CҰРАҚ:

Саламатсызба əкім мырза!Мен Бадам ауылында тұрамын.2топ мүгедекпін.2балам бар.Бізге мүгедектерге осы карантин жағдайында қандай көмек бар.Мен Нұротанғада жаздым.Өзіңнің ауданыңа жаз деді.Бізге комуслугаға 15000тг аударылады деді.Оны қайдан білеміз?Жəне Бізбіргеміз қорынан жағдайы нашар мүгедектерге ақшалай көмек беріліп жатыр.Менің жағдайым нашар өзім жұмыс істей алмаймын.Күйеуім құрылыста істейді.Үйде жатыр біз не істейміз?көмегіңізді көрсетіңізші.

Жауап:

Сіздің, Ордабасы аудан әкімдігінің ресми сайтына жолдаған өтінішіңізге сәйкес төмендегіше хабарлаймын.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 1 сәуіріндегі  №118 бұйрығымен бекітілген «Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету қағидасының» 3 тарауы «Халықтың жекелеген санаттарына азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету тәртібіне» сәйкес төтенше жағдай кезеңінде азық-түлік-тұрмыстық жиынтық:

– барлық жастағы бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге ұсынылады.

Аталған санаттағыы азаматтардың тізімі жасақталуда.

Азық-түлік және тұрмыстық жиынтықты сатып алу үшін, Сіздің есеп шотыңызға екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қаржы аудару жүргізілетін болады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2020 жылғы   15-сәуірдегі №24-03-24/219-И шығыс хатына сәйкес, «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасын орындау шеңберінде төтенше жағдай кезеңінде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін өтеуге коммуналдық қызметті жеткізушілерге есеп шоты болған кезде коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге Бадам ауылы мен Дербес ауылының:

– барлық жастағы бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектердің тізімдері жасақталуда.

Республикалық бюджеттен қаржы қарастырылуда.

Back to top button
Close