарының кестесі бекітілген.

Аудан көлемінде көктемгі және күзгі энзоотияға қарсы іс шараларды жүргізуге  «Ордабасы ауданының ветеринарлық қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының  41 ветеринар мамандары тартылып, 39  дана ранцевті аппарат, 1 ДУК және ірі малдарды бүркуге арналған  4 дана ыңғайластырылған қондырғы  жұмыс жасады. Уақ малдарды тоғытуға арналған 29 дана мал тоғытатын хауыздар /купка/ бар. Оның ішінде 13 данасы ветеринария  бөлімінің  меншігінде болса, қалған 16 данасы мал ұстаумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың меншігінде.

Жоспарланған: Көктемгі 87202 бас ірі малдардың  /МІҚ, Жылқы, Түйе/  бүркілгені  87202 бас (100,0%), 357083 бас уақ малдардың тоғытылғаны 357083 бас (100,0%), 2040900 шаршы метр қора-жайлар мен жапсарлас аумақтардың залалсыздандырылғаны  2040900 шаршы метр (100,0%) және 768250 шаршы метр мал иірімдері  суаттар, бұталардың залалсыздандырылғаны 768250  шаршы метр (100,0%) құраса, Күзгі 88946 бас ірі малдардың  /МІҚ, Жылқы, Түйе/  бүркілгені  88946 бас (100,0%), 367795 бас уақ малдардың тоғытылғаны 367795 бас (100,0%), 2040900 шаршы метр қора-жайлар мен жапсарлас аумақтардың залалсыздандырылғаны  2040900 шаршы метр (100,0%) және 768250 шаршы метр мал иірімдері  суаттар, бұталардың залалсыздандырылғаны 768250  шаршы метр (100,0 %) орындалған.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап жою іс-шаралары

Аудан тұрғындарын құтырма ауыруынан қорғау мақсатында аудандық бюджеттен 4620,0 мың тенге қаржы қаралып «Ордабасы ауданының ветеринарлық қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен  келісім шарт жасалып, 2019 жылы Ордабасы ауданы бойынша қаңғыбас иттермен мысықтарды аулап жоюдың ауыл округтері бойынша жоспары жасалып, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап  жою жұмыстары арнайы  құрылған комиссияның қатысуымен  жүргізілген. Бүгінгі таңға  4086 бас қаңғыбас иттер мен 143 мысық ауланып  жойылып, барлығы  4229 басты  құраған.

2019 жылы жануарлардын жарақат алып медициналық көмекке жүгінгендер саны 763 адамды құрап, 2018 жылымен салыстырғанда 40 жағдайға кеміген.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру іс-шаралары

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру іс-шаралары жоспары жасалып,  бірдейлендіруге тиісті 27448 бас мүйізді ірі қара малдың 23124 басы (84,2 %), 4508 бас жылқының 4508 басы (100,0 %), 208388 бас уақ малдың 151 800 басы (72,8 %), 116 бас түйенің 116 басы (100,0%)  бірдейлендіруден өтіп, жұмыстар жүргізілуде.

Сібір жарасы ошақтары туралы

Аудан көлеміндегі барлығы 11/он бір/ дана сібір жарасы ошақтарына бетон  құйылып қоршалып, арнайы белгі қойылған. 50 шаршы метр аумақтары 3% каустикалық соданың ертіндісімен залалсыздандырылған.

Мал сою алаңдары және бекеттері

Аудандық бюджет есебінен салынған 3 дана  /«Темірлан», «Бадам» «Шұбарсу»/ жеке кәсіпкерлер есебінен салынған 3 дана /ЖК Т. Мамырайым , ЖК Жәнібек Сенбек, ЖК «Аян»/ барлығы 6 дана мал сою алаңы және 3 дана мал сою бекеті / «Бабас-Экспо» ЖШС (ЖК «М.П. Ысқақ») және «Сәтті-жол-1» АӨК/ бар.

Ветеринариялық – санитариялық бақылау туралы

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық» кодексінің 406 бабына сәйкес, құжатсыз ауыл шаруашылығы малдарын тасымалдау деректерінің анықталуына байланысты, 108 дана материал түсіп 2 895 975 теңге айыппұл салынып, 2 239 475   теңгесі өндірілген. 20 дана материал жеке тұлғалардың істі тұрғылықты жерлері бойынша қарау туралы өтініштеріне сәйкес басқа аудан қалалардың ветеринария бөлімдеріне жолданған.

 

Ветеринария бөлімінің

басшысы                                   М.Мендибаев

 

8-776-344-48-85

 

Ордабасы аудандық ветеринария  бөлімі, Сізге 2020 жылғы 28 ақпандағы «Ордабасы аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесін тарату туралы аудан әкімдігінің № 135 санды қаулысына байланысты және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 28 қазандағы №268-VI ҚР Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы №6 «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» 2001 жылғы 15 желтоқсандағы №1324 және «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомостволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» «2008 жылғы 15 сәуірдегі №339 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына, Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 05 ақпандағы «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Штаттық бірліктердің басқа мемлекеттік органға берілуіне байланысты, аудандық ветеринария бөлімнің 2020 жылдың 28 ақпанынан бастап таратылғандығын хабарлаймын.

Back to top button
Close