Ордабасы ауданы әкімі аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды

Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Е-R-4  санатына:  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

             Санаты             Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
E-R-495 245128 834

Ордабасы ауданы әкімінің аппараты.

160600 Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Т.Рысқұлов көшесі 14 үй.

Анықтама үшін  тел: 8 (725-30) 2-12-85, тел/факс 8 (725-30) 2-12-41 эл. почта Z.Syzdyk@ontustik.gov.kz

 

  1. Ордабасы аудандық экономика және қаржы бөлімінің бюджеттік жоспарлау секторының бас маманы (санаты Е-R-4), 1 бірлік.

          Функционалдық міндеттері: Ауданның түсімдері бойынша есептерін жасайды және қалыптастырады. Білім, мәдениет, спорт, коммуналдық шаруашылық, құрылыс, ветеринария салалары бойынша шығындарының жобасын қалыптастырады, жоспарлау жұмыстарын жүргізеді. Ауданның орта мерзімді жоспарын, ауданды дамыту жоспарын, экономикалық және әлеуметтік дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Білім, мәдениет, спорт, коммуналдық шаруашылық, құрылыс, ветеринария салалары бойынша бюджеттік бағдарламалардың орындалуының тиімділігіне бағалау, талдаулар жасап, ұсыныстар береді. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын білім, мәдениет, спорт, коммуналдық шаруашылық, құрылыс, ветеринария салаларына бойынша    мекемелер мен кәсіпорындардың штаттық бірліктерінің нормативке сәйкес болуын, айлық жалақының дұрыс тағайындалуына талдау жасайды. «ПАРУС-КАЗ» бюджеттік жоспарлау» бағдарламасына кірістер мен басқару     органдары, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру, саясат салалары бойынша шығындарын есептердің енгізілуін қамтамасыз етеді. Басқару органдары, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру, саясат салалары бойынша бюджеттік бағдарламалардың орындалуының тиімділігіне бағалау, талдаулар жасап, ұсыныстар береді. Аудан әкімдінінен, жоғары деңгейдегі мемлекеттік органдардан, мемлекеттік   мекемелерден және шаруашылық субъектілерден келіп түскен өз саласы бойынша ұсыныстарға, хаттарға қорытынды дайындайды.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару,  жобаны басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика), Жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика), Білім (математика, информатика), Техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру жəне басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық жəне компьютерлік модельдеу) мамандықтары.

Лауазымның нақты функционалдық бағытына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі  «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес дербес білім беру ұйымдарындағы білім, немесе шетелдік жоғары оқу орындарындағы, Республикалық комиссиямен бектілетін басымдылық берілетін мамандықтар.

 

  1. Ордабасы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы (санаты Е-R-4), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Аудан көлемінде мемлекеттік спорттық  саясатты жүзеге асырады. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы  мен басқа да жоғарғы органдардың тапсырмасы бойынша және спорттық сұраныстар бойынша мәліметтерді дайындау және қажетті ақпаратты береді. Бөлімге жүктелген міндеттердің өз уақытында және толық орындалуына жауап береді. Жеке және заңды тұлғалардан  келіп түскен өтініштермен жұмыс істейді. Лауазымының  міндеттеріне  жататын  мәселелерге  қатысты  жоғары  тұрған органдардың шешімдері мен тапсырмаларын  орындайды. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, облыстық атқарушы органға табыс етедi. Аудандық мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн ұйымдастырады. Аудандық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастырады және өткiзедi. Аудандағы білім беру мекемелерінде дене тәрбиесі және спорттық іс-шараларды өткізу бойынша аудандық білім бөлімімен өзара ұйымдық жұмыстарын жүргізеді. Мемлекеттік органның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасуды жүргiзеді. Бөлімнің  кадрлық  есебін жүргізеді.  Бөлімнің жұмысына қатысты және қызметкерлердің еңбек тәртібін сақтауда бақылау жасайды. Жеке құрам және негізгі қызметтер бойынша бұйрықтарды рәсімдейді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарын қабылдау, тіркеу және №1-ТӨ нысанды статистикалық есепті жүргізеді. Мемлекеттік қызметтің сапасымен қолайлығын бағалау, шағым қаралымын процесі мен нәтижелерін анықтайды. Бөлімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарын қарау тәртібінің сақталуын, олардың өтініштерін беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуді жүзеге асырады. Бөлімде құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық, кәмелетке  жасы толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аймақтық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім (бастапқы əскери дайындық, дене шынықтыру жəне спорт, педагогика және психология, әлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару,  жобаны басқару), Қызмет көрсету (туризм, мәдениет-тынығу жұмысы)  мамандықтары.

Лауазымның нақты функционалдық бағытына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі  «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес дербес білім беру ұйымдарындағы білім, немесе шетелдік жоғары оқу орындарындағы, Республикалық комиссиямен бектілетін басымдылық берілетін мамандықтар.

 

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға мынадай құжаттарын тапсырады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның сайтына жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.

Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: https://qov.eqov.kz

Ордабасы ауданы әкімдігінің сайты:  ordabasy.gov.kz

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан

________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

“Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________

______________________

______________________

Мекен жайы: ______________________

Байланыс телефоны: ______________________

e-mail: ______________________

ЖСН: ______________________

____________________________________

(қолы)                                     (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

3-қосымшасы

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ

ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК

КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
_______________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
_______________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный

идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1.Туған күні және жері /

Дата и место рождения

2.Ұлты (қалауы бойынша) /

Национальность (по желанию)

3.Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /

Семейное положение, наличие детей

4.Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /

Год окончания и наименование учебного заведения

5.Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

6.Шетел тілдерін білуі /

Владение иностранными языками

7.Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)

8.Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

9.Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

10.Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні / Датақызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /

должность*, место работы, местонахождение организации

қабылданған /

приема

босатылған /

увольнения

_____________________
Кандидаттың қолы /Подпись кандидата
_______________
күні / дата

* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

 

 

 

 

Back to top button
Close