CҰРАҚ:

Сіздерге Төрткүл ауылынан хабарласып отырмын, шамамен бір айдай уақыт болды ауылда ауыз суымыз дұрыс ақпай отыр. Есіктің алдына еккен азын аулық бақшамыз да су болмаған соң қурап кетті. Күніне бір екі сағат ағады оның өзі шылжырап зорға ағады. Судың ақшасын айына кешіктірмей төлеудеміз, алайда соған лайықты қызмет ала алмай отырмыз. Осы мәселені шешіп беруіңізді сұранамыз!

Жауап:

Сіздің, аудан әкімінің ресми сайтына жолдаған сауалыңыз бойынша төмендегіше мәлімдеймін.

Сіздің, Төрткөл ауылында ауыз су тапшылығы орын алып отырғандығы жөніндегі көтерген мәселе бойынша «Таза су» МКК-ны директоры Н.Беделовке тапсырма берілген. Осыған орай «Таза су» МКК-ның қызметкерлері тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде.  2-3 күн көлемінде екінші су сорғы (насос) орнатылатын болады.

Ауылда тұрғындарды ағын сумен қамту толық шешілмегендіктен ауыз сумен суғару нәтижесінде ыстық маусымда ауыз су жетіспеушілік орын алуда.

 

Back to top button
Close