«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар

I.  Жалпы ережелер

  1. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыруға бағытталуы қажеттігін атап өтті.

Ауыл әкімі халықпен тікелей өзара іс-қимылда болады және байланыс орната алу қабілеті мен өзекті мәселелер бойынша уақытылы шешім қабылдай білуі оның қызметінің басты бағыты болып табылады.

Жергілікті деңгейде Әкім мемлекеттік саясатты жүргізуші және оның іс-әрекеті бойынша халықтың бойында жалпы саяси жүйенің мемлекеттік басқарудың тиімділігіне деген көзқарасын қалыптастырады.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастырудың өзектілігін ескере отырып және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы                           Қ.Е. Көшербаев бекіткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 74-тармағына сәйкес «Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өткізіледі.

1) Конкурстың мақсаты – жұмыста жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу;

  • Конкурстың міндеттері:

ауыл әкімдерінің, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру;

жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында алдыңғы қатарлы жұмыс тәжірибесін кең ауқымда насихаттау.

  1. Конкурс екі негізгі кезеңде өткізіледі:

1) I кезең – өңірлік деңгей (облыстық деңгей) өңірлік конкурстық комиссиялар өткізеді және онда Конкурстың бірінші кезеңінің жеңімпаздары анықталып, олар екінші кезеңге қатысуға ұсынылады;

2) II кезең – республикалық деңгейді республикалық конкурстық комиссия өткізеді, онда Конкурстың жеңімпаздары анықталады.

  1. Қатысушыларды бағалау үшін Конкурстың бірінші кезеңінде Өңірлік конкурстық комиссия (бұдан әрі – Өңірлік комиссия) құрылады, құрамын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тиісті аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) тиісті облыстық әкімдіктің (бұдан әрі – Әкімдік) келісуі бойынша бекітеді.

Өңірлік комиссия Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің жанында құрылады және 9 адамнан және хатшыдан тұрады.

Өңірлік комиссия мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасынан, тәуелсіз сарапшылар және өзге де тұлғалардан құрылады. Өңірлік комиссияның төрағасы Департаменттің басшысы немесе басшысының орынбасары болып табылады.

Конкурстық комиссияның төрағасы конкурстық комиссияның қызметіне басшылық жасайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады. Конкурстық  комиссияның шешімдерін қабылдау кезінде даулы мәселелер туындаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Өңірлік комиссияның отырысы комиссия құрамы мүшелерінің 2/3 кем емес бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.

Әрбір үміткер бойынша шешім Өңірлік комиссия мүшелері бағалау парағында қойған баллдарды есептеу арқылы және қатысушының рейтнгісін құрастыру арқылы қабылданады.

Отырыс қорытындысы Өңірлік комиссия Төрағасы және хатшысы қол қойған хаттамамен ресімделеді.

Өңірлік комиссия қызметінің ұйымдастырылуын сүйемелдеуді тиісті Департаменттің және Әкімдіктің қызметкерлері жүзеге асырады.

  1. Конкурс жеңімпаздарын анықтау үшін Республикалық конкурстық комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия) құрылады, оның құрамын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) анықтайды.

Республикалық комиссия 9 адамнан және Агенттіктің қызметкері болып табылатын хатшыдан тұрады.

Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, халықаралық, қоғамдық және ғылыми-білім беру ұйымдарының басшылары (өкілдері) және өзге тұлғалар кіре алады.

Республикалық комиссия қызметінің ұйымдастырылуын сүйемелдеуді Агенттіктің орталық аппаратының қызметкерлері жүзеге асырады.

Республикалық комиссияның төрағасы Агенттік төрағасының орынбасары болып табылды.

Республикалық конкурстық комиссияның төрағасы конкурс комиссиясының қызметіне басшылық жасайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады. Конкурс  комиссиясының шешімдерін қабылдау кезінде даулы мәселелер туындаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Конкурстың жеңімпаздары Республикалық комиссияның шешімі бойынша анықталады.

Комиссия шешімі комиссия Төрағасы және хатшысы қол қойған хаттамамен ресімделеді.

  1. Конкурс комиссиясының хатшысы конкурстық комиссия қызметіне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, атап айтқанда:

1) үміткерлердің құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады;

2) конкурстық комиссияның отырыстарын ұйымдастырады;

3) конкурстық комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді және Конкурс қорытындылары бойынша конкурс жеңімпазына материалдарды қалыптастырады;

4) мемлекеттік органдардың ресми сайттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру үшін конкурс нәтижелері туралы ақпарат береді.

