CҰРАҚ:

Саламатсызба Құрметті әкім. Мен Атамекен ЖОМ мектебіне жұмыспен қамту орталығы арқылы 2018ж іс жүргізуші болып жгмысқа орналастым. Қазіргі уақытта мұғаліммін. Орталыққа барып Дипломмен ауылға бағдарламасына қатысуға өтініш берейін десем олар қатыса алмайтынымды айтты. Себебі менің мамандығым сұранысқа ие емес екен. Қазіргі кездегі ТЖ байланысты мен құжаттарымды тапсыра аламын ба? Онлайн түрде өтініш беруге болама? Жауап беруіңізді өтінемін. Рақмет?

Жауап:

Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылының тұрғыны

Б. Мирзаяроваға

Ордабасы ауданы әкімдігі, Сіздің 03.04.2020ж Ордабасы ауданы әкімдігінің сайтына жазған мәселе бойынша  төмендегіше жауап береді.

«Дипломмен ауылға» жобасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы  «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» №72 бұйрығы қағидасы мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады делінген.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз жүзінде.

Back to top button
Close