Сұрақ

Саламатсыздар ма? Мен Фарида Амангелдиевна Ордабасы ауданы, Бадам елді-мекенінің тұрғынымын.2-топтағы мүгедек, жалғызбасты анамын.2017-і жылдан бері ЖКХ-да үй кезегінде тұрамын.Жұмыс істеуге денсаулығым жарамсыз, балам 4-жаста.Төтенше жағдай кезінде әкімдік тарапынан(азық-түлік, материалдық), көмек алған емеспін.Жалпы мені көмектен тыс қалдырады.Қазіргі жағдайда көмекке шын мұқтажбын

Жауап:

Сіздің, аудан әкімінің ресми сайтын жолдаған хатыңызға сәйкес төмендегіше мәлімдеймін.

Сіз, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 68-бабының 11-тармағында көрсетілген «толық емес отбасы» тобына жататындықтан, 27.04.2017 жылы аудандық тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізіміне тіркелгенсіз. Қазіргі таңда, «халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санатында №127 кезекте тұрғаныңызды хабарлаймын.

Сонымен қатар, Ордабасы аудандық тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімі 4 санат бойынша жүргізіліп келеді.Олар:

  • “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
  • Жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • Мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;
  • Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 68-бабына сәйкес, «Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары» санатына :

  1. 1 және 2 топтағы мүгедектер;
  2. мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
  4. жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
  5. оралмандар;
  6. экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
  7. мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
  8. толық емес отбасылар жатады.
Back to top button
Close