 

  1. Конкурстың қатысушылары

 

  1. Мемлекеттік қызметте әкім лауазымында бір жылдан кем емес өтілі бар, сондай-ақ алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ ауыл әкімдеріне конкурсқа қатысуға жол беріледі.
  2. Конкурсқа қатысуға үміткерлерді ұсынуды жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, жергілікті қоғамдық ұйымдар, әкімдердің өздері жүзеге асыруы мүмкін.

 

III. Конкурсты дайындау және өткізу тәртібі

  1. Конкурс Агенттіктің, Департаменттің және Әкімдіктің интернет-ресурстарында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде оны өткізу басталғаны туралы хабарландыруды орналастырудан басталады.
  2. Агенттіктің, Департаменттің және Әкімдіктің интернет-ресурстарында конкурс туралы хабарландыру (хабарландыру 2020 жылғы 30 мамырдан кешіктірілмей орналастырылады) орналастырылған күннен бастап үш апталық мерзімде бастамашылар және өзін-өзі ұсынушылар Өңірлік комиссияға ауыл әкімдерінің келесі құжаттары мен материалдарын жолдайды:

1) осы Әдістемелік ұсынымдарға №1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) қызметтік тізім (кадр қызметімен расталған);

4) конкурс қатысушысының сауалнамасы (осы Әдістемелік ұсынымдарға №2 қосымшаға сәйкес);

5) 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері (тартылған инвестиция көлемі, құрылған жұмыс орындары, ауыл-шаруашылығы өнімдерінің көлемі, көші-қон деңгейі, қылмыстылық деңгейі және т.б.);

6) ауылдық аумақты дамыту бойынша таныстыру түріндегі (слайдтармен) жобалық жұмыс, ұзақтығы 5 минуттан аспайтын бейнеролик (ауылды, жұмыс орнын, отбасын, қызығушылығын, хобби және т.б. көрсете отырып).

 

Жобалық жұмыс ауылдың тұрақтылығын арттыру бойынша, экономикалық және әлеуметтік әсері күтілетін ұсыныстардан тұруы тиіс. Ұсыныстар нақты, дәйекті және іске асырылатын болуы қажет.

  1. Өңірлік комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде ұсынылған материалдарды толтырудың дұрыстылығына, осы Әдістемелік ұсынымдармен айқындалған критерийлерге сәйкестігіне және ұсынылған құжаттардың толықтылығына тексеру жүргізеді.
  2. Үміткерлер:

1) осы Әдістемелік ұсынымдардың 6 – тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда;

2) осы Әдістемелік ұсынымдардың 8 – тармағында көрсетілген құжаттарды толық емес түрде немесе құжаттарды қабылдауды аяқтаудың белгіленген мерзімі өткеннен соң конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

  1. Конкурсқа қатысуға үміткерлерді анықтау үшін Өңірлік конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың сауалнамаларын бағалау (осы Әдістемелік нұсқаулыққа № 3 қосымшаға сәйкес критерийлерді ескере отырып) және баллдық жүйе бойынша жобалық жұмыстарын алдын ала бағалау (осы Әдістемелік нұсқаулыққа № 4 қосымшаға сәйкес) арқылы іріктеу рәсімдерін өткізуді ұйымдастырады.

Бір ауданнан ең көп балл жинаған 3-тен көп емес ауыл әкімдері конкурсқа қатысу үшін үміткер ретінде айқындалады. Өңірлік комиссия қабылданған шешім туралы үміткерлерді хабардар етеді.

Егер үміткерлер бірдей ұпай сандарын жинаған жағдайда басымдылық күрделі жобаларды іске асырған, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген, халыққа барынша «ашық», оған қатысты азаматтардан дәйекті арыз-шағымдар түспеген немес ең аз түскен әкімдерге беріледі.

  1. Бірінші кезеңдегі іріктеу 2020 жылғы 30 маусымнан кешіктірілмей жүргізіледі.
  2. Іріктеуден өткен қатысушылар Өңірлік комиссиялардан жеке әңгімелесуден өтеді (2020 жылғы 30 шілдеден кешіктірілмей).

