Ордабасы ауданы әкімі аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды

Ішкі конкурсқа қатысушыларға арналған ортақ біліктілік талаптары:

 E-3 санатына:  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

               Санат              Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
Е-3  112 713152 035

 

Ордабасы ауданы әкімінің аппараты.

160600 Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Т.Рысқұлов көшесі № 14 үй.

Анықтама үшін  тел: 8 (725-30) 2-12-85, тел/факс 8 (725-30) 2-12-41 эл. почта Z.Syzdyk@ontustik.gov.kz

 

  1. Ордабасы ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы (санаты Е-3),  1 бірлік.

    Функционалдық міндеттері: Өз құзыретi шегiнде аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ұйымдық-құқықтық жағынан жағынан қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау, насихаттау және түсіндіру бойынша бөлімнің жұмысын үйлестіру және бақылау, әрі оған басшылық жасайды. Аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамалық нормалардың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.   Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау мен тіркеуді, ресми жариялануын және тіркелген актілерге мониторинг жүргізуді қадағалайды. Мемлекеттік органның құқықтық мәселелері жөніндегі құжаттарын дайындауды және «Заң деректемелер» базасын толықтыруды қамтамасыз етеді. Өз құзыретi шегiнде заң бұзушылыққа қатысты материалдар мен құқықтық мәселелерді қарау бойынша аудан әкімінің Сот, Құқық қорғау және Әділет органдарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, сондай-ақ белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық кесімдер әзірлеуі мен қабылдауының Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігін зерделейді. Мемлекеттік орган және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлейтін нормативтік құқықтық кесімдердің және заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады.  Прокуратура және басқа да құзырлы органдардан түсетін ұсыныс, наразылықтар бойынша жұмыстарды заңға сәйкес қарау және жүргізу, қолданыстағы заңнамада көрсетілген барлық процессуалдық іс-әрекеттерді жасауды жүзеге асырады. Аудан әкімінің Ішкі істер бөлімі, Прокуратура, Әділет басқармасы, Сот органдарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді және алынатын ақпарларды үйлестіреді.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының орындалуын, ақпараттық талдамалық материалдар, ұсыныстар мен шараларды дайындауды қамтамасыз етеді. Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия  жұмысын үйлестіру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг жүргізуді ұйымдастырады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес алқабилерге үміткерлер бойынша жұмыстың іске асырылуын үйлестірді. Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық, кәмелетке жасы толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссиялардың жұмысын үйлестіруді және аймақтық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Аудан әкімдігі жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесінің жұмысын іске асыруды үйлестіреді. Сотта,  сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен оның мүдделерін білдіреді.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық мамандықтары.

Лауазымның нақты функционалдық бағытына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі  «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес дербес білім беру ұйымдарындағы білім, немесе шетелдік жоғары оқу орындарындағы, Республикалық комиссиямен бектілетін басымдылық берілетін

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Ордабасы ауданы әкімі аппараты» ММ өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.gov.egov.kz

Ордабасы ауданы әкімдігінің сайты: www.ordabasy.gov.kz

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы

Нысан

 

________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін ____________ (иә/жоқ)

 

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы: __________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Байланыс телефоны: _____________________________________________

e-maіl: _________________________________________________________

ЖСН: _________________________________________________________

 

______________                                                         ______________________________
         (қолы)                                                             (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«____»_______________ 2020 ж.

Back to top button
Close