CҰРАҚ:

Құрметті Нұрбол Әбдісаттарұлы,

Мен Меирбеков Бексұлтан Нұрланұлы ауыл-шаруашылық саласын дамыту мақсатында Ордабасы ауданы, Бөржар ауылдық округі, Бірлік ауылында ауыл-шаруашылық немесе басқа да мақсатта бас жоспарда қарастырылған әкімшілік тарапынан ұзақ немесе қысқа мерзімге пайдалануға берілетін бос жер учаскелері туралы ақпарат (лоттар карталарымен) беруіңізді сұраймын

Жауап:

Сіздің, Ордабасы аудандық әкімдегінің ресми сайтына жолдаған сауалыңызға төмендегідей мәлімдеймін.

Сізге, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1, 48 бабтарына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 20.12.2018 жылғы № 518 бұйрығымен бекітілген Қағидасына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер конкурс тәсілінде өткізетінін және заң талаптарына сай, конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі бұқаралық ақпарат құралдарына және аудан әкімдігінің ресми сайтына жарияланатынын хабарлаймын.

Осыған орай,  Ордабасы ауданы бойынша ағымдағы жылдың 2-ші жарты жылдығында ауданның арнайы жер қорындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне конкурс өткізу жоспарлануда.

Back to top button
Close