Сонымен қатар, үміткерлер әңгімелесу алдында келесі бағалау рәсімдерінен өтеді:

1) үміткерлердің мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтауы мәселелері бойынша әдеп жөніндегі уәкілдің сауалнамасы;

2) әкімнің халықпен кері байланыс орнатуы бойынша қызметін бағалау (жеке қабылдаулары, әлеуметтік желілердегі белсенділігі, БАҚ-тағы жарияланымдары, халықпен кездесулері, жиындары т.б.), осы бағытта қандай жетістіктерге жеткені, азаматтардың мәселелері шешілуде ме және т.б.;

3) жергілікті әкім жұмысының тиімділігіне халықтың қанағаттануын өлшеу үшін елді мекен тұрғындарының арасында сауалнама немесе онлайн дауыс беру (Осы Әдістемелік ұсынымдарға № 5 қосымшаға сәйкес әлеуметтік сауалнама немесе онлайн дауыс беру сұрақтары облыстық Әкімшіліктің ресми сайтында жариялануы тиіс);

4) «Үздік ауылы әкімі» атағына мен неге лайықпын» деген тақырыпта көлемі 3 беттен аспайтын эссе жазу. Эссе осы Әдістемелік ұсынымдарға № 6 қосымшаға сәйкес критерийлерді ескере отырып балдық жүйе бойынша бағаланады.

  1. Өңірлік комиссия әңгімелесу кезінде үміткерлердің сауалнамалық деректерін, эссе тақырыбының ашылуын, жеке жобалық жұмысындағы ұсыныстарының креативтілігін, мемлекеттік наградалары мен жариялымдарының, ғылыми атағы мен дәрежесінің бар-жоқтығын, спорттық және қоғамдық қызметін, мемлекеттік қызметшінің этикасын сақтау бойынша сауалнаманың, елді мекен тұрғындарының арасында жүргізілген сауалнама мен онлайн дауыс берудің қорытындысын назарға алады.
  2. Өңірлік комиссия жеке әңгімелесу қорытындысы бойынша әр облыстан бір үміткерден 2020 жылғы 30 шілдеден кешіктірмей, екінші кезеңге жіберілген кандидатты анықтайды.
  3. Конкурстың екінші кезеңіне өткен үміткерлердің тізімі Департаменттің және Әкімдіктің интернет-ресурстарында жарияланады.
  4. Үміткерлердің конкурстың бірінші кезеңінде ұсынған құжаттары мен материалдары, сондай-ақ Өңірлік комиссияның шешімі 2020 жылғы 15 тамызда сағат 18.30-дан кешіктірілмей Агенттікке жолданады.
  5. Республикалық комиссия үміткерлермен 2020 жылғы 20 қыркүйектен кешіктірмей әңгімелесу өткізеді, ол ауылдық округті дамыту, 5 000 000 теңгеден аспайтын бюджеті бар ауылдық елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық мәселесін шешу бойынша дербес жобалық жұмысын қорғауды білдіреді.

Республикалық конкурстық комиссияның алдында жеке жобалық жұмысты қорғау бетпе-бет (келу арқылы) немесе бейнебайланыс арқылы қашықтықтан жүзеге асырылады. Сонымен қатар, баяндамаға 5 минуттан аспайтын уақыт беріледі, осы уақыт ішінде ұсынып отырған жобаның мәні мен мақсатын, сондай-ақ жүзеге асыру кезінде туындауы мүмкін мәселелерді, жүзеге асыру кезеңдерін және күтілетін нәтижесін ашып көрсету қажет.

Бағалау критерийлері – бұл жобаны таныстыру түрінің ерекшелігі мен бірегейлігі, материалдың мазмұндылығы, қисындылғы мен дәлелділігі, сұрақтарға нақты жауап беруі, дайындалған көрнекі материалдардың сапасы мен шешендік шеберлігі.

  1. Әрбір үміткер бойынша шешім Республикалық комиссия мүшелерінің осы Әдістемелік нұсқаулықтарға № 7 қосымшаға сәйкес бағалау парақтарына қойған баллдарды есептеу арқылы, сондай-ақ іріктеудің бірінші кезеңінің көрсеткіштерін ескере отырып қабылданады.

 

ІV. Конкурстың қорытындысын шығару

  1. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша Республикалық комиссия Конкурстың нәтижесі туралы шешім қабылдап, оның үш жеңімпазын анықтайды.
  2. Жеңімпаздар «Қазақстан Республикасының үздік ауыл әкімі» дипломымен, сондай-ақ естелік сыйлықтармен марапатталады.
  3. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау уақыты мен орны туралы ақпараттандыруды Агенттік жүзеге асырады.
  4. Конкурстың қорытынды кезеңін өткізуді ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді Агенттік пен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жүзеге асырады.
  5. Облыстардың әкімдіктері республикалық конкурс жеңімпаздарының жобаларын іске асыру үшін жергілікті бюджеттен немесе демеушілердің есебінен қаржы бөлу мүмкіндіктерін қарастырады.
  6. Конкурсты ақпараттық сүйемелдеуді Әкімдіктер Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдау көрсетуімен қамтамасыз етеді.

