Ордабасы ауданы әкімі аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды

Ішкі конкурсқа қатысушыларға арналған ортақ біліктілік талаптары:

 E-3 санатына:  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

E-R-3 санатына:  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

СанатЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
Е-3112713152035
E-R-3106288142885

 

Ордабасы ауданы әкімінің аппараты.

160600 Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Т.Рысқұлов көшесі 14 үй.

Анықтама үшін  тел: 8 (725-30) 2-12-85, 8 (725-30) 2-12-41 эл. почта Z.Syzdyk@ontustik.gov.kz

  1. Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы (санаты Е-3, №05-3),  1 бірлік.

            Функционалдық міндеттері: Аудан әкімінің қызметін ұйымдық-ақпараттық тұрғысынан, оның аудан өңірлерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Аудан көлемінде ҚР Президентінің, Парламент Мәжілісінің және облыстық, аудандық мәлихаттары депуттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу кезінде ұйымдық жұмыстарын жүзеге асыру, тиісті әкімдердің сайлау комиссияларымен келісілген шешімдерімен сайлау учаскелерін құруды iске асыру мәселелерi жөнiнде өзара iс-қимыл жасау және сайлаушылардың қозғаласы жөнінде есептерді жинақтайды. Аудан көлемінде өткізілетін іс-шараларды (конференция, семинар, жиналыс, спорттық, мәдени-көпшілік іс-шаралар) және бекітілген ауыл округтеріне аудан әкімінің жұмыс сапарларын (нысандарды аралау) ұйымдастырады. Бекітілген өңірлерде әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламалары мен іс-қимыл жоспарларын, түрлі бағыттар бойынша өңірлік бағдарламаларды орындау жөніндегі істің жағдайын, аймақтардағы қоғамдық-саяси жағдайды зерттейді және аудан әкіміне ақпараттық-талдау жазбаларын дайындайды.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім, Гуманитарлық ғылымдар, Құқық, Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, Жаратылыстану ғылымдары, Техникалық ғылымдар және технологиялар, Ауылшаруашылық ғылымдары, Қызмет көрсету, Әскери іс және қауіпсіздік мамандықтары.

Лауазымның нақты функционалдық бағытына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі  «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес дербес білім беру ұйымдарындағы білім, немесе шетелдік жоғары оқу орындарындағы, Республикалық комиссиямен бекітілетін басымдылық берілетін мамандықтар.

 

  1. Түркістан облысы Ордабасы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ауыз су және энергетика секторының меңгерушісі (санаты Е-R-3), 1 бірлік.

          Функционалдық міндеттері: Өз жұмысында Қазақстан Республикасы заңдылықтарын, іс-әрекетін реттейтін нормативті құқықтық актілерді, мемлекеттік органның бұйрықтары мен өкімдерін, ішкі еңбек тәртіп ережелерін және осы Нұсқаулықты басшылыққа алады. Ауданның аумағында, табиғи газ, ауыз сумен жабдықтау, кәріз жүйелері және электр желілерімен қамтамасыз ету салаларындағы өзіне міндеттелген қызметтерді орындайды. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты құжаттарды және қабылданған бұйрықтарды “Е-қызмет” ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне енгізу және жұмысын жүргізеді. Бөлімде техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлердің кадр мәселесіне қатысты жұмыстарын еңбек заңнамаларына сәйкес жүргізеді.

           Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технология (құрылыс,  құрылыс материалдарын, бұйымдарын жəне құрастырылымдарын өндіру,  стандарттау, сертификаттау жəне метрология,  маркшейдер ісі, жылу энергетикасы, электр энергетикасы,  қоршаған ортаны қорғау жəне өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, көлік, көліктік техника және технологиялар,  машина жасау, көлік құрылысы, металлургия, Техникалық машиналар жəне жабдықтар (сала бойынша), Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару), Қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, логистика (сала бойынша)  мамандықтары.

Лауазымның нақты функционалдық бағытына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі  «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес дербес білім беру ұйымдарындағы білім, немесе шетелдік жоғары оқу орындарындағы, Республикалық комиссиямен бекітілетін басымдылық берілетін мамандықтар.

 

  1. Түркістан облысы Ордабасы аудандық экономика және қаржы бөлімінің жергілікті бюджеттің орындалуын үйлестіру, мониторинг жүргізу, есептеу және есеп беру секторының меңгерушісі (санаты Е-R-3), 1 бірлік.

    Функционалдық міндеттері: Аудандық бюджеттің орындалуының есебін жинақтайды, орындалуы жөнінде есептілікті тиісті органдарға ұсынады; жергілікті бюджеттің орындалуына, бюджеттік бағдарламалардың орындалуының тиімділігіне бағалау, талдаулар жасап, ұсыныстар береді; ауданның түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жасап, бекітуге ұсыну, өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, талдау жасайды және орындалу бойынша анықтама материалдар дайындайды; бюджет қаржысының дұрыс, үнемді және мақсатты жұмсалуы жөнінде жұмыстар жүргізеді;  инвестициялық жобалардың және бюджет қаражатының  жаратылуының мониторингін жүргізеді, олар бойынша есептілікті жасап жоғары тұрған органдарына ұсынады; «Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі», «Бюджеттік процессінің мониторингісі», «1С-бухгалтерлік есеп»   бағдарламалық өнімдермен жұмыс істеуді қамтамасыз етіп, есептіліктерін     мерзімдерінде ұсыну; аудан әкімдігінен, жоғары деңгейдегі мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелерден және шаруашылық субъектілерден келіп түскен өз саласы бойынша ұсыныстарға, хаттарға қортынды дайындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика), Жаратылыстану ғылымдары (математика) мамандықтары.

Лауазымның нақты функционалдық бағытына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі  «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес дербес білім беру ұйымдарындағы білім, немесе шетелдік жоғары оқу орындарындағы, Республикалық комиссиямен бектілетін басымдылық берілетін мамандықтар.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Ордабасы ауданы әкімі аппараты» ММ өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.gov.egov.kz

Ордабасы ауданы әкімдігінің сайты: www.ordabasy.gov.kz

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы

Нысан

 

________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін ____________ (иә/жоқ)

 

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы: __________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Байланыс телефоны: _____________________________________________

e-maіl: _________________________________________________________

ЖСН: _________________________________________________________

 

______________                                                         ______________________________
         (қолы)                                                             (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

«____»_______________ 2020 ж.

 

 

Back to top button
Close