19
03 / 2020

Ордабасы ауданында пандемияның алдын алу жұмыстары бойынша пресс релиз

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 вирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында бүгін аудан әкімі Ә.Өсербаевтың қатысуымен ауданда халыққа қызмет көрсететін мекемелер, дүкендер, Темірлан-Шымкент бағытында тасымалдау қызметімен айналысатын қоғамдық көліктерге дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Ғимараттан тыс ашық жерде түрлі өнімдер пісіретін дүңгіршектердің жабылатыны жөнінде ескерту жасалды. Дезинфекциялау жұмыстарын “Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау” басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімі және Ветеринария бөлімі жүргізді.

Бастамаға 90 ерікті тартылып, вирустың алдын алуға үндейтін сақтық ережелері жазылған 3000 дана парақшалар таратылып, халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарға вирустың адамдарға берілу жолдары көрсетілген 2000 дана ақпараттық жапсырмалар ілінді.

Аудан орталығында орналасқан LED – экранда короновирустан сақтанудың шаралары туралы түсірілген бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, аудандық қоғамдық ұйым белсенділерінің бастамасымен өз қаражаты есебінен аудан тұрғындарын вирусқа қарсы бетперделермен қамтуды қолға алып, бетперделер тігілуде. Қазіргі таңда аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері мен ерікті жастар бастаған топ 1500 дана бетперделер мен ақпараттық парақшаларды алдымен осал топтағы азаматтарға, көпшілікке таратып, вирустан сақтану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.