_______________________________

 

1 қосымша

________________________
________________________

Қызметшінің лауазымы. А.Ә.Т.

________________________

 

Өтініш

Мені «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

Байқаудың шарттарымен таныстым және келісемін.

          Қосымша:

_________________                                                        _____________________

(күні)                                                                                          (қолы)

 

2 қосымша

САУАЛНАМА

 

 

 

Фотоға

арналған орын

Тегі
Аты
Әкесінің аты
Туылған күні«»19г.
Жұмыс орны
Лауазымы
Телефон
E-mail
Білімі (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы, біліктілігі)
Ғылыми дәрежесі, атағы
Мемлекеттік қызмет өтілі
Байқау жұмысы тақырыбының бағыты бойынша еңбек өтілі
Сізде мемлекеттік, ведомстволық наградалар, құрметті атақтар, дипломдар бар ма (атаңыз)
Сіз конкурс жұмысы тақырыбының бағыты бойынша семинарларға, форумдарға, конференцияларға қатыстыңыз ба (атаңыз)
Сіз конкурс жұмысы тақырыбының бағыты бойынша қосымша білім беру (біліктілігін арттыру, даярлау/қайта даярлау, тағылымдама) алдыңыз ба (оқу орны, бітірген жылы, бағағыты, мамандануы) _____________________________________________________________________
Негізгі (маңызды) ғылыми басылымдар, кітаптар, жадынамалар,
Мемлекеттік қызмет және (немесе) бағыты бойынша тақырыбына байланысты проблемалық мақалалар, (атаңыз)_______________________________________________________________
Сіз мемлекеттік қызмет мәселелері және (немесе) конкурс жұмысы тақырыбына байланысты мемлекеттік бағыты бойынша қандай жобаларға қатыстыңыз (атаңыз)
____________________________________________________________________________
Сіз мемлекеттік қызмет және (немесе) конкурс жұмысы тақырыбына байланысты мемлекеттік басқару саласында облыста енгізілген қандай ғылыми әзірлемелерге қатыстыңыз
Облыста конкурс жұмысы тақырыбына байланысты мемлекеттік қызмет және (немесе) бағыты бойынша қандай зерттеу жұмыстары жоспарланған
Мемлекеттік және шет тілдерін білу
Тәртіптік жаза қолданылғаны туралы мәлімет
Толтыру күні           Қолы
«»20ж.

Осы сауалнамада толтырылған менің деректерімді өңдеуге және сақтауға келісемін.

__________________

Қолы

 

 

3 қосымша

Конкурстың І кезеңіне  қатысушылардың сауалнамасын

бағалау критериі

 

қ/с

КритерииБағасы

(балл)

123
1.Мемлекеттік қызмет өтілі:
1 жылдан 10 жылға дейін1
10 жылдан жоғары2
2.Тілдерді білуі (еркін меңгеруі):
Мемлекеттік тілді білуі3
Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін білуі2
3.Наградасы, құрметті атағы:
ведомствалық наградасы1
мемлекеттік наградасы2
құрметті атағы2
халықаралық ұйымдардың наградасы немесе құрметті атағы2
4.Кәсіби даму талпынысы:
2 және одан көп жоғары білімі1
ғылыми дәрежесі2
ғылыми еңбегі, ашқан жаңалығы2
зерттеген немесе жүзеге асырған жобалары3
5.Мемлекеттік қызмет/басқару саласында кәсіби білімін жоғарылату деңгейі
семинарға, форумға, конференцияға қатысуы1
тағылымдамадан өтуі2
біліктілігін арттыру, кәсіби қайта даярлау курстарын оқуы2
6.Іс жүзінде қызметі:
Мемлекеттік органның қызметін немесе өз қызметінің бағытын жақсарту бойынша ұсынылған жолдар2

 

 

4 қосымша

Конкурстың І кезеңіне қатысушылардың жобалық

жұмыстарын бағалаудың критериі

 

п/п

КритерииЖоғары  баға (баллмен)
123
1.Тұрақты даму бойынша ұсыныстың ойға қонымдылығы10 дейін
2.Авторлық құқықты сақтау10 дейін
3.Идеяның креативтілігі мен ерекшелігі10 дейін
4.Күтілетін әлуметтік және экономикалық тиімділігі10 дейін
5.Идеяның заманға сай болуы10 дейін
6.Нақтылық, дәйектілік және жүзеге асу мүмкіндігі10 дейін
7.Жергілікті климаттық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени ерекшеліктерді есепке алу10 дейін
8.Материалдардың мысал негізінде болуы (аргументтің болуы)10 дейін
9.Әзірленген көрнекі материалдардың сапасы10 дейін
10.Презентацияны көрсету формасының ерекшелігі10 дейін

