CҰРАҚ:

Саламатсыз ба,Әріпбек Шәріпбекұлы! Мен Исмамбетова Бибит Досжановна Сізге өтініш беру себеім, Ордабасы ауданы , Бадам ауыл округі әкімшілігіне 2020 жылы 09 қаңтарда ж/т-и-1 санды тіркеумен Бадам елді мекені Бадам-Темірлан тас жолы №1 үйде орналасқан нысаналы бағыты “Сауда саттық , халыққа қызмет көрсету және ойын сауық орталығы” жер теліміме іргелес жатқан жерді көгалдандыру және автотұрақ етіп заңдастырып алуға өтініш тастаған болатынмын. Міне , 3 ай уақыттан бері нақты жауабын ала алмай отырмын. Төтенше жағдайлар басталмас бұрын өзіңіздің жеке қабылдауыңызға 2 рет жазылып сәті түспеді. Сізден осы жерді заңдастырып алуға ықпал етуіңізді сұранамын.

Жауап:

Сіздің жолдаған сауалыңыз бойынша, 05.03.2020 жылғы №ЖТ-И-158 санды бақылау тіркеу карточкасымен тіркелген өтінішіңізге аудан әкімі аппараты төмендегіше мәлімдейді.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19 бабына сәйкес, аудандық маңызы бар қалалар, кент ауыл, ауылдық округтер әкімдерінің қаланың, кенттің, ауылдық елді мекеннің шекарасы шегінде жер қатынастарын реттеу саласындағы құзіретіне жер учаскелерін жеке меншікке беруге және жер пайдалануға беру жататындығы қөрсетілгендіктен, аталмыш кодекстің талабына сәйкес Ордабасы ауданы, Бадам ауыл округі әкіміне өтініш түсіру арқылы және аудандық жер учаскесіне құқық беру комиссиясының оң қортындысын алу арқылы мемлекет тарапынан іргелес жатқан жер телімін ала алатындығы жөнінде хабарлаймыз.

Back to top button
Close