Ордабасы ауданы әкімі аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды Жалпы конкурсқа қатысушыларға арналған ортақ біліктілік талаптары:

E-3 санатына:  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

СанатЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
Е-3112713152035

 

Ордабасы ауданы әкімінің аппараты.

160600 Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Т.Рысқұлов көшесі 14 үй.

Анықтама үшін  тел: 8 (725-30) 2-12-85, 8 (725-30) 2-12-41 эл. почта Z.Syzdyk@ontustik.gov.kz

 

  1. Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы (санаты Е-3),  1 бірлік.

    Функционалдық міндеттері: Өз құзыретi шегiнде аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық жағынан қамтамасыз ету бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және бақылау, әрі оған басшылық жасайды.  Аудан әкімдігінің жұмыс жоспарын жүзеге асыруды, аудан әкімінің қатысуымен өтетін протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерінің нормаларын орындалуына және облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдері, тапсырамалары бойынша түзілген іс-шаралар жоспарының орындалуын үйлестіреді. Өңірде ҚР Президентінің, Парламент Мәжілісінің және облыстық, аудандық мәлихаттары депуттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу кезінде ұйымдық-үйлестіру жұмыстарын қамтамасыз етеді. Аудан және ауыл округтері әкімдерінің тұрғындар алдындағы есеп беру жиындарында түскен ұсыныс-пікірлердің іске асырылуын қадағалайды.  Аудан әкімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және ұйымдармен өзара іс-қимылын үйлестіреді. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімінің актілерін орындау мәселелері бойынша аудан әкімінің жергілікті атқарушы және өкілді органдармен өзара іс-қимылын, аудан әкімінің бақылау өкілеттіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, ауыл округтері әкімдерінің, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдерін, Қазақтан Республикасы Үкіметі қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен келіп түскен өзге де құжаттарды, әкімдік қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, тапсырамаларын орындауларына талдау жасауды ұйымдастырады. Облыс және аудан әкімі тапсырмаларының орындалуы туралы уақтылы және толық хабардар етуді жүзеге асыру кезінде атқарушылық тәртіпті нығайтуды қамтамасыз етеді. Аудан әкімдігі жұмысының регламентіне сәйкес әкімдік мәжілістерін дайындау және өткізу жөніндегі қажетті жұмыстарды жүзеге асыруды, аудан әкімдігі мәжілістерінің ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына талдау жүргізуді ұйымдастырады. Аудан әкімінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына, «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» және «Ордабасы ауданының Құрметті азаматы» атақтарына ұсыну жөніндегі қызметін қамтамасыз етеді. Аудан және ауыл округтері әкімдерінің тұрғындар алдындағы есеп беру жиындарында түскен ұсыныс-пікірлер тізбесін жинақтау және олар бойынша жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады. Аудан әкімдігінің жылдық жұмыс жоспарларын дайындауды және оның орындалуы туралы ақпараттарды жинақтауды қамтамасыз етеді. Аудан әкімінің қатысуымен өтетін протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын және бақылау өкілеттіктерін жүзеге асыруды ұйымдастырады. Аудан әкімінің және аудан әкімінің аппараты өткізетін іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім, Гуманитарлық ғылымдар, Құқық, Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, Жаратылыстану ғылымдары, Техникалық ғылымдар және технологиялар, Ауылшаруашылық ғылымдары, Қызмет көрсету, Әскери іс және қауіпсіздік мамандықтары.

Лауазымның нақты функционалдық бағытына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі  «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес дербес білім беру ұйымдарындағы білім, немесе шетелдік жоғары оқу орындарындағы, Республикалық комиссиямен бектілетін басымдылық берілетін мамандықтар.

 

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға мынадай құжаттарын тапсырады:

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы хабарландыруға қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Азаматтар қызметтік тізімнің, білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тапсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Ордабасы ауданы әкімі аппараты» ММ өтеді.

Түркістан облысында карантин режимі сақталуына байланысты конкурс қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.gov.egov.kz

Ордабасы ауданы әкімдігінің сайты: www.ordabasy.gov.kz

Back to top button
Close