 

 

5 қосымша

Ауыл (ауылдық округ) әкімдерін онлайын немесе әлеуметтік саулнама

қорытындысы бойынша  бағалау критерийі

 

КритерииЖоғары баға

(баллмен)

123
1.Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі10 дейін
2.Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету және қолдау көрсету (атаулы әлеуметтік көмек, мүгедектерге, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйде қызмет көрсету, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру)10 дейін
3.Халықты жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету (қоғамдық жұмыстарды, жастар тәжірибесін ұйымдастыру және әлеуметтік жұмыс орындарын құру)10 дейін
4.Шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдесу10 дейін
5.Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары шеңберінде ауыл халқына шағын кредит беруге жәрдемдесу10 дейін
6.Коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету10 дейін
7.Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу (мектепке дейінгі мекемелермен және медициналық пункттермен, сонымен қатар мәдени ошақтармен, спорт ғимараттармен қамтамасыз ету)10 дейін
8.Аумақты абаттандырудағы стандартты емес және ерекше шешімдер10 дейін
9.Халықты сумен жабдықтауды жақсарту бойынша жұмыс және оның жағдайын бақылау10 дейін
10.Шағын сәулет нысандарының, балалар мен спорттық-ойын алаңдарының және т. б. болуы және жағдайы.10 дейін
11.Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру10 дейін
12.Халыққа арналған демалыс орындарын жабдықтау10 дейін
13.Интернет ресурспен қамтамасыз ету10 дейін
14.Елді мекенді абаттандыру, ұстау бойынша халықпен, шаруашылық субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау10 дейін
15.Салауатты өмір салтын қалыптастыру, сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу бойынша мүдделі құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау10 дейін
16.Жергілікті қоғамдастықпен өзара іс-қимыл, мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын  сақтау10 дейін
Баллдардың жиыны:

 

 

6 қосымша

Конкурстың І кезеңіне қатысушылардың эсселерін

 бағалаудың критериі

 

 

КритерииЖоғары баға (баллмен)
123
1.Ойдың нақтылығы мен ерекшелігі10 дейін
2.Қаралып отырған мәселеге ерекше көзқарас10 дейін
3.Бағалаудың объективтілігі10 дейін
4.Ұсынылған дәйектердің логикаға сай болуы10 дейін
5.Ұсынған ойлардың дәйектілігі (аргумент)10 дейін
6.Пікірдің әралуандығы және жеке көзқарас10 дейін
7.Қарастырылып отырған ұғымдардың нақты әрі толық айқындалуы, тиісті мысалдар келтіру10 дейін
8.Талдауды сауатты қолдану10 дейін
9.Ұғымдар мен құбылыстардың байланысын жалпылау үшін салыстыру әдісін сәтті пайдалану10 дейін
10.Мәтіндегі ақпараттардың дәйектілігі10 дейін

 

 

7 қосымша

Конкурстың ІІ кезеңіне қатысушылардың жеке жобалық

жұмысын бағалау критериі

 

 

КритерииЖоғары баға (балмен)
123
1.Жобада көрсетілген мәселенің өзектілігі10 дейін
2.Көтерген мәселенің мемлекеттік басқару сапасын жоғарылатудағы маңыздылығы10 дейін
3.Жобада көрсетілген мәселені шешу жаңалығы мен шығармашылық әдісі, мәселені шешу басымдықтарын орналастыру10 дейін
4.Үміткердің мәселенің мазмұнын және оның зерттеуі дәрежесін білуі10 дейін
5.Мемлекеттік органдар үшін тәжірибелік ұсынымы болуы10 дейін
6.Саланы дамытуды стратегиялық көрсетуі және оның «шағын деңгейді» білуі10 дейін
7.Іске асырылатын жобада күтілетін экономикалық тиімділік10 дейін
8.Жүзеге асырылатын жұмыс нәтижесінің дайындық  дәрежесі10 дейін
9.Сұрақтарға нақты жауап беруі10 дейін
10.Талдау мен мазмұнының шынайлығы10 дейін
11.Шешендік кәсібилігі (ораторлық деңгейі)10 дейін
12.Бірінші кезеңдегі бағалаудың нәтижесі10 дейін

 

Back to top button
Close