АУДАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы жас мемлекеттік қызметшілер арасында «Қазақстанның даму стратегиясы» атты үздік эссе байқауын жариялайды!

КОНКУРС!!!
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы жас мемлекеттік қызметшілер арасында «Қазақстанның даму стратегиясы» атты үздік эссе байқауын жариялайды!
🎯БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ – Қазақстан Республикасының әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуы бойынша мемлекет дамуының стратегиялық басымдықтарын жүзеге асыру үшін жаңа идеяларды іздестіру
🔴БАЙҚАУ КЕЛЕСІ ТАҚЫРЫПТЫҚ БАҒЫТТАР БОЙЫНША ӨТЕДІ: 🔸Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың тиімді үлгісін құру
🔸Әлеуметтік жаңғыру, демография, адами капитал, еңбек және еңбек қатынастарының нарығы саласындағы зерттеулер
🔸Мемлекеттік қызметшілердің ақпараттандырылуын кеңейту арқылы тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) индикаторларына жетуге ықпалдасу
🔴БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ:
🔹Байқауға 40 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілер қатыса алады
🔹Әрбір үміткер тек бір ғана өтініш бере алады
🔴БАЙҚАУ 3 КЕЗЕҢНЕН ТҰРАДЫ:
1️⃣аймақтық
2️⃣республикалық (эсселерді сырттай іріктеу және жеңімпаздарды жариялау);
3️⃣байқау аяқталған соң жеңімпаздар (1,2,3-орын) ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы өткізетін тренингтерге қатысып, білім алудың бірегей мүмкіндігіне ие болады.
🔴ЭССЕНІ РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ:
➡️А4 форматындағы мәтін; жол жиегі: сол жақ – 3 см, оң жақ – 1,5 см, жоғары және төменгі жақтары – 2 см, қаріп Times New Roman, шрифт – 14; аралық интервал – 1,2.
➡️Эссенің құрылымы:
– титул беті
– байқау қатысушысы туралы мәлімет
– кіріспе
– жұмыстың негізгі бөлімі
– қорытынды
-әдебиетер тізімі
➡️Эссе мемлекеттік/орыс немесе ағылшын тілде ұсынылады.
🔴ЭССЕНІ БАҒАЛАУДА ЕСКЕРІЛЕТІН КРИТЕРИЙЛЕР:
▪️тақырыптың өзектілігі
▪️эссе мазмұнының Байқау тақырыбына сәйкестік деңгейі
▪️ғылыми жаңашылдығы
▪️қойылған міндеттерді шешудегі бірегей авторлық тәсілдеме
▪️тәжірибелік бағытталуы
🔴БАЙҚАУ ҚҰЖАТТАРЫ:
1) байқауға қатысуға өтініш –электрондық нұсқа
2) word немесе pdf форматындағы эссе (әдебиеттер тізімін ескермегенде 500 сөзден аспауы тиіс)
📌Эссені k.nurbek@apa.kz электрондық поштасына жіберу қажет (байқаудың менеджері – Құралай Нұрбек).
Байқау онлайн форматта өткізіледі.
‼️Байқау онлайн форматта өткізіледі.
🔴ЭССЕНІ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ:
20.05 – 05.06.2020 дейін. Байқау нәтижесі www.apa.kz сайтында жарияланады.

Related Articles

Back to top button
Close